Сәйкестікті бағалау қағидалары 1-тарау. Жалпы қағидалар



бет1/30
Дата15.12.2022
өлшемі126,66 Kb.
#57502
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
?@028;0 kz 07.04.21


Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы « » №
бұйрығымен бекітілген

Сәйкестікті бағалау қағидалары


1-тарау. Жалпы қағидалар

  1. Осы сәйкестікті бағалау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және егер Техникалық регламентте өзгеше белгіленбесе, айналымға шығарылатын өнімнің техникалық регламенттердің және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін бағалау тәртібін айқындайды.

Қағидалар, егер Техникалық регламентте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы техникалық регламенттерінің талаптарына, сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің бірыңғай тізбесінде белгіленген талаптарға, сәйкестік сертификаттарын және бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияларды және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарды бере отырып, айналымға шығарылатын және ол айналымға шығарылғанға дейін жүзеге асырылатын өнімге қолданылады.
Қағидалар сәйкестікті міндетті және ерікті растау кезінде қолданылады.

  1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  1. аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсім;

  2. аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, ресми танылған сәйкестікті бағалау объектілері;

  3. міндетті сертификаттау – техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін міндетті растау нысаны;

  4. өнiмдердің және процестердiң қауiпсiздiгi (бұдан әрі – қауіпсіздік) – адамның өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне зиян келтiруiне байланысты жол берiлмейтiн тәуекелдің болмауы;

  5. сәйкестiк белгiсi – өнімнің және көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде және (немесе) ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларға ақпарат беруге арналған белгіленім;

  6. сәйкестікті ерікті түрде растау – өтінім берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін, ол арқылы өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің стандарттау жөніндегі құжаттарға және (немесе) өтінім берушінің талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

  7. сәйкестiктi мiндеттi растау – ол арқылы өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

  8. сәйкестiктi растау – нәтижесі техникалық реттеу объектісінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;

  9. өтiнiм берушi – Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, сәйкестікті бағалауды жүргізу үшін өнімді, процестерді және көрсетілетін қызметті ұсынған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы);

  10. сәйкестiктi растау жөнiндегi орган (бұдан әрі – СРО) – сәйкестiктi растау жөнiндегi қызметті жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;

  11. сәйкестікті растау схемасы – сәйкестікті растау рәсімдерінің жиынтығы мен дәйектілігі;

  12. сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

  13. сәйкестік туралы декларация – дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға немесе сатушы айналысқа шығарылатын өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

  14. сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган ол арқылы өнімнің және (немесе) онымен байланысты процестің, сондай-ақ көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім;

  15. сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрi – зертхана) – сынақтарды (зерттеулерді) жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;

  16. техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – техникалық реттеу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  17. өнім – материалдық-заттай нысанда ұсынылған әрі шаруашылық және өзге де мақсаттарда одан әрі пайдалануға арналған қызмет нәтижесі;

  18. процесс – өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiн қоса алғанда, қандай да бiр тапсырылған нәтижеге қол жеткізу мақсатында өзара байланысты және дәйекті әрекеттер (жұмыстар) жиынтығы;

  19. сәйкестікті бағалау – техникалық реттеу объектісіне қойылатын талаптардың сақталуын тікелей немесе жанама айқындау;

  20. сәйкестік сертификатының иесі – сәйкестік сертификатын алған, сәйкестікті бағалауды жүргізуге өтінім беруші;

  21. техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі – техникалық реттеу тізілімдеріндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің, ұлттық стандарттау жүйесінің және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінің мәліметтері мен ақпараттарын сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

  22. мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізілімі (бұдан әрі – техникалық реттеу тізілімі) – техникалық регламенттердің, аккредиттеу субъектілерінің, сәйкестікті бағалау туралы берілген құжаттардың, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың, жабдықтардың, техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер туралы ақпараттың және техникалық реттеу саласындағы өзге де мәліметтердің электрондық дерекқоры;

  23. техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс.

  1. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты шығыстарды өтініш беруші оның нәтижелеріне қарамастан шарт негізінде төлейді.

  2. Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, Өнімді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

  3. Сәйкестікті міндетті растау кезінде өнімнің техникалық регламенттерде, сондай-ақ стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігі расталады.

  4. Сәйкестікті ерікті растау кезінде өтінім берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандарттау жөніндегі құжаттарға және (немесе) өтінім берушінің талаптарына сәйкестігі расталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет