Семинар тақырыбы : «Жемқорлық»



бет3/3
Дата24.03.2023
өлшемі34,52 Kb.
#75976
түріСеминар
1   2   3
Мысалы, Нидерландыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өзіне мыналарды енгізеді:
- сыбайлас жемқорлыққа бейім тұратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда мониторинг жүйесін енгізу және осы жерлерде қызмет ететіндерді қатаң бақылап отыру. Сыбайлас жемқорлықпен күрес
- жүргізетін тұлғаларды лауазымға тағайындау;
- сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жазалау жүйесі – бұл мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуге қатаң тыйым салуды және мемлекеттік қызмет ұсынатын барлық әлеуметтік жеңілдіктерінен айыруды көздейді;
- лауазымдық тұлғаның жағымды әрекетін көтермелеу жүйесі – шенеунікке өз қызметін тиімді де адал орындауы үшін материалдық тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да жағдай жасау;
- арнайы полиция типіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес
- жөніндегі мемлекеттік қауіпсіздік жүйесі;
Компаративтік талдау бойынша әр мемлекеттің өзінің күресу жолы, әдісі, тәсілі бар. Ал басқа жағынан қарасақ, көптеген мемлекеттердің сарапшылары біркелкі ережелер нормаларын қолдану керек деп ұсыныс жасайды. Тіпті, бүкілұлттық тәртіп әдептілігін қалыптастыру қажет дейді.
Осы орайда, 1995 жылы Ұлыбританияда Нолан Комиссиясы 7 қағида қабылдады:
1. Риясыздық. Лауазымды қызметкерлер қоғамдық мүддені жоғары ескере отырып, бір шешімге келеді;
2. Сатылмастық. Лауазымды қызметкерлердің өздерін басқа бір адамдарға не ұйымдарға қаржылық тәуелсіздікке қоймағаны дұрыс;
3. Әділдік. Жоғары қызметке тағайындау, келісімшарт жасау, марапаттау мәселелері бойынша шешім қабылдағанда лауазымды қызметкерлер үміткердің кәсіби қабілеттерін, іскерлігін ескеруі тиіс;
4. Есептілік. Лауазымды қызметкерлер қоғамның алдында өздерінің істеген ісі, қабылдаған шешімдері бойынша есеп беріп отыруы керек;
5. Ашықтық. Лауазымды қызметкерлердің шешімдері мен істері қоғамға ашық болуы тиіс. Әр шешім дәйектеліп отыруға міндетті.
Арды, абыройды сақтаушылық. Лауазымды қызметкерлер өздерінің мүдделері туралы ашық айтып, егер де осы мүдделері олардың істеген жұмысына қайшылық келтірсе, қоғамның пайдасына әкелетін шешімге келуге тиісті.
Басшылық. Лауазымды қызметкерлер осы аталған қағидаларды қолдана отырып, басшылықты орындап, өзінің дұрыс істерімен, мінезқұлқымен үлгі көрсетіп отыруға міндетті.
Жемқорлыққа қарсы өзгерістерді жүргізетін басқа топ институционалдық деп аталады. Бұл топ жемқорлыққа қарсы мүлде басқа күресті көрсетеді. Олардың ойынша, жаңа әдіс, жаңа жолға бар бағдарламаны жойып тастап, нормативтік іс-әрекеттерін өзгерту керек. Институционалдық жемқорлық өзгерістерге мынадай мысал келтіруге болады: сайлау үрдісіне ашықтық, жариялылық қамтамасыз ету; үкімет жұмысына және орындаушы басшылығына парламенттің бақылауы; сайлау үрдісінде қаржы мәселесіне бақылау жасау; мүлік мәселесін шектеу; мемлекеттік қызметкерлерінің кіріс-табысын, қаржы міндеттерін, шенеуніктердің табысының көтеруін, жылдық қаржы есебін беру, жемқорлыққа қарсы арнайы заң қабылдау, әкімшілік және қылмыстық жазалау тағы басқалар. Сайлаушылардың дауысын сатып алу көптеген мемлекеттерде дәстүрге айналған. Бұл әдіс АҚШ, Ұлыбританияда және басқа Еуропа мемлекеттерінде XIX ғасырда кең таралған. Қазір осындай шаралар шектелсе де, бүгінде осындай заң бұзушылық байқалады. Испания мен Италияның сайлау үрдісінде басқа шаралар қолданады. Ықпалы зор үміткерлерге саяси партиялардың көсемдері «патронаж» деген әдісті пайдаланады. Бұл әдістің маңызы мынада: сайлау кезінде көмектескен адамдарға мемлекеттік органдардан бір пайдалы қызметтерді ұсынады. 1966 жылы Тайландта өткен сайлау сайлаушыларға сыйлықтар тарату негізінде өтті. Сондықтан, көптеген мемлекеттерде сайлауды өткізу барысында ашықтық талап етіледі. Екіншіден, сайлау компаниясын қаржыландыруды бақылауға алып, нормадан жоғары қаржыландыруға тыйым салынады.
Ботсванада сыбайлас жемқорлықтың қарқынды өсуін тежеуге келесі шаралар көмектесті: шенеуніктердің санын қысқартып, олардың жалақысын көтерді және мемлекеттік мекемелердің құрылымы ықшамдалды, әрі сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне дереу санкция салынды.
ОАР-да бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық деңгейі көптеген еуропа елдеріне қарағанда төмен. Олар қабылданған жаңа заңдардың көмегімен Үкіметті Парламент алдында есеп беруге міндеттеу арқылы, шенеуніктер мен депутаттарға табыстары және басқа да салық төлейтін мүліктері жөнінде декларация тапсыру және мемлекеттік жүйенің ашықтығын қамтамасыз ететін қадамдарды қабылдау жолымен қол жеткізілді.
Израиль сыбайлас жемқорлықтан жеткілікті түрде ерікті мемлекеттердің бірі болып саналады. Ондағы жемқорлыққа қарсы күрес, Нидерланды елінде қолданылатын шараларға қоса, «мониторинг жүргізудің белгілі қайталануы» жүйесі арқылы жүргізіледі. Израильде шенеуніктер үшін едәуір әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған және сыбайлас жемқорлық анықталған жағдайда олар қатаң жазаланатындықтан, төмен деңгейлі жемқорлық жоқ дерлік. Оның себебі, бұл елдерде мемлекет көп ғасырлы күрес нәтижесінде құрылған.
Әлемнің көптеген елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес қағидаларының бірі - Заң алдында барлық азаматтардың теңдігі. Жемқорлық қылмыс жасаған азаматтар өздерінің әлеуметтік жағдайына қарамастан Заң алдында жауапкершілікті бірдей тартады. Қытайда ҚХР Мемлекеттік комитеті сыбайлас жемқорлық үшін жаза туралы Қағиданы 1952 жылы қабылдады. Осы Қағидаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық - барлық мемлекеттік органдар, мекемелер, оқу орындары және соларға қарайтын бөлімдердің қызметкерлерінің қоғамдық мүддені жамылып жасаған мемлекет құндылықтарына ие болу, алдау жолымен ұрлау, иемдену, басқа адамдардың құндылықтарын сұғанақтықпен алу, пара алумен анықталады. 1997 жылы 1-қазанда ҚХР-ның жаңа редакциядағы Қылмыстық Кодексі күшіне енді. 1979 жылғы Кодекс толықтырылды - 192 бап болған еді, енді 451 болды. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы нормаларды қылмыстық-құқықтық және қылмыстық істер деп жеке тарау етіп бөлу жеткілікті негізделген. Ол туралы норма жекеменшікке қарсы қылмыс жөніндегі тарауға енгізілген болатын. Жаңа тарау 394 баптан тұрады. Мысалы, пара алғаны үшін мемлекеттік ұйым айыппұлмен жазаланады, тікелей орындаушы мен ұйымның басшысы жағдайдың ауырлығына байланысты – 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе тұтқындалады. Сыбайлас жемқорлық сыбайлас жемқорлық немесе пара алу кірісінің сомасы 100 мың юаньнен асып кетсе, онда 10 жылға бас бостандығынан айырылады немесе дүние-мүлкі тәркіленеді немесе онсыз өмірлік бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Валюталық қылмыстармен күрес жөнінде Қытайдың тәжірибесі көңіл аудартады, соның барысында бірнеше миллиард доллардың жалған кедендік декларацияларын, жалған шетелдік лицензияларды пайдаланып, банктерден валюта алған фирмалар қатары анықталды, шетелдік келісімдер бойынша жалған аванс төлемдер фактілері және оффшорлық қаржы операциялары көлемінде көптеген заң бұзушылықтар ашылды.
Францияда лауазымдық тұлғалардың қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілігін реттеу саласында 1983 жылғы 13 шілдедегі «Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары және міндеттері туралы» Заңның және 1992 жылы қабылданып, 1994 жылы қыркүйекте күшіне енген Қылмыстық кодексінің маңызы зор. «Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары және міндеттері туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік шенеунікке «өзін тек қызметке арнау» міндеті жүктелген, бұл Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің міндеттеріне ұқсас. Аталған заң мемлекеттік қызметкердің өзіндік абырой кодексі болып табылады. Францияда мемлекеттік қызметкерлерге тексеру және бақылау қол астындағы кәсіпорындардың әрекетіне араласуға тыйым салады. Кейде көрсетілген міндет мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін де, сол шенеуніктің артынан сақталынып қалады. Билікті жеке басы үшін пайдалану жөніндегі нормалар жүйесінде басты орынды, сөзсіз, бұқаралық лауазымдық тұлғалардың белсенді пара беру және сылбыр пара алу парақорлығы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы нормалары алады. Параны алғаны, ұсынғаны, парақорлық және парақорлыққа пара беру үшін бірдей жазаланады: 10 жылға түрмеге қамалынады және 1 млн. франк көлемінде айыппұл төлейді. Лауазымдық тұлғаларға лауазымнан босағаннан кейін 5 жылға дейін өзінің капиталымен жұмыс істеуге, жеке кәсіпорындарға кеңес беруге тыйым салады.
Францияның ерекшелігі - соттардың жасаған, Төрелік сот мүшелерінің немесе соттың, не жеке адамдардың шақыруымен келген, екі жақты келістіру үшін сотпен шақырылған сарапшылардың арнаулы парақорлық құрамын бөліп көрсету. Көрсетілген әрекеттер 10 жылға түрмеге жабумен және 1 млн. франк айыппұл төлеумен айыпталады.
Байқағанымыздай, шетел мемлекеттерінде жемқорлыққа қарсы заңнама күресудің барлық құқықтық құралдарын, яғни, қылмыстыққұқықтық қана емес, қолдану жағына қарай және жемқорлықтың алдын алу жағына қарай дамып жатқандығы көрініп тұр. Осы елдердегі сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне талдау жасау, Қазақстан үшін тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы пайдалы әрі тиімді озық ұлттық стратегияны жасауға көмектеседі. Біріншіден, сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған мемлекеттің жоғарғы басшысының күшті саяси жігері және соның негізінде құрылған мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық сипаттағы сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясат. Екіншіден, мемлекеттік әкімшілік жүйесінің бәріне азаматтық қоғам жағынан ұйымдастырылған әлеуметтік бақылау және құқық бұзушылардың қылмыс жөнінде іс қозғау мүмкіндігімен қамтамасыз ету. Үшіншіден, билік жүргізуге ие тұлғалардың, мемлекеттік қызметкерлердің қызметінің тазалығы жөніндегі мониторингті жүзеге асыруы, тәуелсіз органдардың алдында қатаң есеп беруі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет