Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет60/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72
Көлденең мобильділік. 
Егер жеке тұлға не адамдардың тобы қоғамда өзінің 
жағдайын, өзінің статусына әсер етпейтіндей өзгертсе, бұл жерде көлденең 
мобильділік туралы айта аламыз. Көлденең мобильділік индивидтің не 


топтың әлеуметтік құрылымда әлеуметтік статусын өзгертпей орын 
ауыстыруына байланысты мобильділіктің төрі. Социологтар көлденең 
мобильділікке географиялық кеңістіктегі процестерді және бір топтан екінші 
топқа әлеуметтік жағдайын өзгертпей өту процестерін жатқызады. Сонымен 
әлеуметтік мобильділіктің бұл төрінде әлеуметтік топтар мен страталар 
өздерінің статусын төпкілікті өзгерте алмайды. Бірақ та жылжу барысында 
адам өзінің материалдық, әлеуметтік жағдайын өзгертуі мөмкін. 
Жағдайының жақсаруына байланысты оның әлеуметтік орны да 
өзгереді.Дегенмен ол сол өзінің тобында қала береді. Көлденең 
мобильділікте басқа да әлеуметтік процестер жөріп жатады. Мысалы, 
миграциялық процестің төрі ретінде ауыл мен қала тұрғындарының бір-
біріне өтуі де көлденең мобильділікке жатады. 
Н. Смелзер көлденең мобильділікті индивидтің статусының не өсуіне, не 
төмендеуіне алып келмейтін әлеуметтік жағдайының өзгерісі ретінде 
анықтайды, яғни көлденең мобильділікте адамның статусы сол қалыпында 
қалады. Тік мобильділікке қарағанда көлденең мобильділіктің көлемі кең. 
Егер әлеуметтік мобильділіктің деңгейі 70-80 пайыз болса, оның 70 пайызы 
көлденең мобильділік. Бұл жағдайдың себебі нақты тік не көлденең 
мобильділікке жатпайтын айқын емес сипаттағы орын ауыстырулардың 
болуы: 
1.
Қызмет, жалақы, еңбек жағдайы сияқты еңбек және экономикалық 
саладағы көрсеткіштерді әлеуметтік мобильділікті анықтауда қолдану қиын. 
2.
Көп жағдайда объективтік факторлардың, яғни адамның және оны 
қоршаған топтардың жұмыстағы және әлеуметтік-экономикалық жағдайды 
қабылдауының, оны әлеуметтік статусының өсуі не төмендеуі ретінде 
бағалауының өлкен маңызы бар. 
3.
Ішкі және сыртқы орын ауыстырулардың байланыстылығы және 
олардың әлеуметтік-психологиялық сипаты. 
4.
Жеке және топтық орын ауыстырулар. Топтық орын ауыстырулар 
әлеуметтік-экономикалық не әлеуметтік-психологиялық болады (топтық 
мінез-құлық, мода, келісім, еліктеу, қорқу.). 
5.
Бір кезектегі не өздіксіз қатынастар. 
Өрлеу және құлдырау мобильділігі. Өрлеу – адамның кәсіби және басқа да 
әлеуметтік жағдайына қарай өрлеуі, басқару баспалдағы бойынша әлеуметтік 
баспалдақтың жоғары шыңына жылжуы. 
Құлдырау – адамның әлеуметтік иерархияның төбіне төсуі, яғни адамның 
әлеуметтік статусының төмендеуі. 
Өрлеу мен құлдырау тік әлеуметтік мобильділіктің бағытын 
сипаттайды. Бұл жерде әлеуметтік мобильділіктің арақатынасы орын 
ауыстыру қадамы арқылы өлшенеді. Орын ауыстыру бір-екі қадам жоғары, 
төмен не тік және көлденең бағытта жөзеге асуы мөмкін. Өрлеу мен 
құлдыраудың арасында белгілі ассимметрия бар: 
1.
адамдардың бәрі әлеуметтік баспалдақ бойынша көтерілуге 
ұмтылады, баспалдақтың төбіне төскісі келмейді; 


2.
өрлеу адамның өзінің қалауымен, құлдырау адамды мәжбөр ету 
сипатында жөзеге асады
Өрлеу тік мобильділіктің бағыты ретінде әлеуметтік құрылымдағы төбірлі 
өзгерістерге байланысты. Ол өзгерістер тұлғаның өзгеруіне де алып келеді. 
Өрлеудің мақсаты – басқа адамдарға не әлеуметтік топқа әсер етудің өлкен 
мөмкіндіктерін жасақтау, еркіндіктің, биліктің өлкен ауқымына жету, өзінің 
әлеуметтік жағдайын жақсарту. Адамның әлеуметтік баспалдақ бойынша 
өрлеуі екі бағытта өтеді: 

индивидтің төменгі қабаттан оған қарағанда жоғары қабатқа енуі; 

жоғары қабатқа орын ауыстырған индивидтердің жаңа топты 
қалыптастыруы және әлеуметтік топтың тұтасымен жоғары қабатқа 
өтуі. 
Құлдырау екі төрлі бағытта жөзеге асырылады: 

индивидтің өзінің төпкілікті шыққан тобын бұзбастан жоғары 
әлеуметтік тұғырдан төменгі тұғырға құлдырауы; 

әлеуметтік топтың тұтас деградациясы, басқа әлеуметтік топтармен 
салыстырғанда сол топтың әлеуметтік бірлігінің бұзылуы. 
Құлдырау мобильділігінің себептері: мансаптық өсудегі шектердің, 
кедергілердің болуы; бәсеке дарындылардың өсуіне алып келеді, бұл жұмыс 
орнын толықтыру мәселесін жеңілдетеді; жұмыс орнына деген бәсеке 
жалақының өсуіне алып келмейді; алға жылжу болашағының мөмкіндігінің 
төмендігі жұмыскердің қосымша жұмыс іздеуіне алып келеді. 
Жеке және топтық мобильділік.
 
Топтық мобильділік дегеніміз нақты 
әлеуметтік топтың жағдайының өзгеруі (жалақы, бедел, білім). «Топтық 
мобильділік» деген төсінік тұтас таптың не сословиенің, стратаның 
маңыздылығы не өсетін, не төмендейтін қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерді 
сипаттайды. Сондықтан да, топтық мобильділік топтың көтерілуіне 
(төмендеуіне), циркуляциясына( жаңаруына) алып келетін терең әлеуметтік 
өзгерістерге байланысты бола отырып көрделі стратификациялық 
өзгерістерге алып келеді. Әлеуметтік орын ауыстырулар көрделі бейімделу 
процесімен, топтың әлеуметтік иерархиядағы жаңа әлеуметтік статусқа 
көтерілуімен қатар жөреді. Топтық мобильділік белгілі топтың, таптың, 
кастаның, стратаның қоғамдық маңыздылығы өскен не төмендеген жағдайда 
жөзеге асады. 
П. Сорокин ауқымды тарихи деректер негізінде көрсеткендей топтық 
мобильділіктің себептері мыналар: 

әлеуметтік революциялар; 

шетелдік интервенция

мемлекет аралық соғыстар; 

азамат соғыстары; 

әскери төңкерістер; 

саяси режимдердің ауысуы; 

ескі конституцияны жаңа конституциямен айырбастау. 

шаруалар көтерілістері. 



аристократиялық тайпалар арасындағы өзара қақтығыс; 

империя құру. 
Сонымен қатар бұл процеске стратификациялық жөйенің өзіндегі 
өзгерістер де тікелей әсер етеді. Тік топтық орын ауыстырулар экономиканы 
құрылымдық қайта құру кезінде жедел жөзеге асырылады. Жаңа беделді, 
жоғары ақы төленетін әлеуметтік топтардың пайда болуы әлеуметтік 
иерархиялық 
баспалдақпен 
бұқаралық 
жылжумен 
сәйкес 
келеді. 
Мамандықтың статусының төмендеуі, кейбір мамандықтардың жойылып 
кетуі төменге қарай құлдырауға ғана емес, маргиналдық топтардың пайда 
болуына алып келеді. Экономикалық қайта құру, дағдарыстар кезінде тек 
жеке тұлғалардың ғана емес топтың құлдырау барысындағы орын 
ауыстыруына себеп болады. Оған әсер ететін халықтың материалдық 
жағдайының төмендеуі, жұмыссыздықтың өсуі, әртөрлі кәсіби топтардың 
табыс деңгейіндегі алшақтық, кәсіпорындардың тиімсіз жұмыс атқаруы. 
Тік бағыттағы топтық орын ауыстырулар қоғамның әлеуметтік-
экономикалық құрылымындағы терең, көрделі өзгерістерге, қоғамдағы 
идеологиялық бағдардың, құндылықтар мен нормалардың өзгеруіне 
байланысты. 
Индивидтің стратификациялық жүйедегі жағдайының өзгеруі әлеуметтік 
мобильділіктің жеке түріне жатады. Н. Смелзердің айтуынша бұндай 
өзгерістер үш түрлі факторға байланысты: 
1.
тік және көлденең мобильділікке; 
2.
әлеуметтік құрылымның қайта ұйымдастырылуына; 
3.
жаңа стратификациялық жөйені енгізуге; 
Жеке мобильділік индивидтің сол уақыттағы өзі мөше әлеуметтік топтың 
жылжуына тәуелсіз әлеуметтік баспалдақ бойынша жоғары не төмен орын 
ауыстыруын сипаттайды. Жеке мобильділікке әке-шешесінің мамандығы мен 
қызметі емес, баланың оқудағы жеке жетістіктері көп әсер етеді. Индивидтің 
білімі жоғары болған сайын, оның әлеуметтік баспалдақ бойынша жоғары 
көтерілуіне мөмкіндігі мол. П. Сорокиннің мынадай тұжырымының маңызы 
әлі де сақталуда: «Көп жағдайда адамдар өзінің еңбек карьерасын әке-
шешесінің жеткен әлеуметтік деңгейінде бастайды және олардың шағын 
бөлігі ғана мәнді төрде алға жылжу мөмкіндігіне ие болады». Яғни, 
адамдардың көбі өмір бойына әлеуметтік баспалдақ бойынша бір баспалдақ 
жоғары не бір баспалдақ төмен жылжиды. Адамдардың шағын тобының ғана 
бірнеше баспадан секіруге мөмкіндігі болады. Мысалы, жұмысшы табынан 
орта 
тапқа 
американдықтардың 
10 
пайызы, 
жапондықтар 
мен 
голландықтардың 7 пайызы, ағылшындардың 9 пайызы, француздардың, 
немістердің, дачандардың 1 пайызы ғана ауыса алды. 
Жеке әлеуметтік мобильділіктің себептеріне мына факторларды 
жатқызамыз: 

отбасының әлеуметтік статусы; 

білім деңгейі; 

ұлты; 



физикалық және ой қабілеті, сыртқы сипаты; 

тәрбие; 

елді мекен; 

тиімді неке. 
Мобильді индивидтер мамандануды бір топта бастап екінші топта 
аяқтайды. Адамның жеке мобильдігінің екі түрі бар: 
1. Еркін орын ауыстыру ретіндегі мобильділік, болмаса индивидтердің 
әлеуметтік иерархия шеңберінде циркуляциясы; 
2. Құрылымдық өзгерістер әсер ететін мобильділік. (индустриалдандыру 
және демографиялық факторлар.)
 
Әлеуметтiк мобильдiлiктiң бiрi – мамандықты ауыстыруға байланысты 
жөзеге асатын кәсiби мобильдiлiк. Кәсiби мобильдiлiк деп адамның 
әлеуметтiк статусының өзгеруiне не сақталуына алып келетiн мамандықты 
өзгертудi не ауыстыруды айтамыз. Мобильдiлiктiң бұл түрi кәсiби топтағы 
сандық және сапалық өзгерiстерге, кәсiби жүйенiң қайта жаңаруына алып 
келедi. 
Батыс социологтары кәсiби мобильдiлiктi индивидтердiң тұрақты
функционалдық орындарға орналасуындағы өзгерiстер ретiнде, ал кейбiр 
ғалымдар функционалдық орынның да, индивидтердiң орналасуының да 
өзгеруi ретiнде түсiнедi. 
Кәсiби мобильдiлiктiң индикаторы ретiнде жұмыстың төрлерi және 
мамандық алынады. Сонымен қатар табыс, бедел, мамандану, т. б. белгiлердi 
де кең қолдануға болады. Немiс социологтары Ф. Фюрстенберг, К. Болтье, Х. 
Босетский, т. б. кәсiби әлеуметтiк құрылымның өзгеруiне алып келедi. 
Кәсiби мобильдiлiктiң нәтижесiнде қоғамның кәсiби, аймақтық құрылымы 
өзгередi. 
Кәсіби мобильділік кәсіби құрылым мен экономикалық құрылымның 
элементтері арасындағы сәйкестікті орнату құралы ретін де қарастырылады. 
Жұмысшылардың қозғалысы белгілі бір жұмыс көшіне деген сұранысты 
және мамандануды анықтауды, жұмысшылардың жеке сұраныстарын 
қамтамасыз етуді жөзеге асырады. Кәсіби мобильділік еңбек мамұнының 
функционалдық, сапалық өзгерістеріне, жұмыс көшінің сандық және 
сапалық сипаттамасына, мамандықтардың жойылуы мен пайда болуына 
негізделеді. Сондықтан мобильділіктің бұл түрі мамандықты, жұмысты және 
жұмысшылардың функцияларын өзгертуді қажет етеді. 
Кәсіби мобильділіктің сапалық сипаттамасы орын ауыстыру тәсілін, 
мобильділікке әртүрлі әлеуметтік институттардың, құндылықтардың, 
қоғамдық сана-сезімнің қалыптарының және уақыт шектерінің әсерін 
қамтиды. Кәсіби орын ауыстырулардың маңызды белгілері: 

кәсіби 
орын 
ауыстырулардың 
объективтік 
бағыттарының 
динамикасы, өзгергіштігі; 

кәсіби орын ауыстырушылардың негізгі құрамының тұрақсыздығы, 
икемділігі; 



адамдардың 
өмірлік 
жоспарларынан 
көрінетін 
кәсіби 
бағдарларының жылжымалылығы; 

кәсіби орын ауыстыруларды басқару құралдарын таңдаудың 
әртүрлілігі және тиімділігі. 
Кәсіби мобильділік және оның қарқыны, бағыты адамның мамандыққа 
деген қатынасына, мамандықтың беделінің өзгеруіне, жеке тұлғалық 
мотивациялық факторларға тығыз байланысты. Бұл тұрғыда мобильділіктің 
бұл түрі әлеуметтік мобильділіктің басқа түрлерімен өзара байланыста 
көрінеді. Бір кәсіби саладан екінші кәсіби салаға орын ауыстыру әлеуметтік-
экономикалық факторлардың нәтижесінде адамның өзінің қалауы бойынша 
не адамның қалауынан тыс, яғни мәжбүр ету жағдайында жүзеге асады: 
А) әртүрлі мамандықтар бойынша мамандарға деген сұраныстың 
құрылымының өзгеруі. 
Ә) экономиканың салаларын қайта құру.
Б) еңбек мазмұнының өзгеруі.
В) 
бюджеттік 
саладағы 
қаржыландырудың 
қысқаруы, 
ұйым 
жұмысшыларының өмір сөру деңгейінің көрт төмендеуі. 
Кәсіби мобильділікке қатысушы адамдар ішінде екі топты бөліп 
көрсетуге болады: 
Бірінші топқа өз еріктерімен жұмыстан кетіп, өзінің бұрынғы 
мамандығын өзгерту туралы шешім қабылдағандар жатады. 
Екінші топқа өз қызмет саласында едәуір жетістікке жеткен мамандар 
кіреді. Олар өз мамандығынан басқа мамандыққа ауысуды жоспарламайды, 
бірақ екінші мамандық бойынша білім алушылар және мамандықтың екі түрі 
бойынша да қызмет атқарушылар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет