Сарсембаева Жанерке Пәні: Академиялық грамматика Силабус бойынша барлығы 7 моөЖ берілген, барлығын орындадым



бет32/37
Дата06.01.2022
өлшемі215,16 Kb.
#11869
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
1. Сөздің морфологиялық құрылымы.

1.1. Түбір морфема және сөздің негізі.


Грамматика саласындағы ең маңызды мәселелердің бірі - сөздің морфологиялық құрылымы. Сөздің морфологиялық құрылымын дұрыс талдау жасау үшін ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын-ала айқындап алу қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түрлері түбір морфема (немесе негіз морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфема) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді. (Аханов, 1978,271-6.).

Сөздің құрамындағы морфемалар білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметі жағынан және түрған орнына қарай біркелкі болмайды. Мысалы, сүйемін және тілін деген сөздердегі сүй, тіл және е, мін, і, н, морфемаларын салыстырайық. Сүй, тіл бөліктері сөздегі негізгі лексикалық мағынаны, сол арқылы сөздің қандай тұлғада айтылса да жалпы грамматикалық мағынасын білдіреді, басқа түрлі мағыналы сөз жасауға ұйытқы бола алады және басқа формалар бұларға келіп жалғанады. Ал е, мін, і, н морфемалары жеке тұрып ешбір мән-мағына бере алмайды. Тек алғашқы морфемаларға қосылғанда ғана барып оған әр түрлі грамматикалық мағына үстейді және сол алғашқы морфеманың сыртқы дыбыстық ерекшелігіне байланысты кұбылып, өзгеріп те отырады. Айтамын, басын дегендердегі а, ы морфемаларынан сүйемін, тілін дегендегі е, і морфемаларының мағыналық қызметінен ешбір айырмашылығы жоқ, айырмашылық тек дыбыстық жағында, яғни бұлар бір қосымшаның жуан және жіңішке нұсқасы болып табылады.


Міне, осындай жақтары мен ерекшеліктерін ескере келгенде, морфема атауы екі түрге бөлініп қаралып жүр: түбір морфема және қосымша морфема.
Оқы, оқы және оқы. Кел балалар оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық. Оқушылардың көбі жақсы оқиды деген сөйлемдердегі оқумен байланысты сөздер мынадай морфемаларға бөлінеді: оқы, бұйрық райдың жекеше 2-жақ анайы нөлдік тұлғасы, лық, ған, ды, у, шу, лар, дың, й, ды. Осындағы оқы - түбір морфема. Бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы тұлғасы - сен оқы - бұдан бөлек, лар түбір мен нөлдік тұлғадан тұратын сөз формалары. Сөйлемде оқы және кел деген етістіктер түбір күйінде емес бұйрық рай тұлғасында қолданылған, ал түбірі - бұйрық мағынасыз қимылды ғана білдіретін етістік. Бұл сөйлемдердегі кел, бала, көңіл, ықылас, тоқы, көп, жақсы дегендер де осы сияқты түбір морфемалар, өйткені оларды бүгінгі тіл даму тұрғысынан әрі қарай бұдан кіші морфологиялық бөлшектерге бөлуге болмайды және осы бөлшектер негізінде құралатын сөздердің негізгі мағынасын білдіріп тұрады. Демек, түбір морфема құрылысы жағынан да, мағынасы жағынан да сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі, негізі. Түбір морфема жаңа сөз жасаудың ұйтқысы болып табылады. Түбір сырлас дегенге сыр деген сөздер негіз болған. Сондықтан да бұлардың әрқайсысында да негіз болған сөздермен мағыналық байланыс, жақындық көрініп тұр. Негіз сөздің мағынасынан туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады, өйткені негіз сөздің мағынасына жұрнақтың мағынасы қосылады. Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Бұл екі морфема -туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз қандай түбір болса да жаңа сөз болсын оның мағынасы түбір морфема білдіретін мағынамен байланысты, соған қатысты болып отырады. Түбір морфема қазақ тілінде әдетте сөздің бас позициясында болады. Қазақ тілінде префис деген тұлға жоқ, бірақ беймаза, бетбақ, бейқам. бейкүнә, наразы, нақұрыс т.б. сияқты иран тілдерінен енген сөздердегі бей (би), на қазақ тілінде сол күйінде қолданылады.
Міне осындай ерекшеліктердің негізінде кейде түбір морфема мен сөз сәйкес келе береді. Ал осы түбір морфемаларсыз қосымша морфемалар өз алдына біреуі болсын, бірнешеуі болсын я жеке тұрып ешбір мағына бере алмайды, немесе өз бетімен қолданылмайды: ойла, ойлы, тасты, тастардың, үйшік сияқты сөздердің ла, лы, ты, тардың, шік дегенде ешбір мән жоқ. Осы жағынан карағанда түбір морфемалар ең негізгі морфемалар болып саналады. Олар жеке тұрып-ақ белгілі бір мағына бере алатындықтан, ешбір қосымша морфемаларсыз-ақ кейде сөйлеу процесінде (сөйлем ішінде) қолданыла береді, белгілі синтаксистік қызмет те атқара алады. Бірақ бұл жерде мына мәселені ескерген жөн. Грамматикалық тұлғалары мол, әсіресе байланыстырушы тұлғаларға бай сөз таптары – зат есім мен етістік. Ал сөз байланыстырушы, сөз түрлендіруші парадигмалық жүйелері жоқ немесе дамымаған сөз таптары сөйлеу процесінде (түбір тұлғаларында) қолданыла береді. Мысалы, сын есім, сан есім, үстеулер көбіне түбір тұлғасында жұмсалады. (Тіпті туынды түбір тұлғасында болса да). Мысалы: Арқаның Көкшетауы (С.С.). Ерте туып, кеш қалып сияқты сөйлемдерден кербез, сұлу сын есім, ерте, кеш үстеуі өздері қатысты (анықтап, пысықтап тұрған) сөздермен (Көкшетау, ерте, тұрып, қалған)

түбір тұлғада тікелей орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан. Ал зат есім мен етістік түбірлердің жайы басқаша. Зат есім сөйлемде таза заттық мағынада (заттың аты мәнінде) түбір тұлғада қолданылмайды, өзі тіркескен екінші бір зат есіммен (тас жол, ағаш үй) тіркесіп, оның сындық сипатын, көмекші етістікпен, септеулік шылаулармен тіркесіп, заттың қимылға ауысу процесін (мысалы, дос болу, сөз етті, әңгіме қылды т.б.) сондай-ақ мақсаттық, себептік, мекен-мезгілдік т.б. мәндерді (мысалы ауыл сайын, бала үшін, радио арқылы т.б.) білдіреді. Зат есім сөйлемде басқа сөздермен септік, тәуелдік белгілі жағдайда ғана жіктік жалғау тұлғаларында тұрып грамматикалық байланысқа түсе алады. Ал етістік түбір, жоғарыда көрсетілгендей, тікелей жіктелмейді, таза грамматикалық (рай, шақ) тұлғалары үстеліп барып жіктеледі, сондықтан түбір тұлғасында басқа сөздермен тікелей грамматикалық байланысқа түсе алмай, сол түбір күйінде сөйлемде қолданыла алмайды. Түбір морфеманың осындай ерекшелігі сөз табына қатысты болуы олардың грамматикалық сипатының бір көрінісі болып табылады. (Исаев, 1998, 210-6.).


Түбір морфема дара түрде де, қосымша морфеманы жалғап та жұмсала береді. Осымен бірге түбір морфемалар қайталанып (қора-қора қой, мая-мая шөп), қосарланып (аяқ-табақ, жол-жоба), бірігіп те (желбау, ашудас бір-бірімен тіркесу арқылы күрделеніп те он жеті, қара торы, тас бақа, темір жол) жеке сөз ретінде қолданыла береді және оларға тілдің құрылымдық заңы шеңберінде қажетінше қосымша морфема үстемелей алады.
Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. Морфемаларлың ішінде негізгі лексикалық мағына білдіретіндері, де грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Мысалы, көнімшіл деген сөздің құрамындағы көн морфемасы негізгі лексикалық мағынаны білдірсе, -ім, және -шіл морфемалары лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді.

Лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады. Кейде көмекші морфема деп те аталады. Лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема деп аталса, грамматикалық мағына білдіретін аффикстік морфема деп аталады.

Түбір морфема сөздің әр-түрлі лексика-грамматикалық топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, бас морфемасы бастық, басшы, баспалдақ, баспа деген зат есімдердің де басты, бассыз деген етістіктердің де түбірі болып саналады.
Түбір морфема - сөздің қандай лексика-грамматикалық топқа (қай сөз табына) жататындығына қарамастан олардың бәріне бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ, баршасына бірдей негізгі ұйытқы болатын әлемент. Түбір морфема сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін және негізгі лексикалық мағынаны білдіретін түп бөлшегі болса, негіз әдетте, түбір мен жұрнақгың қосындысынан да жасалады. Мысалы: малшы, достық, таулы, бағала. (Аханов, 1978,273-6.).

Ал негіздің (основа) түбірден айырмашылығы сол, ол сөздердің әр түрлі лексика-грамматикалық тобының формаларына ортақ болып келеді. Мысалы, бас морфемасы жоғарыда аты аталған зат есімдердің де, сын есімдердің де, етістіктердің де - бәріне бірдей ұйытқы, бірдей ортақ түбір болса, бастықтар, бастыққа, бастықтан, бастығың, бастығы деген зат есімдер табына енетін сөздердің формаларына ортақ негіз - бастық. Ал man, тағалы, таған, бастайтыны деген етістіктердің формаларының бәріне ортақ негіз - баста. Ал басқара басқарып, басқарған, басқалар, басқаратын деген етістік формаларының негізі басқар болып саналады. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: Түбір морфема - сөздердің қандай лексика-грамматикалық топқа жататындығына қарамастан, олардың бәріне бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ, баршасына бірдей негізгі ұйытқы болатын әлемент те, негіз - белгілі бір лексика-грамматикалық топқа (сөз табына) қатысты бір сөздің әр түрлі формаларының бәріне бірдей ортақ ұйытқысы. Негіз бір ғана морфологиялық әлемент - таза түбірден де құралуы мүмкін. Мұндайда, жоғарыда аталып өткеніндей, түбір мен негіз, сөз бен түбір немесе негіз бен сөз тәрізді единицалар бір-бірімен сәйкес келеді. Мысалы, от, өт, бел, без, жер, жел, mac, жаз, ай, күн т.б.



  1. Сөз таптарының морфологиялық құрамы, олардың мектеп грамматикалары мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдары және ғылыми грамматикаларда берілуінің мазмұны мен көлеміне талдау жасау

Сөздің морфологиялық құрылымы. Адам санасында түйінделген ұғымдар сөзбен белгіленгенімен, органикалық бірлікте емес. Сол себептен әр халықтың тілі әр басқа. Әр тіл өзінің ішкі дамуына сәйкес әр алуан өзгеріске түсіп, тілдің грамматикалық құрылысы қалыптасады. Сөз және сөздің грамматикалық құрылымы туралы анықтама беру үшін, басқа тілдерде қолданылатын кейбір грамматикалық терминдерді қолданбас бұрын, тілдік материал негізінде анықтап алу қажет.
Сөздердің грамматикалық құрылымын қарастырмас бұрын, «сөз» дегеніміз не және ол қандай тұлғаларға бөлінеді деген мәселеге тоқталады. Сөзге анықтама берудің әртүрлілігі қай ғалымның қандай тілді зерттеп, қай тұрғыдан айтқан пікіріне байланысты әртүрлі болып келе береді. Сол сияқты түркі тілдерін зерттеуші мамандар тарапынан сөзге берілген анықтамалар ішінде де айырмашылықтар кездесіп отырады. Оған Н.А.Баскаков (1963), Э.В.Севортян (1971) берген анықтамаларды, сондай-ақ белгілі қазақ ғалымы Н.Сауранбаев дәлелдемелерін келтіруге болады. Тілші-ғалым Ы.Мамановтың сөз, морфема туралы пікірі жоғарыда айтылған анықтамалардан басқаша. «Қазіргі қазақ тілі» еңбегі мен «Сөз, морфема, қосымша туралы түсінік» атты мақаласында түбір сөз бен түбір морфеманың өзіндік айырмашылықтарын ғылыми негізде сипаттап көрсетеді [1, 18-20 б.], [2, 6-8 б.].
Белгілі лингвист ғалымдардың «морфема тілде дербес қолданылмайтын, тек сөз құрамында қолданылатын сөз бөлігі» дейтін анықтаманың флективті тілдерге бірдей ортақ қағида екендігіне назар аударады.
Орыс тілі – флектив (жүйелі) тіл, ал қазақ тілі – аглютинативтік (жалғамалы) тіл. Орыс тілінің сөздік құрамына енетін атауыш сөздер лексика-грамматикалық формалар (словоформа), яғни орыс тіліндегі сөздер түбір сөз және сөздің грамматикалық формалары деп екі топқа бөлінбейді. Ы.Е.Мамановтың көрсетуінше, қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздерді, орыс тілінің үлгісімен механикалық түрде, морфемаға жатқызу дұрыс емес. Орыс тілінде түбір сөз (корень) дербес сөз емес, ол – «сөз мұқылы» ғана. Орыс тілінде сөз бөлшектеріне бөлінбейтін мужской род формасындағы зат есімдер ғана. Олар грамматикалық формалармен түрленгенде, қазақ тіліндегі түбір сөздер тәрізді өзінің бастапқы қалпын сақтайды. Бірақ бұлар зат есімнің мужской родын білдіретін грамматикалық форма болып саналады. Ал, қазақ тіліндегі түбір сөздер грамматикалық форма емес, олар сөз таптарының форма тудырушы қосымшаларымен түрленгенде ғана грамматикалық формаға енеді [1, 8 б.] .
Грамматикалық құбылыстар жөнінде пікір алалығы түркі тілдерін зерттеушілер арасында жиі кездеседі. Осымен байланысты форма тудырушы қосымшалар мен жалғауларға берілген түсініктемелер әлі де жеткіліксіз бе деген ойға саяды. Сөйтіп, қазақ тіліндегі қосымшаларды тілдік материалға сәйкес, тілдің аглютинативті табиғатына сүйенген ғалым Ы.Е.Маманов сөз тудырушы және форма тудырушы деп екі топқа бөліп қарау арқылы ғана сөздің морфологиялық құрылымын лингвистикалық тұрғыдан дұрыс тануға болады деп есептейді.

1.2 Қос қызметті аффикстер. Қазақ тілі аглютинативті тілдер тобына жатады. Сонымен байланысты сөзжасам және сөзтүрленім қызметін көбінесе қосымшалар атқарады. Қосымша термині алғашқы грамматикаларда «приставка», «послелог», «частица» делініп түрліше аталды. «Қосымша» терминін алғаш қазақ тіліне енгізген белгілі ғалым А.Байтұрсынұлы жалғанған сөзінің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейтіндерді – жұрнақ деп атаған. Қ.Жұбанов болса, жұрнақ терминінің орнына «үстеу» терминін қолдануды ұсынған.


Ал Ы.Е.Маманов қосымшаларды, ең алдымен, не сөз жасайтын қосымшалар не форма ғана жасайтын қосымшалар деп жіктеу қажет деген концептуалды пікір ұсынады. Кейін Ы.Мамановтың осы концепциясын дамытқан ғалым С.Исаев қосымшаларды осы негізде бөліп көрсеткен. Ғалым еңбегінде қосымшаларды осы үлгіде жіктеуде өзгешелік кездеседі. Ол сөзжасам қосымшаларының бір тармағы етіп – функциялық қосымшалар деген бөлікті қосады. Бұл қосымшалар - -дай, -дей, -ша, -ше, -сыз, -сіз, -ғы, -гі қосымшалары. Ғалым бұл қосымшаларды жаңа сөз де тудырмайтын, форма да тудырмайтын, контексте ғана өмір сүретін сөзжасам қосымшаларының ерекше қолданысы деп атайды [5, 226 б.].
Қазақ тіл білімінде жоғарыда сөз болған қосымшалардың тілдік табиғаты туралы ең алғаш тың пікір айтқан ғалым Ы.Е.Маманов болды. Ғалымның «Лекциялар курсы» қазақ тілі морфологиясының өзекті мәселелеріне, оның ішінде сөзжасам мен формажасамның аражігі мен есім сөз таптарының құрамында қаралып жүрген қосымшалардың сөзжасамдық, формажасамдық қызметтерін анықтауға арналған. Ы.Е.Мамановтың жетекшілігімен шәкірті Қ.Шаяхметов «Екі функциялы аффикстер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (1973).
Қазақ тіл білімінде жоғарыда аталған қосымшалар Ә.Болғанбаев, Ә.Төлеуов, Ибатов, Ғ.Қалиев, М.Томанов, А.Ысқақов т.б. ғалымдар еңбектерінде сөзжасамдық қырынан біржақты ғана қарастырылған.
Бұл аффикстердің форма тудыру қызметін ашып айтпағанмен, өзіндік ерекшелігіне баса назар аударған Ғ.Мұсабаев пен Н.Оралбаева болды.
Бұдан кейінгі кезекте әртүрлі пікір қалыптастырып, әр бағытта қарастырылып жүрген аталған қосымшалар туралы айтқан Ы.Е.Мамановтың пікірлеріне жүйелі түрде талдау жасалады. Бұл қосымшалар А.Ә.Жаңабекованың кандидаттық диссертациясында талданып, Ы.Мамановтың тұжырымдарын басшылыққа алады [6] .
1.3 Профессор Ы.Маманов қазақ тіліндегі шырай категориясы туралы. Қазақ тілінде сын есімнің шырай категориясының зерттелуіне біраз ғалымдарымыздың үлес қосқандығы белгілі. Алайда шырайдың грамматикалық топтарына қарай бөлуде бірізділіктің жоқтығы байқалады. Мәселен, кейбір оқулықтарда –қыл, -ғыл, -қылт, -тым, -шыл, -шіл, -ғыш, -гіш жұрнақтары салыстырмалы шырай құрамында беріледі. Яғни шырай түрлерін анықтауда қандай принципке сүйенеміз деген мәселенің басы ашық емес екендігін алғаш байқаған Ы.Маманов шырай мәселесінде екі түрлі жағдайға баса назар аударған. Оның бірі – жоғарыда аталған сынның белгісін білдіретін жұрнақтарды сөзжасам жұрнақтарына жатқызу керек пе, әлде шырай категориясында қарала ма деген сұрақ болса, екіншісі – жай шырайдың шырай парадигмасының құрамына ене ме, яғни шырайдың бір түрі ретінде грамматикалық қатарға (граммема) жата ма деген мәселе.
Қазақ тіл білімінде шырай категориясының грамматикалық сипатына А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Ғ.Мұсабаев, Ә.Төлеуов, А.Ысқақов, М.Томанов, Ы.Маманов, С.Исаев т.б. ғалымдар арнайы тоқталған.
Ы.Маманов нөлдік форма теориясын сөз ете отырып, жай шырай, негізгі етіс деп аталып жүрген шырай, етіс түрлерінің жоқ екеніндігін, олардың тек түбір сөздермен тұлғалас келетінін дәлелдейді [2, 76-77 б.].
С.Исаев жай шырай мәселесінде Ы.Мамановтың пікірлерін толық қолдаған [5, 140 б.].
...Сонымен, Ы.Маманов шырай категориясына байланысты екі мәселенің басын ашып берді: бірі – шырай категориясындағы жай шырай деп аталатын түрінің шырай формасы бола алмайтындығы, оның басқа шырай формаларына негіз болатын түбір сөз екендігі, екіншісі – ғыш, -шыл, -қай т.б. жұрнақтарының шырай жұрнақтарына жатпайтындығы, оларды грамматикалық абстракция жасамайтындықтан сөзжасам қосымшаларына жатқызу қажеттігі. Ғалымның пікірінше, қандай да бір тілдік құбылыс сол тілдің тілдік заңдылығына бағынуы керек. Олай болса, шырай жұрнақтарын сөзжасам қосымшалары мен форма тудырушы қосымшаларға қойылатын талаптар бойынша саралаған ғалым пікірлерінің құндылығы дау тудырмайды.
1.4 Қазақ тіліндегі көптік форма туралы. Көптік категориясы жайлы тіл білімі жөніндегі оқулықтарда арнайы баяндалады. Түркі тілдерін зерттеген ірі ғалымдарымыз Малов, А.В.Баскаков, А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев еңбектерінде көптік категориясы жайлы пікірлер айтылған. Ал қазақ тілінде бұл мәселеге алғашқылардың бірі болып арнайы тоқталған ғалым – профессор М.Балақаев (1940). Сондай-ақ Н.Оралбаева (1959), А.Д.Данияров (1965), А.Ысқақов (1965) еңбектерінде жалғасын табады. ...С.Исаевтың қазақ тіліндегі көптік жалғаудың негізінен жұрнақтық функциясы жайлы айтқан пікірі шын мәнінде тілдік жүйеге, оның тілдік заңдылықтарына сүйеніліп жасалғандығы анық. Көптік жалғаудың жалғаудың басқа түрлерінен ерекшеленетін осы белгісі – қосымшаларды жіктеу мәселесінде ескерілуі қажет.
Ы.Маманов көптік формаға байланысты мынадай тұжырым жасаған: «Қазақ тілінде грамматикалық көптік форма біреу-ақ. Ол –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшалары арқылы жасалады. Әрбір грамматикалық форманың өзіне тән грамматикалық мағынасы болады. Кейбір грамматикалық форманың өзіне тән грамматикалық мағынасы болады. Кейбір грамматикалық формалардың бірнеше мағыналық қырлары болуы мүмкін» [1, 31-36 б.]... Қазіргі функционалды грамматикада бір ойдың әртүрлі жолдармен берілу тәсілі бар. Яғни, «функция әртүрлі тілдік құралдар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін және бір құралдың өзі әртүрлі функция атқара алады» [Тіл білімі сөздігі.А.,1998. 417 б.]. Ы.Е.Маманов көптік ұғымның түрлі берілу жолдарын танып, оларды әр басқа категория деу ағаттық екенін дәлелдейді. Функционалды грамматика тұрғысынан келгенде, ғалымның болжамын біз дұрыс шешім деп қабылдаймыз.
1.5 Ы.Маманов қазақ грамматикасындағы нөлдік форма туралы. Тіл білімінде кейбір грамматикалық формадағы сөздер грамматикалық көрсеткішсіз-ақ нөлдік формада қолданылады. Нөлдік форма термині ғылымда нөлдік жалғау, нөлдік морфема, нөлдік форма, нөлдік қосымша, нөлдік таңба т.б. терминдермен белгілі болды. Нөлдік форма теориясының пайда болуына Фердинанд де Соссюрдің тілдік таңба теориясы негіз болды. Ф.Соссюр грамматикалық мағына білдіруші көрсеткіші жоқ сөз формасы басқа сөз формаларымен салыстыру арқылы, солардан өзгешелігі арқылы танылады дейді.
Нөлдік форма жайлы мәліметтер алғаш Ф.Ф.Фортунатов еңбектерінен басталады. Ол атау септік формасын ең алғаш рет басқа септік формаларымен бірдей грамматикалық мағына бере алатын, көрсеткіші жоқ нөлдік форма деп таныған.
1960 жылдардан бастап нөлдік форма теориясы ғылыми айналымға түсті. Орыс ғалымдары Ю.С.Маслов, П.С.Кузнецов, И.П.Иванова, А.М.Пешковский т.б. ғалымдар нөлдік форма туралы пікірлерін ортаға салып, әртүрлі терминдер ұсынды.
Қазақ тіл білімінде Ш.Х.Сарыбаев, Н.Т.Сауранбаев, Ә.Төлеуов, А.Ысқақов т.б. ғалымдар еңбектерінде септік жалғауларының тасалануы, септік жалғауларының ашық, жасырын қолданылуымен байланысты айтылып келді. Аталған ғалымдардың ой-пікірлері ғылыми мақалаларда, қазақ тілі оқулықтарында жарық көрді. Бұл тілдік құбылысты ғалымдар ертеден-ақ байқаған.
Қазақ тілінде нөлдік форманы Ы.Маманов, С.Исаев, Н.Оралбаева, Ж.Балтабаевалар арнайы зерттеген. Ғалымдар еңбектерінде бұл тілдік құбылыс алдыңғы аталған ғалымдар еңбектеріндегідей септік жалғауларының тасалануы немесе ашық, жасырын қолданылуы тұрғысынан емес, нөлдік морфема терминдерімен аталады.
Ы.Маманов еңбектерінде нөлдік формаға ілік, барыс, табыс септіктерінің жасырын формалары мен бұйрық райдың 2-жақ жекеше түрін жатқызылады. Ал атау септікті бұл қатарда қарамайды. Н.Оралбаева мен С.Исаев еңбектерінде атау септік нөлдік форманың ең бірінші элементі болып табылады. Бұл ғалымдар септіктердің жасырын формаларын, тәуелдік жалғау (біздің ауыл), жіктік жалғаудың үшінші жағын, 2-жақ жекеше, бұйрық рай формасын нөлдік форма деп анықтайды.
Кейінгі ғылыми зерттеулерде нөлдік форма грамматиканың шеңберінен шығып, кең аяда қарастырыла бастады. А.Қ.Омарова «Қазақ тіліндегі нөлдік морфеманың функционалдық және семантикалық аспектісі» атты докторлық диссертациясында бұл ұғымның сөзжасамға да қатысты тілдік құбылыс екенін дәлелдейді. Зерттеуші аталған еңбекте нөлдік морфеманың семантикалық-функционалдылық ерекшеліктерін ашу мақсатында нөлдік морфеманы грамматикалық нөлдік морфема (септік жалғаулары мен т.б. грамматикалық формалар) және сөзжасамдық нөлдік морфема деп саралап алады. Бұл тілдік бірліктер диссертацияда функционалды-семантикалық аспектіден сипатталады [8].
Септік жалғауларының ашық және жасырын келуін (нөлдік форманы) бірнеше жылдар бойы түркі тіл білімін зертеуші ғалымдар белгілілік-белгісіздік категориясымен байланыстырып келді. Олардың бір тобы бұл категорияның түркі тілдерінде бар екендігіне түрлі дәлелдер келтіреді. М.Балақаев «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында (1961) грамматикалық белгілілік не белгісіздікті мағыналық белгілілік я белгісіздікпен бір деп санауға болмайды. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі үшін белгілілік-белгісіздіктің грамматикалық тұлғасы мынау дерлік дербес қосымшасы жоқ деген тұжырым жасайды. Алайда ғалым ондай мағыналық айырмашылық қазақ тілінде мүлде жоқ деп айтуға болмайды деген де пікір айтады.
Ы.Е.Маманов қазақ тілінде белгілілік-белгісіздік категориясы бар деп көрсетеді. Олардың арнаулы грамматикалық көрсеткіштерін де анықтайды. Ғалым табыс, ілік септіктерінің ашық, жасырын келу ерекшеліктерін қазақ грамматикасындағы белгілілік-белгісіздік ұғымымен байланысты қарау керек деген концепция ұсынады. Мысалы, ілік және табыс септіктерінің ашық келуі белгілілікті көрсетеді. Осыған байланысты кісі есімін белгілілік деп көрсетеді (Асанның үйі – Асан үйі деп айтылмайды). Ғалымның пайымдауынша, ілік, табыс септіктерінің түсірілмей айтылуы – белгілілік, ал түсіріліп айтылуы – белгісіздік ұғымының көрсеткіші болады. Сондай-ақ, бір, біреу есімдіктері белгісіздік мағынаның көрсеткіші болып табылады деп есептейді.
Белгісіздік мағына, ұғым тіл білімінде әлі де кеңірек зерттеуді қажет етеді. Өйткені белгісіздік ұғымын «бір», «біреу» сияқты екі-үш сөз бен табыс септіктің жасырын түрімен ғана байланыстыру жеткіліксіз. Белгісіздік ұғымының тілдік табиғатын ашу үшін ең алдымен сөздерді мағыналық жағынан, яғни осы белгісіздік ұғымын білдіруі жағынан талдау жасау керек. Белгісіздік мағынаны барлық сөз таптарына қатысты да айқындауға болады деп есептейміз. Мысалы, зат есім болатын ағаш деген сөзде жалпылық, көптік ұғымдармен қатар, белгісіздік ұғым болса, сын есімнің заттанған түрінде ғана белгісіздік ұғым бар (Белсенділер алдыға шықты). Сан есімнің болжалды түрінде (екілер, бестер шамасы) белгісіздік мағына болса, бұл ұғым есімдіктің бірнеше түріне тән.
Сөз таптарының ішінде грамматикалық категорияға бай, күрделісі – етістік екені белгілі. Белгісіздік мағына түбір етістіктерде де кездеседі. Белгісіздік ұғымы етсітіктің шақ формаларында (келер ме екен, барар еді), сыпат категориясында, аналитикалық етістіктерде де кездеседі.
Жалпы алғанда бұл категория туралы мәселе жеке зерттеуді қажет етеді.
Ы.Е.Мамановтың етістік теориясы: тұжырымдамалары мен көзқарастары деп аталатын екінші тарауда түбір етістіктер, күрделі етістіктер және көмекші етістіктер, сондай-ақ етіс, есімше, көсемше, рай, шақ категорияларының зерттелуіндегі Ы.Е.Мамановтың үлесі көрсетіліп, оларға мағыналық-құрылымдық талдау жасалды.
2.1 Түбір етістіктердің мағыналық ерекшеліктері. Тілдің сөздік қорының баюы, молаюы түрлі тәсілдер арқылы болса, солардың көне түріне семантикалық даму жатады. Семантикалық даму бойынша сөз дыбыстық, морфемдік құрамын өзгертпей-ақ бірте-бірте өзіне жаңа мағыналарды қосып отырады. Соның нәтижесінде тілде бір сөз бірнеше лексикалық мағына білдіреді, тілдегі қызметі артады. Семантикалық даму арқылы сөз саны көбеймегенімен, сөздердің мағыналық мүмкіндігі әлдеқайда өседі.
Түркі тілдерінде етістік семантикасы біршама зерттелген. Атап айтқанда, Э.Р.Тенишев (1961), Н.З.Гаджиева, А.А.Коклянова (1961), Б.И.Татаринцев (1987), И.К.Кучкартаев (1977), А.К.Алекперов (1980), А.А.Цалкаламананидзе (1973), М.Оразов (1983) т.б.
Қазақ тілінде грамматикатанушы ғалымдар етістікке қатысты арнайы зерттеулер жүргізіп, монографиялар жариялаған. Етістікті әрі сөз табы ретінде, әрі мағыналық сипатын қоса талдаған зерттеулерден А.Қалыбаева (Хасенова), Ы.Е.Маманов, А.Ысқақов, Н.Оралбаева еңбектерін ерекше атаған жөн.
А.Хасенова «Қазақ тілі грамматикасында» түбір етістік дейтін межеге сыйдыруға келетін сөздерді іс-әрекет, амал, қалып процесінің динамикасын білдіруі жағынан қарастырып, оларды бірнеше лексика-семантикалық топтарға бөлуге болатынын атап көрсетеді. Ұйымдастыру, жорғала, мияула, шырылда сиқты туынды етістіктер де лексика-семантикалық топтардың құрамына енгізілген. Жұмыста басқа түркі тілдерінде қалыптаспаған жаңа үлгіде топтастыру да ұсынылған, алайда бөлудің принциптері ашып көрсетілмеген [9, 127 б.].
М.Оразов 1983 жылы «Семантика казахского глагола» тақырыбында жазылған докторлық диссертациясында етістіктің 12 лексика-семантикалық тобын көрсетеді. Ғалым етістіктерді мағыналық топтарға бөлуде сөйлесу етістіктерін семантикалық жағынан бөлгенімен, морфологиялық белгілерін де негізге алып отырған.
А.Ысқақов оқулығында етістіктер лексика-семантикалық топтарға жіктелгенімен, оларды бөлудің ғылыми принциптері көрсетілмеген (1991).
Ы.Мамановтың етістіктерді басты ерекшеліктері жағынан бірнеше топқа бөлуінде басқа ғалымдармен салыстырғанда алшақтықтар бар. Ғалым түбір етістіктерді семантикалық топтастырудағы ұстанған принципі Г.А.Золотова, А.В.Бондарко, З.Ахметжанованың функционалды грамматика теориясына байланысты теорияларымен үйлесіп жатыр. Әсіресе, ғалымның «негізгі түбір етістіктерді семантикалық жақтан мағыналық топтарға жіктеуге келмейді, морфологиялық және синтаксистік тәсілдерінің белсенді қатысуының арқасында ғана түбір етістіктерді мағынасына қарай бөлуге болады» деген тұжырымы қазіргі функционалды семантиканың негізгі принципі. Ы.Маманов қазақ тілінде етістікті лексика-семантикалық топтарға жіктеп көрсеткен ғалымдардың бірі. Қазіргі кезде етістіктің жекелеген лексика-семантикалық тобы арнайы зерттелуде.
2.2 Етістік түбірі және оның семантикалық, грамматикалық өзгеруі туралы
Етістік Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаевтардың авторлығымен жарыққа шыққан «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында, сонымен қатар бұл еңбектерге дейін жарық көрген Қ.Жұбанов (1936), С.Аманжолов (1938), І.Кеңесбаев пен С.Жиенбаевтың «Грамматикаларында» (1942) етістік бөлімі сабақты етістік пен салт етістік, болымды және болымсыз етістік, етіс категориясы, рай, шақ, жақ категориялары, есімше мен көсемше формалары үзілмей берілумен бірге, кейбір толықтырулар мен лингвистикалық атаулар тиянақталып, өзгерістер енгізіліп отырса да, белгілі бір дәстүрлі жүйе берік сақталып келеді деуге әбден болады.
Ы.Маманов қазақ тіліндегі етістік формаларын лексика-грамматикалық қызметтеріне қарай, ең алдымен, негізгі етістік және функциялық етістік деп екіге бөліп, одан кейін негізгі етістіктің өзін түбір етістіктер және модификациялы етістіктерге ажыратып, түбір етістіктерге етістіктің лексикалық амғынасына ие болатын сөздерді, модификациялы етістіктерге белгілі қосымшалар немесе көмекші етістіктер арқылы үстеме грамматикалық мағына білдіретін етістік формаларын жатқызады...
Ғалымның етістік түбіріне байланысты айтқан ой-пікірлері күрделі мәселелердің шешімін табуға септігін тигізіп қана қоймай, кейбір пікірлерге өзгеше қырынан үңіліп, тереңірек зерттеуге көмегін тигізеді. Ы.Маманов, С.Исаев еңбектерінде көрсетілгендей, етістік түбірінің бұйрық райдың 2-жағы емес, ол екеуінің екі нәрсе екенін дәлелдейтін тағы бір дәлел – бұйрық райдың екінші жағының көне формасының –ың, -ің, -ғыл, -ғын тұлғасында болуы. Қазақ тілінің сөйлеу тілінде бұлардың кездесіп қалуы тектен-тек емес. Қысқасы, етістік категориясының жіктелу жүйесінің 2-жақ жекеше формасы түбір етістікпен омоформалық сипатта келеді.
Етістік түбіріне қатысты тағы бір көңіл аударарлық нәрсе – туынды түбір (туынды етістік, туынды сөз) мәселесі. Ы.Маманов өз зерттеулерін морфологияның өзекті әрі қиын мәселелерін қарастыруға арнағандығы байқалады. Оның 1973 жылы жарық көрген «Лекциялар курсында» қосымшаларды жіктеу, кейбір қосымшалардың (даулы болып танылып жүрген) сөзжасам мен форма тудыруға қатысты тілдік жүйе, заңдылықтар тұрғысынан қарастырылып, тың пікірлер айтылған.
Етістік сөз табына қатысты қазақ тіл білімінде әлі де бір шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі – етістіктің көрініс (вид) категориясының формалары ретінде көрсетіліп жүрген бір топ қосымшалардың тілдік сипатымен байланысты. Аталған категорияға жатқызылып жүрген –қыла, -кіле, -ғыла, -гіле; -мала, -меле; -ымсыра, -імсіре тәрізді жұрнақтар туралы әртүрлі пікірлер айтылған. Бұл қосымшаларды И.Ұйықбаев, А.Ысқақов т.б. ғалымдар сөз түрлендіретін форма ретінде таныса, Б.Құлмағамбетова, С.Хасанов, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаева, Ы.Мамановтар сөз тудырушы жұрнақтар ретінде анықтайды.
Біз жоғарыда аталған қосымшалардан –стыр, -стір формасын етіс жұрнағы деп алып, қалған тұлғаларды туынды етістік жасайтын қосымшалар ретінде қарастырамыз және Ы.Мамановтың қосымшаларды жіктеуге байланысты ұсынған концепциясын басшылыққа алып, мынадай белгілерін көрсетеміз: 1) аталған жұрнақтар бірен-саран сөздерге талғап жалғанып, грамматикалық абстракция жасай алмайды; 2) түсіндірме, екі тілдік сөздіктерге енеді; 3) лексикалық бірлік саналып, реестр сөз ретінде құрамды толықтырады. Ал жоғарыда Ы.Маманов грамматикалық қосымша ретінде көрсеткен –ңқыра, -ңкіре осы көрсетілген критерийлерге жауап бермейді, әсіресе талғап жалғану шартына сай келмейді, яғни ол грамматикалық абстракция жасап, кез келген етістік түбіріне жалғанады. Етістіктің қолданысына статистикалық зерттеу жүргізген ғалым С.Мырзабеков етістіктер саны сөздіктің тең жартысынан асады деп көрсетеді [10] . Яғни –ңқыра, -ңкіре формасы, сонымен қатар етіс формалары жалғанған етістіктер де сөздікте қамтылған деген сөз. Демек, -ңқыра, -ңкіре формалы етістіктерді сөздікте реестрлік қатарда беру-бермеу мәселесі шешілуі тиіс.
2.3 Ы.Е.Маманов еңбектерінде күрделі етістік мәселесінің зерттелуі. Туынды сөздердің ішіндегі күрделісі де, қиыны да – күрделі сөз мәселесі. Басқа түркі тілдеріндегідей қазақ тіл білімінде күрделі сөз бен күрделі тұлғалар мәселесі XIX-XX ғ.ғ. аралығында қолға алына бастады.
Түркітануда күрделі сөзге қатысты пікір айтқан және арнайы зерттеу нысаны еткен еңбектерде күрделі сөздер құрылымдық және жасалу тәсіліне қатысты сөз болды. Бұл орайда Н.К.Дмитриев, Н.А.Баскаков, А.Н.Кононов, А.А.Юлдашев, Ә.Қайдар, Ғ.Садуақасов сынды түркітанушылар еңбектерін атауға болады. Қазақ тіл білімінде профессор Қ.Жұбанов 1930 жылдардың өзінде-ақ күрделі сөздер қанша сөзден біріксе де тұтас бір ғана мағынаны білдіріп, бір ғана заттың атауы болады т.б. дей келе, күрделі сөздің қалыптасу жолдары мен олардың түрлерін көрсеткен [11]. Қазақ тіл білімінде күрделі сөз мәселесін арнайы сөз етіп, оған ерекше мән беріп, оның табиғатын анықтауда Н.Оралбаева, В.А.Исенғалиева, Б.Қасым т.б. еңбектері ерекше аталады. Күрделі сөз жайында пікір білдірген Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, К.Аханов, Н.Оралбаева, Ж.Шәкенов сынды зерттеушілердің көзқарастарында, пікірлерінде айтарлықтай алшақтық болмағанмен, күрделі сөздерді жіктеуде, терминдік аталымында айырмашылықтар кездесіп қалады.
Қазақ тілінде көп уақытқа дейін күрделі етістік етістіктің аналитикалық форманттары тұрғысынан зерттеліп келді. А.А.Юлдашев мұның XIX ғасырдағы О.Бетлинг еңбектерінен басталғанын көрсетеді (1965). Көпшілік түркологтар аналитикалық етістіктерді күрделі етістік санай отырып, олардың вид, рай, шақ категорияларының көрсеткіші екенін де көрсетеді. Бұған қарағанда, күрделі етістікті грамматикалық категориялардың мағынасын білдіретін көрсеткіш ретінде тану түркологияда кең тараған құбылыс екендігі байқалады.
Күрделі етістіктерді арнайы зерттеп, олардың сөз тіркестерімен, тұрақты сөз тіркестерімен, аналитикалық формалы етістіктермен өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратуда Б.Қасым еңбегінің (Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер.Докт.дисс. автореф.А.,1992) маңызы зор.
Ы.Маманов күрделі етістік ұғымына аналитикалық формалы етістіктерді де жатқызған. Бұған қарағанда ғалым мұнда етістіктердің тұлғалық жағын ғана ескерген сияқты. Сөз тіркесі мен аналитикалық формалы етістіктерді, күрделі етістіктерді нақты ажыратып көрсетпеген. Дегенмен ғалым еңбектері бұл тілдік құбылыстардың ара-жігін ашпағанымен, аналитикалық формалы етістіктердің мағыналық қырларын ашып көрсетуімен құнды.
2.4 Ы.Маманов еңбектеріндегі көмекші етістік мәселесі және олардың амалдың өту сипаты категориясына қатысы. Көмекші етістіктер көне жазба ескерткіштерден бастап қазіргі түркі тілдерінің барлығында да кездеседі. Ал қазақ тіліндегі зерттелу тарихы Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерден басталады.
Қазақ тіліндегі көмекші етістіктердің нақтылы саны анықталып, зерттелмеген деуге болады. Себебі, тілші-ғалымдар еңбегіндегі көмекші етістіктерге берілген сипаттамаларда олардың саны нақты көрсетілмейді. Ы.Маманов пікірінде кішігірім қайшылықтар бола тұрғанмен, толымды (мәнді) көмекші етістіктерге қатысты есім сыңарлы күрделі етістікті тіркесті түбір етістік деп атап, олардың сөзжасамдық қызметін анықтады, күрделі етістіктер мен аналитикалық етістіктердің семантикалық айырмашылықтарын көрсетті т.б.

3. 1990 жылдардан бастап морфология саласындағы өзгерістерге көңіл бөлу және грамматика теориясын толықтыруда қосқан үлесіне талдау жасау

Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі — сөздерді белгілі бір сөз таптарына тәндеп бөлу. Сөз таптарының айқындалуына 30-жылдары ерекше үлес қосқан ғалымдар: Ахмет Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов. 40-50- жылдары морфологияның әрбір жеке мәселелері арнайы жүргізілетін күрделі монографиялық ғылыми - зерттеудің объектісіне айналады да, осы зерттеулердің негізінде көптеген көлемді еңбектер жарыққа шығады. I. Кеңесбаев, А. Ысқақов, К. Ахановтардың жыл сайын шығып отырған орта, орталау мектептерге арналған "Қазақ тілі грамматикасы" мен Н. Сауранбаевтың педучилищеге арнаған "Қазақ тілі" (1948) және жоғары оқу орындарына арналған "Қазіргі қазақ тілі" (1954) атты көлемді еңбектерімен қатар, морфологияның жеке сөз таптарын әр жақты баяндауға арналған морфология Балақаевтың "Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері", А. Ысқақовтың "Қазақ тіліндегі үстеулер", Ғ. Мұсабаевтың "Сын есімнің шырайлары", Ә. Хасеновтың "Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер", Р. Әміровтың "Қазақ тіліндегі шылаулар", Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі одағайлар" т. б. зерттеулерін айтуға болады. 60-жылдары мұндай еңбектер саны жағынан да, тақырып жағынан да молая түсіп, жеке сөз таптарына байланысты тағы да көптеген жеке зерттеулер: Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер" (1960); Ж. Шакеновтың "Қазақ тіліндегі сын есім категориясы" (1961); Ә. Ибатовтың "Қазақ тіліндегі есімдіктер" (1961); Ә. Төлеуовтың "Қазақ тіліндегі есім категориясы" (1963) атты еңбектері жарық көрді. Бұлардың бәрінде де әр түрлі сөз таптары өзіндік лексико-грамматикалық ерекшеліктері тұрғысынан әр жақты талдауға түседі. Морфология мәселелеріндегі бұрын-соңды жетістіктердің бәрін жинап, оны жүйелі тәртіпке келтіріп, теориялық тұрғыдан ғылыми бір ізге түсіріп баяндаған күрделі еңбек 1967 ж. Қазақ КСР ҒА "Ғылым" баспасынан шыққан "Қазақ тілінің грамматикасы" болды. Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі — сөз формаларын зерттеу. Сол себептен сөз формалары жайындағы зерттеу сөздердің түрлері жайындағы қандай да болса ережелердің бәрін түгел қамтып, сөздерді морфологиялық категориялардың қандай түріне жатқызу және оларға тән формаларды анықтау сияқты заңдылықтарды да қамтиды.
7 МОӨЖ тақырыбы: Синтаксис




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет