Салькеева, А. К. и др


Жазық паралельді пластинадағы интерференция



бет11/23
Дата14.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43035
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Жазық паралельді пластинадағы интерференция
Жазық паралельді пластинадағы (пленкадағы) интерференциялық көрініс λ0 , d, n және α өлшемдерімен анықталады. Берілген λ0 , d және α сәулесінің n көлбеуіне өзінің интерференция жолағы сәйкес келеді. Бірдей бұрышпен жазық паралельді пластинкаға түсетін сәулелерді салудың нәтижесінде пайда болатын интерференциялық жолақтар тең көлбеулі жолақтар деп аталады. Егер мұндай пленкаға сфералық монохроматты толқын түссе, онда бірдей a1 бұрышпен түсетін сәулелер экранда қисық сызықты күңгірт (немесе ашық түсті) жолақ тудыратын бірдей жарықтандырылған нүктелер қатарын түзеді. Осы жолақтардың әр біреуіне белгілі бір бұрыш сәйкес келеді. Пленканың немесе пластинаның жазық паралельдігі бұзылған жағдайда тең көлбеулі жолақтар формасы бұрмаланады. Бұнымен жазық паралельді шыны пластинаның тегістік қасиетін тексергенде 0,01мкмге тең жазықпаралельдіктен ауытқу айқындалады.
Өтпелі және шағылған жарықтардың оптикалық жүріс айырмасы ажыратылғандықтан, шағылған жарықтағы интерференция максимумы өтпелі жарықтағы минимуммен сәйке келеді, және керісінше.
Айнымалы қалыңдықты пластинканың интерференциясы
Сүйір j бұрышты сәулелердің жүріс айырмасын жеткілікті дәрежеде мына формуламен нақты анықтауға болады:
,
Клиннің әр түрлі бөліктерінен шағылған сәулелердің үшін жүріс айырмасы енді бірдей емес, экранның жарықтануы біркелкі болмайды, экранда ашық және күңгірт жолақтар пайда болады. Осындай жолақтардың әр - қайсысы бірдей қалыңдықтағы клин бөліктерінің шағылуының нәтижесінде пайда болады , және оны тең қалыңдықты жолақтар деп атайды.

12-сурет
Жолақтар клин бетіне жақын жерде шектелген. Жолақтардың әр- қайсысы бірдей қалыңдықтағы пластинкадан шағылғанда пайда болады. Максимумдар күйі тең көлбеулі жолақтар үшін де тең қалыңдықты жолақтар үшін де λ тәуелді. Сондықтан күңгірт және ашық жолақтар монохроматты жарықтардың жарықтануында ғана алынады. Ақ жарықта бақылағанда бір біріне қарағанда ауытқыған, ұзындығы бірдей толқын сәулелерінен құралған және интерференциялық көрінісі кемпірқосақтық бояу қабылдайтын жолақтардың жиынтығы алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет