Сейлханов т. М



бет24/27
Дата08.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#80531
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Тізбектің иілгіштігі деп жылулық қозғалыстың немесе сыртқы күштердің әсерінен буындардың негізгі тізбектің бойымен айналуын айтады.
Фотохимиялық иницирлеу - Бұл әдіс лабораториялық тәжірибеде кең қолданылады. Мұнда мономер жарық сәулесінің квант энергиясын бойына жұтып, еркін радикалдарға ыдырайды.
Химиялық иницирлеу - Ең көп тараған иницирлеу әдісінде, арнаулы химиялық қосылыстар, инициаторлар қолданылады. Инициаторлар мономер ортасында аздап қыздырғанда радикалдар түзеді. Нициатор ретінде әртүрлі пероксидтер, азоқосылыстар пайдаланады.
Шынытәріздес күй – бұл аморфты полимерлердің қатты күйінің бір формасы, оған негізгі тізбектің атомдары мен валентті бұрыштарының арасындағы қашықтықтың өзгерісімен байланысты үлкен емес серпімділік деформация тән.
Эмульсиялық полимеризацияiс жүзiнде мономердi ерiтпейтiн ортада (мысалы, суда) жүргiзiледi. Эластомерлер топтарын салыстырмалы кішкене ауыртпалық кезінде өте үлкен қайтымды деформацияға (500-1000%) ұмтылатын полимерлер құрайды.
Элементарлы буындардан деп көптеген ЖМҚ макромолекуласындағы бірдец, бірнеше рет қайталанылатын атомдар тобы аталады.


Зертханалық жұмыстар.
Әдістемелік ұсыныстар:
Жұмыстың орындау тәртібін мұқият оқып шығып, тәжірибелік жұмысқа арналған дәптерге қажетті мәліметтер жазып алу. Студент нені және қандай реттілікпен істеу керектігін анық білуі керек. Тәжірибелік жұмысты орындағанда ЖМҚ химиясы зертханасында жұмыс істеу ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтау қажет.

№ 1 зертханалық жұмыс


Стиролдың катиондық полимерленуі.
Тапсырма:
1. 200С температурада стиролдың нитробензолдағы (катализатор – сірке қышқылы) полимерленуін өткізу.
2. Әрбір 20, 40 және 60 минуттан соң сынама ала отырып, полимердің шығымын (г-мен және %-пен)
3.Сипаттамалы тұтқырлықты анықтау, барлық полимерлік сынамалардың молекулалық массасын есептеу.
4. Алынған нәтижелерді кесте түрінде келтіріп, молекулалық масса мен полимер шығымының реакциясының ұзақтығынан тәуелділік қисығын құру.
Негізгі әдебиеттер: 2, 13-14.
Қосымша әдебиеттер: 1-4.

№ 2 зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет