Саллаллаһу алейһи уә сәлләм Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын радиаллаху анху



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата21.10.2023
өлшемі0,52 Mb.
#120394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ИСТИХАРА НАМАЗЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ 
ҚАНДАЙ?
Истихара намазына басқа намаздарға қойылатын 
талаптардың барлығы қойылады. Соның ішінде 
нәпіл 
намаздарды
оқуға болмайтын бес макрух уақытта оны 
да оқуға болмайды. Макрух уақыттар жайында білгіңіз 
келсе сілтемеге өтіңіз
18
:
НЕШЕ РЕТ ОҚУ КЕРЕК?
Бұл туралы хадисте анық айтылмағандықтан, ғалымдар 
әртүрлі дәлелдерге сүйеніп бірі «үш рет оқыған жақсы» 
десе, енді бірі «жеті рет оқыған жақсы» дейді. Сондықтан 
оны бір рет оқуына да, қалағанынша қайталап оқуына да 
болады. 
18 
https://youtu.be/8C942UUqGkM


15
ТЕК ДҰҒАСЫН ҒАНА ОҚЫСА БОЛА МА?
Сол сияқты истихара туралы хадистердің көбісінде 
намаз жайында сөз қозғалмағандықтан, ғалымдар, 
әсіресе асығыс кездерде тек истихара дұғасын оқумен 
ғана шектелуге болатынын айтады
19
. Ал оның ең қысқа 
үлгісі Әбу Бәкір (Р.а.) риуаят еткен мына бір түрі:
ي ِلي ْ
َت� ْخا َو ي ِلي ْر ِخ َّمُهَّللا
Аллаһумма хир ли уахтар ли
Я, Алла, маған жақсырағын нәсіп ет,
жақсырағын таңдап бер
19 
Әл-Қари. Мирқатул Мафатих


16
ҮЙЛЕНУ ҮШІН ИСТИХАРА
ОҚУҒА БОЛА МА?
Үйлену үшін истихара оқуға болады. Бірақ «үйленсем бе 
екен, жоқ па?» деп оқымайды. Себебі үйлену – онсыз да 
сүннет. Кейбіреулерге уәжіп болуы да мүмкін. Бұл жерде 
истихараны белгілі бір адамға қатысты шешім шығару
таңдау жасау үшін ғана оқиды. Оның да дұғасы 
жоғарыдағыдай. Тек шаруасын айтқан кезде үйленуге 
қатысты шаруасын айтады.
ИСТИХАРАНЫҢ ЖАУАБЫН ҚАЛАЙ БІЛЕМІЗ?
Истихара – ғайыпты білу емес! Біз үшін ненің қайырлы, 
ненің қайырсыз екені бәрібір ғайып болып қала береді. 
Ал оны оқу – істі Аллаға тапсыру, Одан бізге қайырлысын 
таңдап беруін сұрау. Өйткені, біз шын мәнінде өзімізге 
ненің жақсы, ненің жаман екенін біле бермейміз. 
Құранда:
«Қайдан білесіңдер, бәлкім, ұнатпаған 
нәрселерің түбінде өздерің үшін қайырлы 
болар. Сондай-ақ ұнатқан нәрселеріңнің 
түбінде өздерің үшін зиянды болуы бек 
мүмкін. Ақиқатын Алла біледі, сендер 
білмейсіңдер», – деп айтады
20
.
20 
«Бақара» сүресі, 216-аят


17
Сахаба Омар ибн әл-Хаттаб 
:
«Басыма жақсы көретін нәрсе келе ме, жек 
көретін нәрсе келе ме бәрібір. Себебі мен 
жақсылықтың мен жақсы көретін нәрсе де 
ме, жоқ әлде жек көретін нәрседе ме екенін 
білмеймін
21
», – деп айтады екен.
Ал әйгілі табиғин ғұлама Хасан әл-Басри де (Алла 
рахымын алсын) бір сөзінде былай деген екен: 
«Бастарыңа келген бәлекеттерді жек 
көрмеңдер. Кейде сендер ұнатпайтын 
істерде есендіктерің болуы мүмкін, сол 
сияқты сендер жақсы көретін істерде 
құрыдымдарың болыуы мүмкін
22
». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет