Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет25/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   74
Пәндік мақсат: 
Тілдік мақсат 
Зертханалық жұмыс түрін жасап үйренеді. 
Өсімдіктің құрылысымен, өсімдіктердің 
тіршілік циклі және қоректенуі туралы 
мәліметтер 
алып, 
тәжірибе 
жасау 
жолдарымен танысады.
Жаңа тақырып бойынша студенттердің 
сөздік қорын молайту. 
Өсімдіктің құрылысын айтқанда have/has 
етістігін қолдануға үйрету. 
Студенттерге зерттеу жұмысын ағылшын 
тілінде жүргізу жолдарын үйрету. 
CLIL-дың негізгі шарттары мен қағидаларын негізге ала отырып жұмыс жасау арқылы 
келесіндей мақсаттарға қол жеткізуге болады:

Студенттердің шет тілін үйренуге деген қызығушылығын ояту;

Студенттер мен оқушыларға саналы түрде және емін-еркін тілдік бөгеттерді жойып, кез 
келген салада шет тілінде сойлеуге мүмкіндік туғызу;

Өзге елдің мәдениеті мен салт-санасын түсіну, білім мен түсінікті дамыту;

Оқушыны халықаралық емтихандарға еркін қатысуына, білімі мен қызыметін кез келген елде 
атқаруына да зор мүмкіндіктер ашу.
Сонымен, білім алушының ғылыми пәндерде өз және шет тілінде сөйлеу дағдысын 
дамыту арқылы оның болашағына зор мүмкіндіктер жасауға болады. Осы орайда пәндік 
деңгейдегі тілдік жүктемені күрделендіре отырып, сол пәнді өзге тілде үйренуге және алған 
білімін түсіндіре алу дағдысына баса ден қою маңызға ие. Себебі, маман үшін кез келген 
мәліметті ақпарат көздерінің түпнұсқасынан түсіну – өте зор жетістік. Баршаға аян, ХХI ғасыр – 
ақпарат заманы. Кім ақпаратқа бай болса, сол - күшті. Сөйтіп, білім алушы дәстүрге айналған 
«Менің жанұям», «Менің күн тәртібім», «Менің құштарлығым» секілді қалыптасқан 
«үйреншікті тар тақырыптар шеңберін» бұзып, ойлау өрісін болашақ кәсібіне қажет біліми 
тілдік қормен толықтырады.
«Жаңартылған білім бағдарламасын» жүзеге асыруда осы басымдықтарды толығымен 
қолдану қажеттігі туындап отыр. Яғни, CLIL әдісін қолдану арқылы оқу жоспарындағы «шет 
тілін» оқытудың сағаттар санын арттырмай-ақ шет тілін үйрену мүмкіндігі бар екенін көрсетіп 


57 
отыр. Демек, CLIL – шет тілін үйренемін деген оқытушы мен оқушы үшін зор мүмкіндіктің 
көзі. Кейбір зиялы қауым өкілдері үрейленетіндей, ғылыми пәндерді әлем сөйлейтін тілде 
оқыту – қазақты ана тілінен аластатудың амалы емес, 4 керісінше, ол – ертеңгі ұрпақтың
бабадан қалған мұрасы елі мен жерін, абыройы мен атағын қасқая тұрып әлем алдында 
қорғайтын қорғаныс құралы, ұлы қамалы болмақ.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби, тілдік құзыреттілігін дамыту – білім сапасын көтеру 
құралы. Қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігі 
дамыған, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етіп отыр. Білікті де білімді маман болу үшін әр 
ұстаз өз білімін үздіксіз жетілдіріп, заман талабына сәйкес кәсіби біліктілігін үнемі үздіксіз 
жетілдіріп отыруы тиіс. Болашақ педагог оқытудың жаңа әдістерін барынша игеріп қана 
қоймай, әлем тілдерін жетік меңгеріп, неғұрлым шығармашылығы жоғары болса, оның кәсіби 
құзыреттілігі соғұрлым кең болмақ. Осы мақсатта болашақ мамандарды заман талабына сай 
даярлауда оқыту үдерісінде пәндік – кіріктіру қажеттілігі туындап тұр. Яғни, CLIL 
технологиясы – бұл мәселені шешудің негізгі тәсілдерінің бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет