Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет165/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   422
Эстетикалық аңдауға келер болсақ, Шопенгауер Канттың айтып 
кеткен пiкiрiн қолдап, оның риясыздығына аса көп көңiл бөледi – 
онда ешқандай өзiмшiлдiк сезiм, я болмаса пайдақорлық ойлар, 
мүдделер болмауы керек. Өнердi игерудiң негiзгi мақсаты – адамның 
жан-дүниесiн өзiмшiлдiктен шығатын зардаптан құтқарып, оны 
тыныштыққа бөлеу. Өнердiң түрлерiн талдай келе, Шопенгауер мүсiн 
мен сурет – кеңiстiктiң, ал әуен мен поэзия уақыттың шеңберiнде ғана 
өмiр сүре алады дейдi. Бұлардың бәрi де өз мүмкiндiгiнше әлемдiк 
ерiктi сипаттайды, бiрақ әуеннен терең өнердiң түрi жоқ. Өйткенi 
әуенде оны шығарушы, орындаушы мен тыңдаушының арасындағы 
айырмашылық мүлдем азаяды. Өзiнiң ең биiк жетiстiктерiнде әуен 
әлемдiк ерiктi ақылмен түсiндiрiлмейтiн құпия жолмен бiздiң жан-
тәнiмiзге сезiндiредi. Әрине, Шопен-гауердiң бұл ойлары Шеллингтiң 
көзқарасына жақын екенiн байқауға болады. Тек Шеллинг әуендi, 
әсiресе оның симфониялық түрiн Абсолютке жетудiң жолы деп есеп-


243
теген болатын. Ал Шопенгауердiң дүниесезiмiне қайғылы музыка 
(реквием сияқты) жақынырақ болды – тек қана осы әуендер адам 
болмысының қайғылылығын, трагедиясын жете сезiндiре алады.
Әлемдiк ерiкпен күрестiң екiншi жолы – этика. Егер дүниедегi 
барлық зардаптың түп-тамыры ерiкке барып тiрелсе, оны жою, 
моральдық жағынан алып қарағанда, – ақталатын нәрсе. Ал адам саналы 
пенде ретiнде өз iшiндегi ерiктi жою арқылы әлеуметтiк ерiктi тарата 
алады. Ол үшiн Шопенгауер адамдарға үзiлдi-кесiлдi талап ұсынады: 
«өзiңе қалайтынның бәрiнен де бас тартып, қаламайтыныңды 
жаса». Бiр қарағанда, ол ақылға сыймайтын нәрсе сияқты. Бiрақ 
оның негiзiнде жатқан мағына мынада: ол – адамның өмiрге деген 
қызығушылығын, соған бағытталған еркiн сөндiру. Ол үшiн адам 
тақуалық өмiр салтын ұстап, басқалардың зардабын бөлiсiп, өзiнiң жан-
дүниесiнде ешқандай да өзiмшiлдiктiң жұрнағын қалдырмай, құртуы 
керек. Сонда ғана адам өмiрге деген қызығушылықтан толығынан 
арылып, өзi сияқты жердегi бақытқа жетуден бас тартқан адамдар-
мен бiрiгiп, басқа адамдардың зардабын, қайғысын жеңiлдетуге тыры-
сады. Бұл көзқарас үндi халқының тудырған «нирвана», көне грек 
философтарының «атараксия» деген ұғымдарына өте жақын.
Әрине, Шопенгауердiң дүниеге деген көзқарасында өз зама-
нының көптеген терiс жақтары әшкереленген. Бүгiнгi таңда адам-
зат ол қайшылықтардың бәрiн шештi деп айта алмаймыз. Керiсiнше, 
Шопенгауердiң көрсеткен терiс құбылыстары етек жайып, ары қарай 
өршiп бара жатқанға ұқсайды. ХХ ғ. адамзаттың қолы жеткен ғажап 
ғылыми жетiстiктерiнiң негiзiнде пайда болған болашақ жөнiндегi 
романтикалық көзқарастар бүгiнгi ХХI ғ. басында тек қана ауыр 
күрсiну пен өкiнiштен басқа еш сезiм тудырмайды. Жақында ғана 
Үндістан мен Пәкістан елiнiң арасындағы қайшылықтар ядролық 
қарудың қолданылуына әкелуi мүмкiн деген үрейдi тудырып, қоғамдық 
ахуалды дүр сiлкiндiрдi. Жер бетiндегi экологиялық жағдай бiрте-
бiрте өршiп, жыл сайын ғаламдық дағдарысқа қарай әкеле жатыр. 
Уақытында немiс халқының заңды түрде берген дауысын алып, билiкке 
келген Гитлер адамзатты қандай қантөгiске әкелгенiн оқырман жақсы 
бiледi. Бiрақ бұл трагедиядан адамзат сабақ алды ма? Өкiнiшке қарай, 
«Жоқ» деп жауап беруге тура келедi, өйткенi бүгiнгi таңда Батыстың 
байлығымен масаттанған бiршама елдерiнде ұлтшылдық қозғалыстар 
тағы да бой көтерiп, басқа елдерден келген адамдарға қысымшылық 
жасалуда. Расында да, Шопенгауер айтқандай, тарихтағы қасіретті 
қателiктер қайталана бередi!!! Адамзаттың моральдық-адамгершiлiк 
тоқырауына қарап, оның аспанға, тазалыққа тартатын рухынан гөрi, 
дене қажеттiліктерi, күңгiрт түйсіктері, ләззат алуға деген еркi басым 


244
ба деген ой келедi. Бұл айтылған ойлар мен толғаныстар Шопенгауердiң 
қозғаған көп мәселелерiнiң бүгiнгi таңдағы өзектiлігiн көрсетедi.
Сонымен қатар Шопенгауердiң «ғарыштық пессимизмiне» толығы-
нан қосылуға болмайды. Әсiресе оның философиясының негiзiнде 
жатқан қағидасына. Расында да, егер бұл дүниенi тудырған бейсаналық 
ессiз ерiк болса, онда бұл дүниенiң неге заңдылықтары, қисыны, тәртiбi 
бар? Егер адамдар осы орасан зор шексiз ғарыштың туындысы болса
олар өз көлемi мұхиттың iшiндегi бiр тамшыдай бола тұрып, оны 
қалайша тарата алады? Мұндай сұрақтардың санын әлде де көбейте 
беруге болар едi. Ал олардың бәрi де Шопенгауердiң философиясының 
негiзiнде жатқан қағидалардың әлсiздiгiн, жалғандығын көрсетедi. 
Ал ендi адам тағдыры мен өмiрiне келер болсақ, әрине, Homo 
Sapiens – ғарыштың ғажап туындысы, «Ұлы мәртебелi Табиғаттың» 
тудырған ең әсем гүлi, ол адам арқылы өз-өзiн сезiнiп, түсiну дәрежесiне 
көтерiледi. Бүкiл дүниенi шырмап жатқан қайшылықтар адам жүрегiнен 
де өтедi. Бұл дүниеге келген адам өз өмiрiнiң шеңберiнде жақсылық 
пен жамандықтың да дәмiн татады, көпшiлiк жағдайда, өкiнiшке қарай, 
зардаптың салмағы бақытты өмiрден гөрi басымырақ болады, әсiресе 
бүгiнгi жағдайдағы сияқты өтпелi дәуiрлерде өмiр салты, рухани 
құндылықтар қайта қаралып жатқан кезде, көп қиындықтарды бастан 
өткiзуге тура келедi. Ал бұлардың өзi, Шопенгауердiң айтқанындай, 
өмiрден бас тартуға әкелуi керек пе?! Әрине, жоқ. Есi дұрыс адам өмiрдi 
бағалап, оның қызығына тоймайды, ол – бiзге берiлген ең құнды, бағасы 
жоқ сый. Өмiрдегi зұлымдықтың түп-тамыры толыққанды өмiрге 
бiрдеңенiң жетiспей тұрғандығынан шығады. Ұлы Гегель айтқандай, 
бұл дүние – өзiнiң ұғымына толығынан сәйкес келмейтiн бiрдеңе. 
Бiрақ соның арқасында өмiр, талпыныс, жетiлуге деген құмарлық бар. 
Бақыт дегеннiң өзi адамның алдына қойған мақсаттарын iске асырып, 
өзiнiң арнасынан шығып, тасуымен байланысты болса керек. Бiрақ 
өзеннiң көктемдегi тасып, содан кейiн өз арнасына қайтып оралғаны 
сияқты, орындалған арман келесi сатыда адамның алдына жаңа мақсат-
мұраттарды әкелiп, тағы да оның талпынысын тудырады, осы жолда 
ол тағы да қаншама iзденiс, қиындықтар, зардапты өз басынан өткiзедi 
десеңiзшi?! Бүгiнгi өтпелi қоғамда орасан зор қиындықтарға қарамастан, 
қаншама адамдар өзiнiң белсендi iс-қимылдары арқылы жаңа өмiрден 
өз орнын тауып жатыр! Бүгiнгi қиындықтармен қатар, өмiр бiздiң 
алдымызға бұрын-соңды тарихымызда болмаған мумкiндiктердi 
тудырып отыр. Оларды iске асыру үшiн талпыныс, жақсы оқып бiлiм 
алу, өмiрдi шығармашылық тұрғысынан игеру, қиындықтарды жеңе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет