Сәйкестікті бағалау қағидалары 1-тарау. Жалпы қағидалар


тарау. Сәйкестікті бағалау нысандары



бет2/30
Дата15.12.2022
өлшемі126,66 Kb.
#57502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
?@028;0 kz 07.04.21

2 тарау. Сәйкестікті бағалау нысандары



  1. Сәйкестікті бағалау нысандарда жүргізіледі:

1) сәйкестікті растау (сәйкестікті декларациялау және сертификаттау);
2) егер олар техникалық регламенттерге сәйкес сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны болып табылса, сынақтарды;
3) техникалық регламенттерде және (немесе) ұлттық стандарттарда белгіленген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
Сәйкестікті растауды аккредиттелген СРО жүргізеді.
Сынақтарды сынақ зертханасы (орталығы) жүргізеді, оның нәтижесі белгіленген әдістеме бойынша өнім үлгісі қасиеттерінің, сәйкестікті бағалаудың өзге де объектісінің бір немесе бірнеше сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларын айқындау болып табылады.
3-тарау. Өнімді сертификаттау
1-параграф. Жалпы ережелер



  1. Өнімді сертификаттау рәсімі техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіндегі келесі кезеңдерді қамтиды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СРО-ға сертификаттауға өтінім беру;
2) СРО-ның қоса берілген құжаттармен бірге өтінімді қарауы және ол бойынша шешім қабылдауы, оның ішінде растау схемасын бекітуі;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге шарт жасасу;
4) сәйкестендіру, үлгілерді іріктеу және оларды сынау;
5) өндірістің жай-күйіне талдау жүргізу (егер бұл растау схемасында көзделсе);
6) алынған нәтижелерді талдау және сертификат беру (беруден бас тарту туралы) туралы шешім қабылдау;
7) сертификатты техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінде тіркеу;
8) сертификат беру;
9) сертификатталған өнімге инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл растау схемасында көзделсе);
10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат беру.

  1. ӨҚҚ, өтініш беруші, уәкілетті орган және басқа да мүдделі тұлғалар арасында жүргізілетін барлық іс-қимылдар техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

  2. Өнімді сертификаттау ерікті немесе міндетті түрде жүргізіледі.

  3. Сертификаттау кезінде өнімнің сипаттамалары (көрсеткіштері) тексеріледі, :

1) өнімді сәйкестендіруді жүргізуге, оның ішінде сыныптау топтамасына тиесілігін, техникалық құжаттаманың сәйкестігін, осы партияға шығу тегін, тиесілігін, сондай-ақ жиынтығында өнімнің техникалық регламентке және стандарттау жөніндегі құжатқа, тауарға ілеспе құжаттамаға, жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа), ерекшелікке, затбелгіге, затбелгіге және өнімді сипаттайтын басқа да құжатқа сәйкестігін растау үшін жеткілікті болатын белгілері, параметрлері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша оның сәйкестігін тексеруге міндетті. Сәйкестендіру кезінде импорттаушының өнімді таңбалаудағы қажетті ақпарат бөлігінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауы ескеріледі;
2) Өнімнің адам өмірі, денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, Қағидаларда белгіленген талаптарға, сондай-ақ өнімді пайдалану, сақтау және тасымалдау шарттары сақталған кезде сәйкестікті міндетті растау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде тексерілетін басқа да талаптарға сәйкестігін толық және анық растауға міндетті.

  1. Басқа тексерілетін көрсеткіштердің құрамы нақты өнімді сертификаттау мақсаттарына сүйене отырып анықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет