Сейлханов т. М



бет23/27
Дата08.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#80531
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Радикалдық полимерлену әрқашан тізбекті реакциялар механизмімен жүреді. Сондықтан радикалдық полимерлердің активті орталығы еркін радикал болып табылады. Еркін радикал дегеніміз жалқы электроны бар активті бөлшек. Радикалдар жүйеде физикалық әсерден немесе химиялық жолмен түзіледі.
Радикалдық полимеризация - химиялық байланыстардың гомолитикалыңүзiлуi арқылы түзiлген, жұпталмаған электроны бар белсендi бөлшектер – бос радикалдардыңқатысуымен iске асатын мономер молекулаларыныңқосылуының тiзбектi реакциясы.
Радиациялық иницирлеу - Мұнда еркін радикалдар иондаушы радиоактивтік сәулелердің (γ- және рентген сәулелері) әсерінен пайда болады.
Реактопласттарқыздыру кезінде қайта формалануға қабілетсіз, қатты, балқымайтын, ерімейтін өнімдерге айналады және құрылымданады.
Сегмент полимер тізбегінің иілгіштігі мен қатаңдығының өлшемі ретінде қолданылады.
Сополимер деп полимердің негізгі тізбегінде екі немесе одан да көп мономер молекулалары бар болса аталады.
Сополимерлену деп екі немесе одан да көп мономерлердің бірігіп полимерленуі аталады.
Талшықтарғаөте жоғары қарсыласушы деформацияланушы полимерлер жатады.
Термиялық иницирлеу кезінде еркін радикал жоғары температураның әсерінен қос байланыстың ашылуынан пайда болады.
Термопласттар қыздырған кезде жұмсалады, ал суытқан кезде қатаяды.
Тізбектің өсуі - тізбектің өсуі иницирлеудің нәтижесінде түзілген радикалдарға мономерлердің біртіндер қосылуынан жүреді. Реакция кезінде мономердегі π- және σ- байланыстарының энергиялары әр түрлі болғандықтан бұл реакция әрқашанда жылу бөлу арқылы жүреді.
Тізбектің үзілуі - деп кинетикалық және материалдық тізбектің шектелу реакцияларын айтады. Тізбектің үзілуі жүйедегі активті радикалдардың жойылып, олардың орнына активтігі төмен, мономер молекуласын өзіне қоса алмайтын радикалдардың пайда болуына әкеледі.
Тiзбектiң берiлуi реакциясы полимерленуді қоздыратын белсенді орталықтың өсуші полимерлі тізбектен М* тізбекті беруші деп аталатын (П) басқа бөлшекке тасымалдануынан тұрады:
)x + П → (М)x + П; П + М →П – М
Бұл жағдайда полимерленуді иницирлеуге қабілетті П* жаңа бөлшегі және белсенді емес, «өлі» макромолекула (М) алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет