Семинар тақырыбы: «Жазылым дағдысын дамыту: аргументативті эссе жазудың жолдары мен бағалаудың талаптары»



бет4/6
Дата13.04.2023
өлшемі39,91 Kb.
#82401
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
эссе үлгілері

ІІ. Практикалық кезең
АРГУМЕНТАТИВТІ ЭССЕНІ ҚҰРЫЛЫМЫ БОЙЫНША ЖАЗУ ҮЛГІСІ
Жойылу қауіпі бар түрлер және оларды сақтау
І.Кіріспе бөлім

Тақырыптық сөйлемдер

Қолына мылтық ұстағандар киікті қынадай қырып, біреу арзан етке, екіншісі тегін ақшаға қарқ болса, бұл күндері пысықайлар ақбөкеннің мүйізін сыртқа сатып, пайда табуды кәсіпке айналдырған.

Талқылау сұрағы

Шынымен де, еш қиянаты жоқ жануар жер бетінен жойылып кете бере ме?



ІІ.Негізгі бөлім

1-абзац

Пікір

Сағым далада сайран салып жүрген ақбөкендер қайда екен кешегі? Сарыарқаның рахатына батып жүрген мөлдір көзді асыл жануарымыздың қазіргі күндегі тыныс-тіршілігі қандай деңгейге жетті екен?
Осы бір сұраққа кей адамдар қапаланып жүрсе, ендігі бірі қапаланбақ түгілі сол киелілеріміздің санын азайтуға ортақтасып жатқандай. Біз бұны тек құлақпен естіп қана жатқан жоқпыз, көзімізбен көріп, қатігездіктің куәгері болып та жатырмыз.

Аргумент

Бұған дәлел: Республикамыздың оңтүстік аймағында көлігінің жүксалғышында өлі ақбөкен тиеп бара жатқан бес браконьер ұсталған (kaztrk.kz).

Сараптама

Жазиралы жерімізде тарсылдаған мылтықтың даусы, қан-қан болып жатқан сағым дала, маңырағанда жүректі қынжылтатын ащы дауыстар - бәрі-бәрі қазақтай қарапайым халықтың көкірегінде сайрап жатса да, адамдардың біразы бірыңғай теріс бағытқа ұмтылып бара жатқандай.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет