Саллаллаһу алейһи уә сәлләм Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын радиаллаху анху


ИСТИХАРАДАН КЕЙІН ТҮС КӨРЕДІ ДЕГЕН



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата21.10.2023
өлшемі0,52 Mb.
#120394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ИСТИХАРАДАН КЕЙІН ТҮС КӨРЕДІ ДЕГЕН 
РАС ПА?
Истихара намазын, не дұғасын оқығаннан кейін түс 
көреді, түсінде белгі береді деген сөздер хадистердің 
ешбірінде де кездеспейді. Тіпті жатар алдында оқыңдар 
деген сияқты тұспалдап айтылған сөздер де жоқ. 
Сондықтан истихара оқыған, не оқып жүрген адамның 
көрген 
түстері 
кәдімгі 
басқа 
түстер 
сияқты 
қарастырылады. 
21 
Ибн Мубарак. Зухд 
22 
Әл-Қуртуби. Әл-Жамиғу ли ахкамил Қуран


18
ИСТИХАРА ОҚЫҒАННАН КЕЙІН НЕ ІСТЕУ 
КЕРЕК?
Бұл жайында ғалымдардың пікірі бірдей емес. Бір 
ғалымдар, ешбір белгі күтпестен өзі дұрыс, дұрысырақ 
деп тапқан істі істей береді десе, енді бірі жеңіл болғанын 
істейді, себебі истихара дұғасы 
«егер қайырлы болса, 
оны маған жеңіл ет»
деген сөздерді қамтиды деген. 
Бірақ нәпсіге еріп таңдау жасаудан аулақ болу керек. Бұл 
жердегі мақсат, тағы да қайталап айтамыз қайсысы 
жақсырақ немесе қайсысы дұрысырақ екенін білу емес, 
керісінше – істі Аллаға тапсыру, жақсылықты Содан күту 
және Оған тәуекел ету... 
Істі Аллаға тапсырудың пайдасы көп! Мысалы, Жақып 
пайғамбар ең сүйікті баласы Жүсіп пайғамбардан 
айырылғанда, Жүсіп те кетті, көз де кетті, яғни ұзақ уақыт 
қатты қайғырғаннан екі көзі бірдей ағарып көрмей 
қалды. Бірақ сабыр етіп, істі Аллаға тапсырғаннан кейін 
Жүсіп те оралды, көзі де қайтадан көріп кетті. 
Бір жағынан истихара оқу арқылы біз өзіміздің 
әлсіздігімізді мойындап, Раббымызға мұқтаж екенімізді 
түсініп, Оның алдында бас иіп, құлдық ұрамыз. 
Ақиқатында әлсіз, дәрменсіз екенін түсінген адамның 
тәуекелі күшейе түсетіні анық! Ал Алла Тағала 
«тәуекел 
етушілерді жақсы көреді
23
»
. Түсіндіре кетейік, тәуекел 
ету деген – басын қатерге тігу емес! Тәуекел ету – 
23 
«Әли Имран» сүресі, 159-аят


19
қолынан келгенін істеп, істің нәтижесін Алла беретініне 
сеніп, тек Алладан ғана күту. Сондай-ақ тәуекел – адамды 
менмендіктен арылтады. 
Сондықтан истихара оқыған адам истихараның жауабы 
болады екен деп күтіп жатпастан, күнделікті тіршілігімен 
айналыса береді. Әлгі истихара оқыған шаруасын да 
ойланып, ақылдасып өзінше шеше береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет