Міндеттері: •Оқушылардың ақыл ой қабілеттерін жетілдіру.
Шығармашылық жеке дарындылығын дамыту.
Қабілеті ерекше оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.
Слайд көрсету
Дарынды оқушыларды қолдау ҚР Білім туралы Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалды дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту” мәселесі қаралған. Оқушының зерттеушілік, жобалаушылық қабілеті оның ойлауы мен іс жүзіндегі әрекеттері арқылы дамиды. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады,билейді, өлең айтады,белгілі бір музыкалық құралда ойнайды,мүсін салады). Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қабілет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Қабілеттілік-адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың, тұрақтылықтың көрініс беруі.
Дарынды оқушылардың жол картасы 2019 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек» деді. Осы мақсатта Үкімет тарапынан дарынды балалардың қабілетін дамытудың Жол картасын әзірледі. Жолдауда дарынды балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндіктер жасау керек деді. Осы ретте, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының 55-тармағын іске асыру мақсатында ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен қабілетін дамыту мемлекеттік Жол картасында айқындалынды.