Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»



Pdf көрінісі
бет66/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   123
4. Діни еңбектер
Армян графикасымен қыпшақ тілінде жазылған діни еңбектердің бір-
қатары бүгінде Еуропаның кітапханалары мен мұрағаттарында сақтаулы, олардың қатарынан
 
Псалтырь, апостол Павелдің жинағы, дұға кітаптары, теолог Антонның уағыз жинақтары 
ерекше орын алады. Сонымен қатар бұл санаттағы еңбектердің қатарынан бір Пасха күнтізбесі 
және 18 жылдық күнтізбе мен армян және көне түрк тілінде аталған 12 жылдық жануарлар 
күнтізбесінің тізімі де табылып отыр. 
Псалтырьдің алғашқы аудармасы 1575 жылы Львов қаласында жасалған. А.Н. Гаркавецтің 
көрсетуінше, бұл аударма Львовтық діндар (диакон) Лусигке тиесілі [11, с. 17]. Қыпшақ тілінде 
жазылған Псалтырь еңбегінің нұсқалары: 
1. Краков қаласындағы Чарториский мұражайында 
(Польша) 3646 нөмірмен (Краков нұсқасы). 2. Вена ұлттық кітапханасында (Австрия)
13 нөмірде тіркелінген (Вена нұсқасы).
Лусигтің Псалтырь кітабына дайындалған армянша-
қыпшақша сөздігі Ереван қаласында Матенедаран қолжазбалар институтында 2267 нөмірмен 
сақталынған. Сонымен қатар Париж, Венеция, Санкт-Петербург қалаларында сақталынған 
Псалтырьдің үш жазбасы белгілі. Аталмыш еңбектің екі нұсқасын (Краков және Вена нұс-
қаларын) және оған арналған армянша-қыпшаққа сөздік А.Н. Гаркавец пен Э. Хуршудян 
тарапынан жарияланды [25]. 
Армян графикасымен қыпшақ тілінде жазылған діни қолжазбалардың бірі – 1618 жылы 
Львов қаласында жазылған «Алғыш бітігі» дұға кітабы. Бұл еңбек әлем ғылымында ең алғаш 
түрк тілінде басылған қолжазба ретінде танылған, қолжазбаның жалғыз нұсқасы Нидерланды 
қаласындағы Лейден университетінің кітапхана қорында сақталған. Еңбек ең алғаш рет 1961 
жылы Э. Шютц тарапынан жарияланған [26]. 
Діни қолжазбалардың қатарына Санкт-Петербург қаласында М.Е. Салтыков-Щедрин атын-
дағы мемлекеттік кітапханада сақталған, көне армян графикасымен қыпшақ тілінде жазылған 
«Житий святых», «Хайсмавурке» қолжазбалары да толықтыра түседі. Ғылымда бұл қолжаз-
балар 1971 жылы И.А. Абдуллин тарапынан жарияланған болатын [27]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет