Тәжірибелі оқытушы семинардағы оқу тобына күнделігін арнайды,сол арқылы әрбір білім
алушының нақты бағасы қойылып отырылады. Мұндай күнделіктің формасы барынша әртүрлі
болады. Мұнда
білім алушылардың сабақ айтуы, сұрақтарға берген жауабы, баяндамаға
ескертулер, білім алушылар баяндамасының теориялық
және әдістемелік талдаулары,келесі
студенке кезек бермей кақпайлай отырып, таласа жауап беруі сияқты мәселелердің мазмұнына
қарай, сәйкестендірілген бағалары енгізіліп отырылады. Өзіне ыңғайлы болу үшін оқытушы
мынадай төмендегідей формада шартты белгілердің жүйесін құрастырады: Р-реферат,Б-
баяндама,
Қ-косымша, Ж-сұраққа жауап, Т-жарыса жауап беруі, К/Ж-конспектінің
жоқтығы,Ж/Б-дайындықтың болмауы және т.б.
Күнделіктің келесі бетіне әрбір семинар сабағының нәтижесі бейнеленеді.
Осы бетте
мерзімі тақырыптың аты, баяндамшының және сабақ айтушының аты жөні, сабақ айтқандарға
қысқаша ескертулер орын алады.
Өз күнделігінде оқытушы жүйелі түрде әрбір тақырыпқа сай конспектінің болуы және
болмауы, сондай-ақ қосымша енгізу керектігі туралы мәліметін жазады.
Оқытушы алдын ала білім алушыларға, сабақтың қорытыңды кезінде олардың семинар
курсының әрбір тақырыбына сай конспектілерін, қолданған әдебиеттері, деректерінің тізімімен
қоса тексеретіндігін ескерткені жөн. Осы бағыт білім алушылардың жұмысқа, яғни сабақка деген
жүйелі түрдегі, үнемі ізденісте болуын және оқытылып отырған
пәннің барлық мәселелерін
үйренуге деген талпынысын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: