Тараптар, егер олардың осы Шарттың талаптарын орындау мүмкін еместігі еңсерілмейтін күш мән-жайларына, оның ішінде: дүлей зілзалаларға, жер сілкіністеріне, дауылдарға, өрттерге, технологиялық апаттарға, әскери іс-қимылдарға, індеттерге, ереуілдер мен мемлекеттік органдардың актілеріне байланысты туындаған болса, осы Шартта көзделген жауаптылықта болмайды.
Қорытынды ережелер
Осы Шарт оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар осы Шартта көзделген өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
Шарттың қолданылу мерзімі___________ дейін____________ 20__ жыл.
Тараптар осы Шартта көзделген өз міндеттемелерін орындаған жағдайда, осы Шарт Тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар олар осы Шарт сияқты нысанда жасалған және тараптар қол қойған жағдайда ғана жарамды болады. Осы шартқа қосымшалар оның ажырамас бөлігін құрайды.
Шарт пен қосымша келісімдер электрондық түрде ресімделеді және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.
Осы Шарт орыс тілінде жасалған.
Тараптар техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылатын Тараптар арасында ақпарат алмасу ресми болып табылады деп уағдаласты.
Осы Шартта көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.