Семинар тақырыбы: «Жазылым дағдысын дамыту: аргументативті эссе жазудың жолдары мен бағалаудың талаптары»



бет5/6
Дата13.04.2023
өлшемі39,91 Kb.
#82401
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
эссе үлгілері

2-абзац

Пікір

Киікті қазақ «киелі жануар» деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық.

Аргумент

Қазақстан көлемiнде қалған ақбөкендер саны 2003 жылы 20 мыңға азайып кетсе, 2013 жылы 187 мыңға жеттi. Бұл, әрине, қуанышты жағдай. Дегенмен «Қызыл кiтапқа» тiзiмге енгiзiлген ақбөкендердi қорғау өзектi мәселе болып тұр.(baq.kz.)

Сараптама

Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Нақты шешім

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам, ақбөкендерге қол салмау керек екенін әрбір қазақ біледі. Әйтсе де бұл айтылған ережелер кейбірінің жүректеріне жетпеген секілді,..

Ұсыныстар

...сондықтан қазіргі заңдағы ақбөкендерді қорғау ережелерін қатайту керек деп ойлаймын. Заманамыздың тыныштығын осы бастан ойлауымыз қажет. Егер де біз жануарларымызды көзіміздің қарашығындай сақтайтын болсақ, сайын дала сайыпқырандарының саны артары сөзсіз. (259 сөз.)
Авторы: Мүсілім Арайлым, 10 «D» сынып оқушысы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет