Сейлханов т. М



бет26/27
Дата08.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#80531
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Практикалық сұрақтар
1. Қандай фазалық күйлерде аморфты полимер үшін қайтымды деформация тән?
2. Ақуыздың қышқылды гидролизінің өнімі болып табылатын не?
3. Аморфты полимерлер үшін қандай жағдайларда қайтымды жоғары эластикалық деформация тән?
4. Крахмалдың толық қышқылды гидролизінің өнімі болып табылатын не?
5. Қандай үш фазалық күйлерде аморты полимер болуы мүмкін? Олардың сипаттамасы.
6. Поликондесация кезіндегі мүмкін болатын деструкция реакцияларын көрсетіңіз.
7. Полимер қандай агрегаттық күйлерде кездесуі мүмкін?
8. Полиэфирлерді жоғары молекулярлы массамен алу шарттары.
9. Кристалдық полимерлердің надмолекулярлы құрылымы.
10. Резолды қыздыру кезінде қандай зат түзіледі?
11. Аморфты полимерлердің құрылымы.
12. Новолак қандай өнімдердің әрекеті нәтижесінде пайда болады.
13. Полиэлекролиттердің изоэлектрлік нүктесі.
14. Қандай m мәндер үшін келесі құрылымға ие NН2-(СН2)m-СООН аминқышқылдардың поликондесация процесінде циклизацияның максималды мүмкіндігіне жетеді?
15. Виниламиннің метилметакрилатпен сополимерінің құрылымдық формуласын жазыңыз.
16. Келесі құрылымды НО-(СН2)п-СООН гидроксиқышқылдардың поликонденсация процесі кезінде циклизацияның максималды мүмкінділігі қандай m мәніне сәйкес келеді?
17. Винилпиридиннің метакрил қышқылымен сополимерінің құрылымдық формуласын жазыңыз.
18. Қандай мономер капронды алуда қолданылады.
19. Винилпиридиннің метакрил қышқылымен сополимерінің құрылымдық формуласын жазыңыз.
20. Найлон-6,6 алуда қандай мономерлер қолданылады?
21. Стиролдың метилакрилатпен сополимерінің құрылымдық формуласын жазыңыз.
22. Радикалды полимеризацияның жылдамдығы инициатор концентрациясына қалай тәуелді?
23. Акрил қышқылы мен метилметакрилаттың сополимерінің формуласын жазыңыз.
24. Радикалды полимеризацияның жылдамдығы мономер концентрациясына қалай тәуелді?
25. Полиэлектролиттер.
26. Циглер-Натта катализаторлары.
27. Марк-Кун-Хаувинк теңдеуі.
28. Радикалды сополимеризация кезінде сополимер құрамы қандай факторларға тәуелді?
29. Полимерлердің конфигурациясы.
30. Егер мономер концентрациясын 4 есе кемітсе, бірақ инициатор концентрациясын 4 есе арттырса метилметакрилаттың радикалды полимеризациясының жылдамдығы қалай өзгереді?
31. Полимерлер конформациясы.
32. Полимерлердің молекулярлы массасы радикалды полимеризация кезінде инициатор концентрациясының артуымен қалай өзгереді?
33. Полимерлердің цис-транс изомериясы.
34. Радикалды полимеризацияның жалпы жылдамдығы инициатордың концентрациясын 4 есе көбейгенде қалай өзгереді?
35. 100 г целлюлоза гидролизі кезінде 58 г глюкоза алынды. Бұл теориялық мүмкіндіктен неше пайызды құрайды?
36. Гель-эффект дегеніміз не және ол қай уақытта байқалады?
37. Массасы 1кг целлюлозаның толық этерификациясы кезінде қанша грамм триацетилцеллюлоза түзіледі?
38. Инициатордың концентрациясы бойынша қандай тәртіппен радикалды полимеризацияның жылдамдығы сипатталады?
39. 56г полиэтиленді жандыру кезінде қалыпты жағдайда қанша литр көмірқышқыл газы түзіледі?
40. Поликондесация әдісімен полимерлерді алудағы мономерлер формуласын жазыңыз.
41. Молекулярлы массасы 350000-ға тең поливинилхлоридтің макромолекуласына қанша құрылымдық буындар кіреді?
42. Полимеризация әдісімен полимерлерді алудағы мономерлер формуласын жазыңыз.
43. Түрлендіру схемасы берілген:
СаС2  Х1  Х2  -[СН2-СН(Сl)-]n
Х1 және Х2 заттарын атаныз.
44. Аморфты полимердің жүктемелік кезіндегі жоғары эластикалық деформациясы неге негізделген?
45. Поливинилхлоридтегі хлордың массалық үлесін анықтаныз. Егер поливинилхлоридтің орташа молекулярлық массасы – 1200 болса.
46. Аморфты полимердің молекулярлы массасы өскенде шынылану температурасы қалай өзгереді?
47. Полипропиленнің орташа молекулярлық массасы – 100000-ға тең. Полипропиленнің формуласын және полимеризация дәрежесін көрсетіңіз.
48. Аморфты полимердің шынылану температурасы дегеніміз не?
49. -[СН2-СНСl-]n полимердің құрылымдық тізбегі берілген. Оның молекулярлы массасы – 6250. Полимердің атын және полимеризация дәрежесін көрсетіңіз.
50. Полимердің жоғары эластикалық қасиеттері немен сипатталады?
51. Полимерлердің негізгі өкілдері: Полиэтилен
52. Полимерлердің негізгі өкілдері: Полистирол.
53. Полимерлердің негізгі өкілдері: Полиамидтер.
54. Полимерлердің негізгі өкілдері: Полиэфирлер.
55. Полимерлердің негізгі өкілдері: Полиакрилонитрил.
56. Полимерлердің негізгі өкілдері: Поливинилхлорид.
57. Полимерлердің негізгі өкілдері: Политетрафторэтилен.
58. Полимерлердің негізгі өкілдері: Акрилаттар.
59. Полимерлердің негізгі өкілі: Фенопласттар.
60. Полимерердің негізгі өкілдері: Эластомерлер.
61. Полимерлердің негізгі өкілдері: Синтетикалық талшықтар
62. Полимерлердің негізгі өкілдері: Поливинилацетат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет