Сарсембаева Жанерке Пәні: Академиялық грамматика Силабус бойынша барлығы 7 моөЖ берілген, барлығын орындадым



бет22/37
Дата06.01.2022
өлшемі215,16 Kb.
#11869
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Дыбыс үндестіктері мәселелері

Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.

Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.


Мысалы:

Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.

Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.

Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:


1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған
жалғанатын қосымша да жуан болады.

Мысалы: бала – лар, жа-зу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз.


2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.
Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-іміз.

Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында -х, - қ, -ғ дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады.


Мысалы: Хат, халық, хабар, қабақ, қабық, қысым, ғалым, ғажап.
1. Соңында ь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін және – брь, ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішкелік түрде жалғанады.
Мысалы: сентябрь – ге, октябрь – ге, апрель – ге, рольдер, рояльға, нульге 2. –Рк, - нк, -ск, -кт дыбыстарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады.
Ескерту: Мына төмендегі қосымшалар өздерінен бұрынғы буынның жуан – жіңішкелігіне қарамай осы күйінде жалғанады:

- мен (-бен, - пен): қалам – мен, ағаш – пен;

- паз: әсем – паз, өнер – паз;

- қор: пәле – қор;

- қой: сән – қой;

- кер: жұмыс – кер;

- дік (-нікі, - тікі): колхоз – дікі;

- кеш: арба – кеш;

- хана: шеберхана

- күнем: пайда – күнем.

Басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің сингорманизім заңына бағынбайды. Мысалы: кі-тап-тар, пи-о-нер-лер.

Бірақ бұларға қазақ тілінің қосымшалары жалғанады.

Мысалы: депутат-тар-ға, пио-нер-лер-ге, қызмет-ші-лер-ге.

Осылармен бірге, тілімізде ерін үндестігі деген бар. Ол еріндік –о, -ө, -ұ, -ү дыбыстарынан айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады.

Оған:
1. Алғашқы буындағы –о немесе –ұ дыбыстары екінші буындағы –ы дыбысын – ұ – ға айналдырады.

Мысалы: орын – орұн, құлын – құлұн. Ал ашық дауысты –а дыбысына –о – ның да, -ұ – ның да әсері байқалмайды.

Мысалы. орақ, құлан
2. Алғашқы буындағы –о немесе –ұ дыбыстары екінші буындағы –і дыбысын – ү – ге айналдырады.

Мысалы: көрік – көрүк, күдік – күдүк


3. Алғашқы буындағы –ө немесе –ұ дыбыстары екінші буындағы –е дыбысын – ө – ге айналдырады.

Мысал: өлең - өлөң, күрек – күрөк

Мұны жинақтап, мына секілді схемамен көрсетуге болады:
1. Жуан дауыстының еріндікке алмасуы: -о - ы -ұ, - ұ - ы - ү

Мысалы: Орын – орұн, құлын – құлұн


2. Жіңішке дауыстының еріндікке алмасуы:

а) ө - і - ұ, ү - і - ү

Мысалы: көрік – қөрүк, күндік - күндүк

б) ө - ее - ө, ү - е - ө

Мысалы: өлең - өлең, күрек – күрөк

Езулік дыбыстардың еріндікке алмасуы тек қана айту нормасына жатады, жазуда оны елемейміз.

Дауыстылардың бір – бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады.

Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.


1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан.
2. Еріннің қатысы бір – бірімен өзара үндесіп айтылады.

1. Лингвальдық (латын тілінің lioguo – «тіл» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм.


Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстың әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Сингармонизм заңы бойынша түбір сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды билеп, өзінің әуеніне қарай икемдеп бағындырады. Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан болса, қосымшалардағы дауыстылар соған бағынып, жуан түрде жалғанады. М: ауыл – дар – дан.
Түбір сөздегі дауысты жіңішке болса, қосымшалардағы дауыстылар түбірдегі дауыстыға икемделіп, жіңішке түрде жалғанады. М; ел – дер – ден.

Түбірдегі дауыстылармен үндесе алмайтын бірен – саран аффикстерді (қосымшаларды) еске алмағанда, түркі тілдерінде қосымшалардың түбір сөзге бағынып жалғануы – оларға тән және қалыптасқан заңдылық.


Түрік тілдерінде қосымшасыз түбір сөздің құрамы екі – үш буыннан құралғанда, ол буындардағы дауыстылар да не бір өңкей жуан (тамыр, тоқсан), не бір өңкей жіңішке (көңіл, көлеңке) түрде келеді. Бұл айтылғандарды түркі тілдерінен байырғы лексикасына қатысты деп түсіну қажет.
Анығырақ айтқанда, біркелкі жуан буындардан немесе біркелкі жіңішке буындардан құралған сөздер көбінесе байырғы сөздер
болып табылады. Жуанды – жіңішкелі аралас буындардан құралған сөздер басқа тілдерден енген сөздердің тобына енеді. Аралас буынды сөздерге қосымшалар соңғы буынның ыңғайына икемделіп жалғанады. (кітап - қа, мұғалім – ге, антоним - дер)
Лингвальдық сингармонизм өзбек тілінен басқа түркі тілдерінің бәрінде бар. Түркі тілдерінің бәрінде бар. Түркі тілдерінің бәрінде де аффикстердің басым көпшілігі түбір сөздегі дауыстының ыңғайына (жуан немесе жіңішке болуына) қарай алғанады да, бірен – саран аффикстер ғана үндесуден сыртт қалып, бір вариантта ғана ұшырасады. Олар мыналар:

Қазақ тіліндегі – нікі, (-дікі, - тікі) аффиксі, (баланікі, әкенікі, досымдікі, қарындастікі), -паз, - қор, - кеш, - гөй, хана аффикстері (өнерпаз, білімпаз, дүниеқор, пәлеқор, ақылгөй, асхана, шеберхана).


2. Ерін үндестігі немесе лабиальдық (латын бойынша labialis «еріндік» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындар да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыстардың үндесуі бұл түрі ері үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм өзбек тілінен басқа түркі тілдерінің барлығына да бірдей тән болатын болса, лабиольдық сингармонизм, біріншіден, түркі тілдерінің әрқайсысына көріну дәрежесінің өзі әр түрлі. Атап айтқанда, ерін үндестік заңы орын тепкен түркі тілдерінде алдыңғы буынның ерін дауысты сынық соңғы буынның немесе буындардың дауыстысына еріндік болуы жағынан әсер етуі түрліше болады.
Мысалы: түркі тілдерінің кейбіреулерінде еріндіктің өзінен кейінгі езулік дауыстылардың тарапынан болса, қайсыбіреулерінде тек қысаң еріндік дауыстылардың тарапынан болады, сондай – ақ түркі тілдерінің кейбіреулерінде алдыңғы буындағы еріндік соңғы буындардағы дауыстылардың бәріне бірдей әсер етсе, енді біреулерінде тек ашық немесе қысаң езулікке әсер етеді. Еріндік дауыстының әсері буын санының мөлшеріне қарай да ажыратылады. Мысалы: түркі тілдерінің кейбіреулерінде еріндік дауыстының әсері барлық аффикстерді қамтып, сөздің өн бойына тарайтын болса, қайсыбіреулерінде сөздің негізін ғана қамтиды, енді біреулерінде аффикстердің біреуіндегі ғана дауыстыға әсер етіп, басқаларына әсер етпейді. Лабиальды сингармонизмнің табиғаты лингвальдық сингармонизмге қарағанда өте - мөте күрделі және оның сөз құрамындағы келесі буындарға әсері түркі тілдерінің әрқайсында түрлі – түрлі болады.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесін сингармониялық ғылыми бағытта бірінші болып зерттеген – А. Байтұрсынов және Х.Досмұхамедов. А. Байтұрсынов «сингармонизм» терминін қолданбаған, бірақ сингармонизм ұғымын еңбектерінде толық қамтыған, себебі қазақ тілінің дыбыс қорын, сөйлесім процесін езулік жуан, езулік жіңішке категорияларында ұғып, ғылыми ізденістер жүргізіп, классификация жасаған. Яғни, А. Байтұрсыновтың фонетикаға, графикаға, фонограмиялық, орфоэпиға арналған еңбектері езу сингармонизімінің негізінде жасалған.
А. Байтұрсынов ерін сингармонизімің негізін ғылыми ізденістер жүргізбеген, оның себебі, біздің ойымызша, ерін
сингармонизімінің қазақша сөйлесім процесінің мәні мен қызметініңәлсіздігінде, сондықтан қазақ индивидінің есту қабілетінің (фонологиялық елегінің) айқын қабылдамауында.
«Сингармонизм» терминін тіл білімінде бірінші болып қолданған Х. Досмұхамедұлы. Сингармонизмді (әлем тіл білімінде) тұңғыш болып «дауыстылар гармониясы» ұғымында емес, жалпы«дыбыстар гармонисы» ұғымында түсініліп зерттеулер жүргізілген.
А. Байтұрсынов «сингармонизм» термиін қолданбаған, бірақ қазақ тілінің әліпбиін жасағанда дыбыс жүйесін зерттегенде«сингармонизм – сөз құрамындағы барлық дыбыстардың үндестігі» ұғымында нық тұрған. Яғни, А. Байтұрсынов пен Х. Досмұхамедұлының
сингармонизмді түсінулері, қазақ дыбыс жүйесінзерттеулері бір ғылыми теорияға негізделген. Қазіргі қазақ тілі фонологиясы
А. Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедұлының сингармониялық концепцияларынан мынадай ғылыми ұғымдарды қабылдап, дамытты.
1. Сингармонизм – қазақша тілдесінің негізгі қасиеті.
2. Сингармонизм тек дауыстылар гармониясы емес, сөздің құрамындағы барлық дыбыстардың гармониясы (дауыстылардың, дауыссыздардың).
3. Жуандық – жіңішкелік корреляция (қарама - қарсы).
4. Сингармониялық дыбыс – сөз мағынасын өзгертетін тіл құралы.
5. Поэзия түсінігі (дыбыстың сөз құрамындағы орны, өзінен ілгері және кейін тұрған дыбыстармен қарым - қатынасы).
Осы фонологиялық ұғымдар қазақ тіл білімінде күрделі ғылыми интерпретацияға ие болып, т.б. сингармониялық ұғымдармен,
категориялармен, принциптермен қоса зерттеліп, сингармониялық және акцентті – фонемалық теориялардың пайда болып, қалыптасуына ғылыми негіз болды.
Сингармонизм – гректің Sun “бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.

Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.


Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша
да жуан болады.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын
қосымша да жіңішке болады.
Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында -х, - қ, -ғ дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады.
1. Соңында ь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін және – брь, ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішкелік түрде жалғанады.
2. –Рк, - нк, -ск, -кт дыбыстарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады.
Басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің сингорманизім заңына бағынбайды. Бірақ бұларға қазақ тілінің қосымшалары жалғанады.

Осылармен бірге, тілімізде ерін үндестігі деген бар.


Ол еріндік –о, -ө, -ұ, -ү дыбыстарынан айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады.
Дауыстылардың бір – бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады. Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан.
2. Еріннің қатысы бір – бірімен өзара үндесіп айтылады.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесін сингармониялық ғылыми бағытта бірінші болып зерттеген – А. Байтұрсынов.


А. Байтұрсынов «сингармонизм» терминін қолданбаған, бірақ сингармонизм ұғымын еңбектерінде толық қамтыған, себебі
қазақ тілінің дыбыс қорын, сөйлесім процесін езулік жуан, езулікжіңішке категорияларында ұғып, ғылыми ізденістер жүргізіп,
классификация жасаған. Яғни, А. Байтұрсыновтың фонетикаға, графикаға, фонограмиялық, орфоэпиға арналған еңбектері езу сингармонизімінің негізінде жасалған.
3. Екпін және интонация

Қандай тіл болмасын, оның интонациялық жүйесі белгілі бір заңдылыққа сүйенеді. Тілдің интонациясы - көп функциялы құбылыс. Әлем лингвистикасындағы басты мәселелердің бірі интонацияның сол тілдегі ерекшелігін, басты белгілерін, маңыздылығын анықтау болып табылады. Қандай сөйлем болса да, оның интонациясы, айтылу әуені болады. Сондықтан да Н.С.Трубецкой интонацияның фонемалардан ерекшелігі, оның өзіндік белгілері болатындығына назар аударған еді [1.254]. Суперсегменттік фонетика тілдің интонациялық жүйесін қарастырады. Интонация сөйлеу тілінде естілуімен қатар жазба тілде (мәтінде) де оқылады. Интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасында тығыз байланыс бар. Себебі мәтіннің интонациясын өзгертіп оқитын болсақ, оның стилистикалық реңкі де, грамматикалық мағынасы да өзгеруі мүмкін. Интонацияның тіл жүйесінде алатын орны, ерекшеліктері мен қасиеттерін анықтайтын саласы жалпы тіл білімінде интонология деп аталады. Интонологияның суперсегменттік бөлшектерін интонемалар деп атайды. Сөйлемде интонеманың атқаратын қызметі, өзіндік орны болады. Сондықтан интонема әрқашан синтагмада көрініс табады. Интонацияның негізгі қызметі 1) сөйлемнің түрлерін анықтау; 2) жеке коммуникативтік типтерін ажырату; 3) мазмұнның өзгешеліктерін ажырату; 4) мәтіндегі ерекшеліктерін көрсету; 5) әр түрлі эмоцияларда ажырату болып табылады. Интонацияның басты компоненттері әуен, негізгі тон жиілігі, интервалы, диапозон, ұзақтылық, қарқын, пауза, интенсивтілік, тембр тілдегі просодикалық әсілдер ретінде әр тілдің өзіндік интонациялық ерекшелігіне байланысты қолданысқа түседі. Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деген көзқарас бар. Сонда да фонемаға қарағанда интонеманы зерттеу кейіндеу қолға алынды.


Қазақ тіл білімінің кейінгі кезеңде әлемдік ғылым жетістіктеріне сай озық әдістемелер негізінде зерттеле бастауы жаңа ғылыми салалардың пайда болып, тың теориялық идеялардың туындауына жол ашты. Қазақ тілі дыбыс жүйесі саласындағы теориялық мәселелердің дамуы және зерттелу барысына ой жіберетін болсақ, тіліміздегі фонемалардың санын, олардың түрлі фонетикалық ерекшеліктерін зерттеуге алғашқы кезекте назар аударылды да, ал тілдің суперсегменттік деңгейін зерттеу, әсіресе, тіл жүйесіндегі интонация мәселерін зерттеу жұмыстары, кейіндеу қолға алынды.

Қазақ тіл білімінде интонация мәселелері алғаш рет Н.У. Түркбенбаевтың қазақ тіліндегі сұраулы жай сөйлемдер интонациясы туралы, қазақ және орыс тілдері фонетикасын салғастыра зерттеген еңбегінде қарастырылды. Ғалым интонациясыз сөйлем болмайтынын, сондықтан интонацияның сұраулы жай сөйлемді танытатын белгілерін көрсетеді [2]. Ә.Н. Нұрмаханованың қазақ, өзбек, қарақалпақ тілдеріндегі жай сөйлемге байланысты еңбегінде интонация мәселесіне ерекше назар аударылды [3]. Ол интонация құрамындағы болатын физикалық элементтерді (әуен, ырғақ, қарқын, іркіліс) көрсетіп, түрлі жай сөйлемдерің өзіне тән интонациясы болатынын айтады. Ғалым интонацияның негізгі бірліктері мен компоненттері, интонацияның сөйлемдегі қызметі туралы мәселелерді жай сөйлемдер грамматикалық ерекшеліктерімен байланыста қарастырған. Ж.М. Утесбаев қазақ мәтінінің интонациялық құрылымдарын көркем шығарма желісі бойынша зерттеп, мәтін лингвистикасындағы интонацияның маңызын көрсетеді. Қазақ тілінде интонация мәселелері жөніндегі алғашқы пікірлер ұшқыны А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, Н.Сауранбаев еңбектерінде де кездеседі. А. Байтұрсынов « Екпін буыны бірыңғай келетін тілдер және екпін буыны бірыңғай келмейтін» деп, интонацияға қатысы бар мәселе ретінде орыс, француз, қазақ тілі ерекшеліктерін екпінмен байланыста сөз етсе, Қ. Жұбанов интонацияны « дауыс сазы» деген атаумен атап, әр сөздің әні болатынын айтқан еді. Интонация мәселелері қазіргі қазақ тілінің синтаксисіне қатысты зерттеулерде М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р.Әміров т.б. ғалымдар еңбектерінде де сөз болады. Ғалым Р. Сыздықова қазақ тіліндегі сөздердің айтылуына ерекше мән беру қажеттігін айта келіп: «қазақ тілінде сөйлем ішіндегі сөздер дауыс ырғағы жағынан әрқайсы бөлек- бөлек айтала бермейді, көбінесе, екі- екіден немесе екі-үштен бір ырғақты топ құрап, бір екпінмен, бір деммен үндесіп, үйлесіп айтылды», - дейді [ 4.54].



Қазақ тіл білімінде интонацияны зерттеу ісін жоғары деңгейге көтеріп, өзінің мектебін қалыптастырып, шәкірттерімен бірге осы саланың берік қалыптасуына ерекше ықпал етіп жүрген ғалым З.М. Базарбаева деп білеміз. Интонация мәселелері ғалым З.М. Базарбаева тарапынан жан- жақты қарастырылып, осы саладағы зерттеулерге оң ықпал етті. Соның нәтижесінде тілімізді зерттеу аясы кеңейе түсіп, шешімін күткен кейбір мәселелерді тар шеңберде ғана қарастырмай, бір саланы екінші саламен ұштастыра зерттеуге мүмкіндік болды. Ғалым қазақ тілі интонациялық жүйесін жан- жақты, жүйелі зерттеуі нәтижесінде осы бағыттағы ғылыми зерттеулердің қарқынды жүргізілуіне оң ықпалын тигізді. Интонация теориясының негізгі мәселелері ретінде оның бірліктері, басты компоненттері, интонацияның қызметі туралы баяндап, олардың өзіндік ерекшеліктері мен ішкі заңдылықтарын көрсетіп, тіліміздегі интонацияның табиғаты мен қолданылу сипаты жөнінде жүйелі зерттеу жүргізген. Интонацияның өзіне ғана тән негізгі бірлігі (единицасы) «интонема» деп көрсетіп, «Сөйлемнің қай-қайсысы болса да, интонемасыз сомдала алмайды, олардың әрқайсының өзіне тән интонациясы бар. Сөйлемдердің қай түрінің болса да, сомдалып, аяқталып, коммуникативтік функцияға ие болып тұруында интонацияның мәні ерекше»,- дейді [5.19]. Интонема мен фонема ерекшеліктері туралы кезінде Н.С.Трубецкой «интонеманың фонемадан ерекшелігі сол, фонема үшін ештеңе білдірмейтін тыныс белгісінің мәні жоқ, ал интонема үшін мағына білдіретін арнайы белгілер қажет» деген еді [1.54]. З.М.Базарбаева қазақ тіліндегі интонация мәселелері жөнінде айтылған пікірлерге сын көзімен қарай отырып, зерттеушілер интонацияның бірліктерін белгілеуде оның сөйлемдегі қызметін негізге алатынын, екпіннің қай жерде тұратындығын, пауза арқылы бөлінетін ерекшелігін алға тартатындығын айтады. Интонацияның компоненттері (әуен, пауза, интенсивтілігі, ұзақтылық, қарқын, тембр) туралы талдау жасай келіп, өзге зертеушілер «қазақ тіліндегі ең маңызды просодикалық компоненттер деп ұзақтылықпен қатар әуенді де атайды»,- дейді [5. 47]. «Интонацияның компоненттері тілдің бәрінде қолданылатын универсалды просодикалық тәсіл болып табылады. Олар әуен, ұзақтылығы, интенсивтілік»,- дейді [5. 43]. Ғалым ритмикалық топтар арасымен олардың ішіндегі пауза туралы айтылған пікірлерге назар аударады. Интенсивтілікке әсер етуші факторлардың бірі дауысты дыбыстардың синтаксистік сегменттегі орны дейді. Тембр сөйлемнің сезімдік (эмотивтік) мазмұнын беруге қатысады, ал акустикалық деңгейде спектрге сәйкес деп біледі. Интонацияның басты функциясы сөйлемнің жалпы мағынасы мен түрлері, жеке коммуникативті дифференциялау (тема және рема), семантикалық дифференциялау, эмоциялық дифференциялау деп көрсетеді. Зерттеуші қазақ тілі сөйлемдерінің және поэзия тіліндегі интонацияның сипатын жан-жақты талдап көрсетті.

Ғалым З.М.Базарбаеваның шәкірттері қазақ тілінің функционалды стильдерін суперсегменттік фонетика тұрғысынан қарастыра бастады. Бұл зерттеулер қазақ тілі фонетикасының суперсегменттік деңгейдегі танымдық маңызын арттырып отыр. Осы орайда, қазақ тіліндегі қосқұранды құрмалас сөйлем интонациясының ерекшеліктерін, фонетика мен сөйлем арасындағы өзара сәйкестігін тауып, эксперименттік фонетикалық зерттеу жолымен жүргізілген А.М.Фазылжанованың зерттеу жұмысының маңызы зор [6]. Ал Т.Ы.Кеншинбай «Фонетика-синтаксистік бірліктер аралығының фонетикалық сипаты мен таныс белгілері» атты зерттеуінде бұған дейін тек тыныс белгілер деңгейінде ғана бір жақты сөз болып келген мәселелерді оның басты белгісі болып табылатын интонациялық рәсімделуімен байланыста қарастырып, сөйлем деңгейіндегі таныс белгілері мен синтаксистік бірліктер шегарасын анықтаудың фонетикалық қисындары мен жолдарын анықтаған. Қатар тұрған екі сөздің бір ритмикалық топ құрамындағы фонетикалық көрінісі олардың екі ритмикалық топ құрамындағы фонетикалық белгілерімен салыстырған. Ғалым сөйлемнің фонетикалық, интонациялық ерекшеліктерін айтып, оның сазын келтіріп айту мен тыныс белгілерінің бір-бірімен байланысты жақтарына назар аударады. Қазақ тілінде сөйлеудің фонетика-синтаксистік бірліктер арасындағы жағдайы бірнеше параметрде қарастырылған. Ғалым дауыс кідірісінің ұзақтығы, құрмалас сөйлемнің әр сыңырындағы сөйлеу қарқынын, сөйлеу әуенін, әр синтагмалық топтағы күшті дыбысты, күшті буынды және оның айтылу ұзақтығын т.б. мәселелерді техникалық құралдар арқылы тәжірибеде сынаған. Зерттеуде « Ақыл бітпес дәулетке, дәулет бітпес келбетке» деген сөйлемдегі «дәулетке», «келбетке» сөздерін салыстырып, қорытындысында синтагма шегарасы туралы ақпаратты ырғақты екпін түскен соңғы буын алады да, одан кейін пауза болады, ал сөйлем соңы біртіндеп айтылым күшінің әлсіреуімен сипатталады дейді [7.15]. Құрмалас сөйлемдерде синтагма арасында дыбыстардың көмескі айтылуы, түсіп қалуы сияқты фонетикалық жағдайлар болуы мүмкін екендігін айтады. «Қолы батпайды, сипап тұрғандай ғана білінеді» деген сөйлемді мысалға келтіріп, « екі синтагмада да сөз соңындағы қысаң «ы», «і» дауыстылары түсіп, ал олардың алдындағы ұяң «д» дыбысы солғынданады, ал «Көп бастар шұлғасып, көп сақалдар шошаңдасып қалды» деген сөйлемдегі «шұлғысып», «шошандалып» сөздері соңындағы «сып» буындағы «ы» қысаң дауыстысы «алғашқы синтагмада ол анық айтылса, ал екінші синтагмда күшті көмескі тартады. Бұл алғашқыда екпінсіз болады, екі синтагма арасындағы пауза ұзақтығы 250 мс»,- дейді [7.15]. Ритмикалық топқа енген « фонетикалық атаулар» деген тіркесте қатаң «қ» дыбысы ұяң «ғ» дыбысымен алмасатынын көрсетеді. Сөйлеу кезінде « ғ» мен «а» дыбысы, « несмотря на фонетическую слитность», екі буынға бөлініп, « ғ» дауыссызы күштібас дыбыс, ретінде алдындағы «а» дыбысына емес, өзінің артындағы «ы» дыбысына қабысатын болса, күшті соңғы дыбыс ретінде «ғ» дыбысынан дыбысынан бөлініп, өз алдына буын құрайды екен [7.22]. Бұл зерттеуде қазақ тіліндегі пунктуация мәселесі фонетикамен байланыста қарастырылып, оның делимитациялық, семантика-синтаксистік және интонацияның мағыналық бөлінуі, күрделі сөйлем құрамындағы фразалар қиылысындағы фонетикалық құбылыстар, тыныс белгілердің сөйлем аралық кездесер тұстары просодиялық және сегменттік деңгейде анықталған.

Қазіргі кезде суперсегменттік бірліктердің стильдік қызметін тануға мән беріліп отыр. Ә.Ж.Берікболова зерттеуінде просодикалық тәсілдердің стильжасау сипаты, функционалды стиль мәтіндерін түзудегі интонацияның қызметі, дыбысталған мәтінді жіктеудің жүйесі анықталған [8]. Ә.Ж.Берікболова еңбегінде интонация мәселелері функционалды стильдік жағынан зерттелді. Бұған дейін функционалды стильдің интонациялық құрылымы туралы сөз болмаған еді. Қазақ тіліндегі просодикалық тәсілдердің стильжасау сипаты, фоностилистика мен интонология байланысы, стиль түзудегі интонация функциялары, суперсегменттік бірліктердің стильдік қызметін таныту т.б. мәселелер қарастырылды .Зерттеуші әр стильдегі мәтіндердің өзіндік айтылу сарынын, дыбысталуындағы, интонациялық ұйымдасуындағы өзіндік ерекшеліктерін анықтауға болатынын дәлелдейді. Ғалым әр стильдің өзіне тән интонациялық сипатын көрсете келіп, “Тыңдау арқылы мәтіннің стильдік сипатын ажыратуға болатынын” дәлелдейді [9.23]. Зерттеуде интонеманың позициясы, қарқынның стиль түзудегі қызметі, әуен мен үдемеліктің ерекшеліктері анықталып, қазақ тілі функционалды стиль мәтіндеріндегі просодикалық тәсілдердің қолданылу көрінісі жан-жақты көрсетілді.



Тіл - қоғамдық құбылыс. Қоғам дамыған сайын тілдің де коммуникативтік қызметі артып, таным көкжиегінің кеңеюіне алып келсе, ғылым да, оны зерттеу мәселесі де жаңа ортаға бет бұрып, дамып келеді. Қазіргі тілтанымның негізгі бағыттарының бірі тілдік құбылысты тек белгілі тар шеңберде қамап ұстамай, әлеуметтік ортада қолданылатын қарым- қатынас құралы ретінде басқа салалармен байланыстыра зерттеуге назар аудара бастады. Соңғы кезеңде қазақ тіл білімінде дыбыстық деңгейдегі сегментті бірліктердің функционалдық-стильдік жұмсалымын, олардың сөйлеу стиліндегі қызметі мен дыбыстардың модификациялануының көркем мәтіндегі қызметін зерттеу барысында фонология мен стилистиканы байланыстыратын фоностилистика саласы қалыптаса бастады. Ж.А.Исаева «Қазіргі қазақ тіліндегі сегментті бірліктердің фоностилистикасы» атты зерттеуінде сөз құрамындағы дыбыстардың өзгерісін стилистикамен байланыста қарастырып, фоностилистика, фоника, фоностилистикалық қабат, лобиализация, гиперлингвализация, дыбыстардың созылыңқылығы т.б. мәселелерді тіл дыбыстарының көркем мәтінде, ауызекі сөйлеуде т.б. стильдік қабаттардағы қолданысын теориялық жағынан жүйелі талдады [9]. Әлемдік линвистикада фоностилистика дыбыстық деңгейдегі тілдік құралдарды функционалдық ыңғайта қарау нәтижесінде ғылыми сала ретінде қалыптаса бастаған болса, бұл жаңа бағыттағы зерттеу Ж.А. Исаева еңбегінде қазақ тілі материалы негізінде қарастырылды. Орыс тіл білімінде фоностилистика мәселелері Л.В. Щерба, Р.М. Аванесов, М.В. Панов, М.А. Соколова т.б. еңбектерінде сөз болған болса, қазақ тілтанымында М. Балақаев, М. Томанов, Е. Жанпейсов, Б. Манасбаев сияқты ғалымдардың бірлескен «Стилистикасында» алғашқы пікір айтылды. «Фонетика тілдегі дыбыстардың жасалуын, жүйеленуін зерттесе, стилистика дыбыстарды, оларға тән белгі, интонация, қайталау, дыбыс үйлесімділігі сияқты фонетикалық ерекшеліктерді белгілі мақсатқа икемдеп, қайткенде мәнерлі құрал ретінде пайдалану жағын көздейді»,- деген анықтама берілген [10.8]. Қарым - қатынас жасау аясы мен ситуация ауызша сөйлеудің функционалды түрлерін ажырататын негізгі параметрлер болса, қазіргі қазақ әдеби тіліндегі сөйлеу түрлері әдеби сөйлеу тілі, ауызекі сөйлеу тілі деп қарастырылып жүр. Осы сөйлеу стильдерінде орфоэпиялық талаптың орындалуы, сөз шегіндегі, сөз ішіндегі дыбыстардың жағдайы т.б. мәселелер фоностилистика нысаны болып табылады. Ғалым салтанатты сөйлеу стилі, тиянақты сөйлеу стилі, ресми сөйлеу стилі, сөйлеу стилінің бейресми түрі, ресми сипаты басым ауызекі сөйлеу стильдері туралы баяндап, әр стильге тән фонетикалық ерекшеліктерді көрсетеді. Көркем шығарма тілінде дыбыстардың стилистикалық қызметі 1) айтылған жайға, суреттелген құбылыс немесе сипатталушы кейіпкерге қатысты авторлық қолданыстағы түрленімі; 2) әлеуметтік және индивуалдық сипаттағы кейіпкер тілі, оның ерекше сөйлеу машығы; 3) дыбыстардың шығарма тіліндегі поэтикалық қызметі деп үш топқа бөліп қарастырған [10.20]. Фонетиканың мәтіндік шеңбердегі дыбыстық құрылымдардың стильдік тезге түскен қалпын зерттейтінін айтып, зерттеуші дыбыстардың созылыққылығы, өлең мәтінінің фонетикасы, дыбыстық қайталау, фонетикалық қабат т.б. мәселелер жөнінде нақты талдау жасаған. Мысалы, дыбыс созылыққылығы арқылы жазушы кейіпкердің болған жайға қатынасын көрсете отырып, оның характерін ашуға талаптанатынын, адамның психологиялық жағдайына байланыста белгілі бір сөзді немесе дыбысты созып айту сөйлеу тілінде болып отыратын құбылыс екендігін айтып, осы жағдайды көркем мәтіннен алынған мысалдар арқылы дәлелдейді. Автор «тілдің функционалды- стилистикалық мүмкіндіктерін фонетика деңгейінде тексеретін ғылым фоностилистика деп аталады» деп анықтама беріп, осы саланың қазақ тіл білімінде зерттелуі кенже қалып келгендігін айтады. Сөйтіп, ғалым фоностилистиканың әлемдік лингвистикада, орыс және түркі тіл біліміндегі зерттелу тарихы мен қазіргі қарастырылу жайына шолу жасай отырып, негізгі теориялық және әдістемелік ұстанымдарды, қазақ тіл біліміндегі фоностилистика қарастыратын басты нысандарды, сөйлеу стиліндегі сегментті бірліктердің қолданасын т.б. мәселерді баяндаған.

Қорыта айтқанда, қазіргі таңда қазақ тіл білімінде суперсегментті фонетика саласындағы ғылыми жетістіктеріміз қазақ тілін одан әрі заман талабына сай зерттеуге ерекше үлес қосып отыр.


4 МОӨЖ тақырыбы: Лексикология



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет