Саясаттану Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратаын қызметі. Мемлекет —



бет12/16
Дата31.12.2021
өлшемі59,26 Kb.
#23642
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әртүрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер
36. Қайта Өрлеу дәуіріндегі саяси ой-пікірлер.

Саясатадамның ерекше қызметі ретіндеерте кезден ғылыми зерттеулердің пәніне айналды. Алғашында саясат туралы ілім философияның құрамдас бөлігі болып табылды. Ежелгі дүниеде саяси қызметті сараптауға арналған арнайы трактаттар жазылды. Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасу жолындағы елеулі кезең Қайта Өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар мен Н. Макиавелли, Т. Мор, Ж. Боден шығармашылығын атай аламыз. Итальяндық саяси ойшыл Никколо Макиавелли (1467-1527) [1] саяси бытыраңқылық, жеке меншіктік буржуазиялық қатынастарға негізделген мемлекеттік билікке қарсылық білдірді. Ол әлемдік саяси ғылымдар тарихына өзінің биліктің пайда болуы мен мәні, басқару түрлері, саяси процестерге қатысушыларға қойылатын талаптары туралы көзқарастары көрініс тапқан «Патша» [2] атты еңбектің авторы ретінде енді. Бұл еңбегінде ойшыл ерекше орынды саяси лидерлік технологияларына береді. Макиавелли өзінің саяси көзқарастарында саясаттағы шындықтың шынайы шарттарын есепке алатын, саяси қимылдардың тәжірибе пайдасына бағынатын саяси реализм қағидасын ұсынды.


37.  Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны.

Оку пәні ретіндегі ғылыми білімдердің нақты жүйесін баяндау ең алдымен оның пәнін қарастырудан басталады. Ғылым ПӘНІНІҢ бөлінуі, оның негізгі өлшемдерінің айқын белгіленуі қарастырылып отырған білімдерді біртұтас ғылыми-методологиялық негізге ие тұтастыққа біріктіруге мүмкіндік береді. Ғьлым пәні қарастырылып отырған ғылыми білімдер жүйесінің тәуелсіздігі мен дербес дамуының түпкілікті шарты болып табылады. Белгілі дәрежеде ғылым пәнінің өзінде алдын ала анықталғандық пен тапсырыстық тұрғыдағы емес, дамудың рационалды-логикалық негізі тұрғысындағы ғылыми білімнің нақты жүйесінің даму мүмкіндігі жасырынған қалыпта болады. Кез келген ғылым пәнінің бірден дайын күйінде берілуі мүмкін емес, ол пайда болудың, калыптасудың ұзақ жолынан өтуі керек, өйткені ол объектінің жай ғана бөлігі ғана емес, осы бөліктің идеалды конструкциясы да. Бұл процесс жаңа ғылымның өзінің жеке пәнімен бірге бөлінуінің, тармақталуының негізіндегі ғьлыми білімдердің жалпы жүйесінің шеңберінде іске асады. Саяси білімдер де осындай жалпы жүйелердің бірі болып табылады. Тарихи тұрғыда саяси білімдер қоғамдық ғылымдардың әрқилы жүйелерінде қалыптасып дамыды: тарихи ғылымдарда саяси қатынастардың даму тарихы ретінде қандай да бір елдегі мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің тарихы мен саясаттың әрқилы субъектілерінің іс-өрекеттерінің тарихы қарастырылады


38. Саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет