«Қабілет» түсінігінің ғылыми 3 негізгі көрсеткіші: 1.Қабілет-бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.
2.Қабілет-барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
3.Қабілет-нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Дарындылық Дарындылық дегеніміз - адамның басқа адамдармен салыстырғанда бір немесе бірнеше қызмет түрлерінде адамның жоғары, көрнекті нәтижелерге жету қабілеттілігін анықтайтын бүкіл өмір бойы дамитын психиканың жүйелік сапасы.
Психологтардың, педиатрлардың, педагогтардың, спорт, көркем өнерінің және басқа мамандарының пікірлері және қазіргі зерттеулердің нәтижелері бойынша барлық бала дарынды немесе өзіндік жеке – дара ерекше қасиеті бар деген тұжырым бар.
Қабілет түрлері: Интеллект, ғылыми жұмыстарға, спорт, көркем шығармашылық, музыка, техника, әдебиет, әртістік.
Дарын дегеніміз – адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр. Дарын – адамның белгілі бір дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап, оны одан әрі дамта білу қажет.
Мектеп психологтары сынып жетекшілерімен бірігіп, әр түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы мәселесі толық шешпейтінімен, әр баланың қабілетін, болашақ бағытын анықтауға, оның дарындылығының дамуына мүмкіндік береді.
Дарындылық түрлерін анықтайтын көрсеткіштер қатарына мыналар жатады: 1. Іс-әрект түрі мен оны қамтамасыз ететін психика салалары: тәжерибелі, танымдық, көркем - өнерге немесе рухани өмірге байланысты
2. Қалыптасу дәрежесі: нағыз (актуалды) мен әлеуетті (потенциалды) түрі
3. Байқалу ерекшелігі: жалпы немесе арнайы салаға тән
4. Әр түрлі әрекеттердегі көріну кеңдігі: нақты немесе көптеген салада көрінеді
5. Жастық ерекшеліктері: жастайынан ерте не кеш дамыған қабілеттерге байланысты
Өмірде бұл түрлері қосарласып келеді.
Сонымен қатар дарындылықтың жеке түрлері ерекшеленеді
Интеллектуалды дарындылық IQ
Әлеуметтік дарындылық (тұлғааралық қарым-қатынастарға икемділік, көшбасшылық, топ басқару кабілеті)
Эмоциялық дарындылық (эмоция тану, басқару, әсер ету) EQ
Академикалық дарындылық (білімділік, оқуға бейімділік)
Тұлғаның ішікі жандүниесін түсінуге байқалады (рефлексияға бейімділік, күйзелістерді талдау икемділігі)
Психомоторикалық дарындылық (ағзаның қабілеттілігі, спортта, биде, кеңістік ойлауда байқалады)
Креативтілік дарындылығы (шығармашыл)