Семинар тақырыбы: «Жазылым дағдысын дамыту: аргументативті эссе жазудың жолдары мен бағалаудың талаптары»



бет3/6
Дата13.04.2023
өлшемі39,91 Kb.
#82401
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
эссе үлгілері

АРГУМЕНТАТИВТІ ЖАЗУ ДЕГЕН НЕ?
ОНЫ ҚАЛАЙ ЖАЗАДЫ?



Аргумент деген не?

  • Аргумент дегеніміз – логикалық негіздемелер, мысалдар мен зерттеулердің көмегі арқылы дәлелденген белгілі бір шешім

  • Аргументативті эссе – даулы тақырыпқа жазылған әдеби шығарма. Басқаша айтқанда, «қосыламын» және «қарсымын» деген сияқты дау тудырушы кейбір тезистерді қорғайды.

Эссенің мақсаты:

  • Аудиторияны белгілі бір көзқарасқа сендіру және оларды өз жағына көндіру;

  • Басқа емес, тек сол ұстанымның неліктен тиімді екенін айқын тұжырымдау.

Аргументативті жазудың түрлері:

  • Саяси

  • Экономикалық

  • Мәдени

  • Білім беру



Аргументативті эссе төмендегі элементтерден тұрады:
КІРІСПЕ:

  • Тақырыпты тұжырымдау;

  • Тақырыптың өзектілігі;

  • Біршама пікір алшақтық;

  • Тақырып құрылымын қарастыру және негізгі ойға көшу.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Автордың алға қойған (2-3) шешімі (дәлелдері);
1.2 Шешімдерді талқылау кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдарды анықтау;
1.3 Шешімдерді растайтын дәлелдемелер және қолдау (фактілер немесе мысалдар);
1.4 Қарсы дәлелдерді немесе қайшылықты шешімдерді қарастыру, (неліктен әлсіз екенін көрсету қажет, ал автордың мақұлдауы күшінде қалады).


ҚОРЫТЫНДЫ:

  • Негізгі шешімді қайталау;

  • Негізгі шешімді қорғайтын екі-үш ұсыныс сөйлем, түйінді аргументтер;

  • Ұсынылған шешімдерді қабылдамаған жағдайдағы келетін зияндар туралы жалпы ескертулер және аталған тұжырымның пайдалы жақтары туралы жалпы қорытынды сөз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет