Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі63,43 Kb.
#12643
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жүсіпбек Аймауытов


Жүсіпбек Аймауытов

(1889-1931)

Жазушы, драматург, сыншы, публицист, ғалым Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Қызылту болысының бірінші ауылында туған. Жүсіпбек 15 жасына дейін ауыл молдасынан оқып, хат таныды. Кейін өзі бала оқытты. “Қартқожа” романында суреттелетін бала молда өзі екенін жазушы мойындап жазған. 1911-1914 жылдары Керекудегі орыс-қазақ мектебін бітіріп, 1914-1917 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқыды. 1919 жылы Алашорда партиясына кіріп, “Абай” журналын шығаруға атсалысты. 1919-1920 жылдары Павлодар, Семей қалаларында партия, кеңес қызметін атқарады. Ол 1921 ж. Семейдегі губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, кейін “Қазақ тілі” газетінің редакторы болып істейді. 1924-1925 жылдары Қарқаралыда мұғалім, 1926 жылы Ташкентте шығатын “Ақ жол” газетінде әдеби қызметкер, ал 1926-1929 жылдары Шымкент педтехникумының директоры болады. 1929 жылы Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен Ж.Аймауытов тұтқынға алынып, ату жазасына кесіледі. 1931 жылы 42 жасында, нағыз шығармашылығының толысқан шағында қыршынынан қиылады.

Жүсіпбек 13-14 жасынан қисса, дастандарды жаттап, ойын-тойда бірер ауыз өлең шығарып ақындық өнерге қадам басады. Жан-жақты талант иесі Жүсіпбек казақ әдебиетінің бастауында тұрып, өзінің замандастары Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мұқтар, Мағжан, Сәбиттермен бірге көптеген жаңа жанрлардың негізін қалады. Жүсіпбектің әдеби мұрасы аса бай. «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі мен көптеген әнгімелері, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Қапия мен Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, өлеңдер мен «Нұр күні» поэмасы , балаларға арналған ертегі кітапшалар, сын мақалалары мен көптеген аударма еңбектері, оқулыктары бар. Әдеби шығармаларының басты тақырыбы: әйел теңдігі, бас бостандығы, ел қорғаны болған ерлерді дәріптеу. Ол қалың бұқараны оқу, білім, өнер жолына үгіттеді.

Ол халық ағарту комиссариатында, педагогикалық оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған ғылымның әр саласында жан-жақты білім алуын көздеп бірнеше еңбектер мен оку құралдарын жазды. Оның ішінде "Тәрбиеге жетекші" (1924), "Псиxология" (1926), "Жан жүйесі мен өнер таңдау" (1926), "Комлексті оқыту жолдары" (1929), т.б. еңбектерін ерекше атауға болады. Бұлар педагогика, псиxология ғылымдарының іргетасын қалауға үлес қосқан, қазақ жастарына осы ғылымдар негізінен мәлімет беретін еңбектер екені даусыз. Төменде осы еңбектерден үзінділер береміз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет