Семинар сабағының Әдістемелік ұсынысы (барлық білім алушылар үшін)


 Студенттердің шығып сөйлеуіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет13/56
Дата27.02.2023
өлшемі1,57 Mb.
#70147
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56
Байланысты:
Тарих практика

6.2. Студенттердің шығып сөйлеуіне қойылатын талаптар 
Семинар сабағының жетістігін қамтамасыз ететін жағдайлардың бірі сұраққа жауап беріп 
тұрған студентке, баяндама мен рефератқа қойылатын нақты талаптардың жиынтығы болып 
табылады. Бұл талаптар өте нақты болуы керек, бірақ уақыттың өте шектелмеуі қажет, өйткені 
студенттің шығармашылық ойы уақыттан қысқан сайын тұйықталып, нығыздалып, үстірт болып 
кетеді. Соңдықтан қатаң белгіленген жүйеге, схемаға негізделіп калмау керек. 
Студенттің сабақ айтуының немесе жауап беруінің көз келген формасына қойлатын талап 
шамамен мынадай: 
1. Айтып тұрған мәселенің өткен тақырыппен немесе сұрақпен 
байланыстылығы. 
2. Мәселенің өзектілігі. 
3. Ғылыми және тәжірибедегі қызметке әдістемелік тұрғыдағы білімділігі. 
4. Берілген мәселеге көзқарасы мен зерттеу бағыты болуы қажет. 
Жауап беріп тұрған баяңдамашыға семинар қурсының басында міңдетті түрдегі 
қойылатын талап, баяндама, рефераттың жоспарын айту. Тәжірибе көрсеткендей, көптеген
студенттер қандай-да бір мәселеге байланысты сөйлеп тұрып, өз баяндамасының қысқа желісі 
бойынша негізгі жағдайларды айтып шығуға қиналады. Алғашқы семинар сабағында студент 
нақты бір жоспарланған түрде сабақ айта алмайды. Кейде семинарға дайыңдалу барысыңда көп 
студенттер жоспарды жұмыс басыңда құрмайды, керісінше айтатын мәселесін жазып болып, 
жазылған мәліметке сәйкес жоспар құрады. Мұндай жағдайда оқу құралдарыңдағы мәліметтерді 
дерлік сөзбе сөз қайталағандықты, оны жете меңгермегендікті байқатады. Кейбір белгілі 


жағдайларда студентке баяндамасының бір немесе екі бөлімін ғана айтуды ұсынуға болады. Бұл 
мәселені дөп ойлауға, назарды бір мәселеден екінші мәселеге аударта білу қабілетін жетілдіруге 
жол береді. Семинар жетекшісі мәліметтің дәлме дәл қайталанып шағуына жол бермей, мұндағы 
мәселелердің ең негізгісін айтып, уақыт ұтуға мүмкіншілік береді. 
Студенттердің сабақ айтуына қойылатын маңызды талаптардың бірі өз бетінше 
дәлелдемелі деректерді, мәліметтерді дұрыс таба білу және оны талдауда мысалдарды немесе 
фактілерді қарастыруды, олардың өзара байланыстылығын ескере отырып, ең маңыздысын 
таңдап алу қажет. Студенттердің сабақ айтуы ойдың даму заңдылықтарына сай болып келуі 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет