Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


теориясы туындады. «Y» теориясы –



Pdf көрінісі
бет45/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   93
теориясы туындады. «Y» теориясы – адамдар жұмыс барысында өздерін 
басқарып, шығармашылықпен еңбек етіп, дұрыс бағытта ынталанатын болса 
онда олар жауапсыз немесе жалқау болмайды. «Y» теориясы бойынша басшы 
ықпал етудің мынадай механизмдерін қолданады: жоғары мақсаттар, өзін-өзі 
жетілдіру, еркіндік беру. «Y» теориясын негізге алған басшының басқару 
стилі- демократиялық. Адамстың əділдік теориясы. Мəні: күш салу, 
сыйақы. Адамдар өзінің алған сыйақысын əділ деп анықтамайынша олар 
еңбек өнімділігінің сапасы мен тиімділігін төмендетін болады. Сол себепті 
басшы қызметкерлерге сыйақы еңбек өнімділігінің нəтижесіне тəуелді 
екендігін жəне болашақта кəсіби өсуін түсіндіруі тиіс.
Аталған ынталандыру концепцияларын басшылыққа ала отырып 
басшы жұмысты ұйымдастыруда қызметкерлерді ынталандыру жүйесін 
құруы тиіс. Ынталандыру факторларындағы қоғамдық тану, қызмет 
нəтижелерін қолдау адамның өзін-өзі құрметтеу сезімін туғызады, сондықтан 
басшы үнемі еңбек нəтижелері бойынша адамдарға жұмысты қаншалықты 
жақсы орындағаны жайлы айтып отыруы тиіс. Шығармашылық еңбек 
қызмкеткерлердің 
қанағаттану 
сезімдерін 
туғызады, 
кəсіби 
өсуін 
ынталандырады. Көптеген адамдар үшін қызметтік өсу мен қосымша 
жауапкершілік істерді орындау ынталандыру көздері болып табылады. 
Қазіргі уақытта жеке адамдарды басқарудың менеджментте 3 
концепциясы бар: ізгілікке бағытталған, адам ұйымның басты субьектісі 
ретінде қарастырылады. Бұл теорияның негізгі мақсаты- адамның өзін-өзі 
жетілдіруіне мүмкіндік беру; əлеуметтік-ұйымдастырушылық, адам 
ресурстарын сауатты басқаруды қарастырады. Адамның ішкі мүмкіндіктерін 
қолдану, еңбек етуге жағдай жасау. Бұл тұжырымдамада адам ұйымның 
негізгі ресурсы ретінде қарастырылып, одан өз қызметіне сай 
міндеткерліктерді орындау мен ұйымдағы ұжымдық рухты көтеруді талап 
етеді; əкімшілік-ұйымдастыру, қызметкерлердің жеке жəне еңбекке 
қатысты мүмкіндіктерін пайдалану. Құзыретті мамандарды қызметке алу. 
Жеке адамдарды басқару мақсаты қызметкерлердің қабілеттерін өнімді
жылдам еңбек ету үшін дамыту, ояту.[5, 379] Еңбекке ынталандыруда 
қызметкерлердің жоспарлауға қатысуы, инновациялаық жобаларды құруға 
қатысу, жауапкершілік алу, командада бірігіп еңбек ету, еңбектегі 
белсенділік, іс əрекеттің қай түрін болмасын шығармашылықпен орындау, 
ізденіс, жаңашылдық бастамалар, озық ойларды ескеру т.б. маңызды буын. 


53
Жалпы еңбектің еленуі, істеген еңбегіне қарай сыйақылар алу, еңбегінің 
жемісін көру қызметкерлер үшін еңбеке деген құлшынысты, сүйіспеншілікті 
арттырса, ұйым үшін еңбек өнімділігінің артуына ықпал етеді. Е. Б. Исакулов 
материалды емес мотивация қызметкерлерді марапаттау жүйесі дей келе, 
оған түрлі моралды ынталандырулар жататынын айтады: 
- Құттықтау. Басшының жеке құттықтауы маңызды, əріптестер мен 
басшылық тарапынан құттықтаулар қызметкерді ынталандырады. 
- «Жетістіктер витринасы» немесе «Құрмет тақтасы». Ақпараттық 
тақтада жетістікке жеткен қызметкердің рейтингісі мен көрсеткіші ілінеді. 
- «Карьералық саты», тігінен жəне көлденеңнен қызметтік (карьера) 
критерийлері мен кезеңдері жазылып, қызметкерлерге беріледі.Ол 
қызметкерлердің өсуіна жол ашады, ынталандырады. 
Кадрларды бейімдеу жүйесі. Қызметкер ұйымда қала ма, қалса қанша 
уақытқа дейін жұмысқа қабылданғанын алғаш күннен-ақ шешу, ол 
кадрлардың бейімделу жүйесіне ықпал етеді. 
- Іс тəжірибе алмасу жəне ұйым ішінде оқыту. Ұйым ішінде 
қызметкерлердің бірін-бірі оқытуы еш шығын əкелмейді, керісінше бір ұжым 
болып еңбек етуін, қалыптасуын, команда боп құрылуын, кəсіби өсуін 
ынталандырады. 
- Қызметкерді шешім қабылдау үрдісіне қатыстыру – оның өз пікірі 
мен көзқарасын көтерудің күшті құралы. Ол əртүрлі формада болуы мүмкін: 
сұрау, анкета алу, стратегиялық жоспарларды талдау, олардың ұсыныстарын 
қарау, кəсіподақ бірлестіктерінің түрлі шешімдері. [26, 166-167]
Білім беру ұйымының басшысы қызметкерлерді ынталандыруда келесі 
əрекеттерді 
орындау 
шараларын 
жүргізуі 
қажет: 
педагогтардың 
бастамашылық идеяларына, жаңа жобаларына қолдау көрсету; ұсыныс, 
пікірлерін қабылдау; еңбегіне қарай сыйақылар тағайындау (марапаттау, 
алғыс хат, наградалар беру, ақшалай, бағалы заттар арқылы т.б.); кəсіподақ 
ұйымымен бірлесе отырып, отбасы жағдайына байланысты көмек көрсету; 
қызметін көтеру; оқу кабинетін жабдықтау; қызметкердің еңбегі жайлы БАҚ 
құралдарына 
мақалалар 
беру; 
құрмет 
тақтасына 
фотосын 
қою; 
қызметкерлердің отбасымен демалыс ұйымдастыру; білім жетілдіру 
курстарына жолдамалар беру; педагогикалық ұжым мүшелерімен бірігіп 
түрлі деңгейдегі (халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық) 
педагогикалық 
іс-шараларға 
(ғылыми-практикалық 
конференциялар, 
семинарлар, педагогикалық оқуларға т.б.) қатыстыру; мереке күндеріне, 
туған күнге байланысты құттықтау хаттарын жіберу; педагогикалық ұжым 
алдында еңбек жетістіктерінің көрмесін ұйымдастыру, сапа белгісімен 
марапаттау т.б. 
Ынталандыру еңбек өнімділігін арттырудың негізгі шарты ретінде 
қандай жағдайда болмасын маңызды қызмет түрі болып табылады. 
Қорыта келе, басшының қызметкерлерді жұмысқа ынталандыратын 
бірнеше ережелерін келтіруге болады: бар мүмкіндіктерді жеке тұлға мен 
ұйымның қажеттіктерін біріктіруге ұмтылу; мотивация сұлулық сиякты 


54
адамның қандай көзбен қарауына байланысты,сондықтан да, мотивация , 
басқару стилі, əдістерімен тиімді үйлесімде болса ғана нəтиже береді; 
мотивациялау - адамдарды еліктету, ол үшін басшының ойы,сөзі, ісі бір 
жерден шығу міндеті тұр; адамдар робот емес, қажеттіліктер тізімі мен 
оларды қанағаттандыратын факторлар тізімі арасында толық сəйкестік 
орнату мүмкін емес; қызметкерлер барлық қажеттіліктерін бірдей 
қанағаттануға ұмтылады, сондықтан басшы, барлық қажеттіліктерді 
қанағаттандыратын 
кең 
факторлар 
жиынтығын 
қарастыру 
керек; 
қызметкерлерді толық ынталандыру үшін ұйым құрылымы мен əкімшілік 
нұсқауларын өзгерту қажет. Егер мектеп педагогтардың өсуі мен жетілуіне 
жағдай жасамаса, басшы нұсқауы тиімсіз болса, онда ынталандыру 
механизмі нəтижесіз болып қалады, күшпен ынталандыру тиімсіз; басшы əр 
түрлі тəсілдерді қолданып, беделді адамдар ұсынысын тыңдап, қызметкерлер 
ерекшеліктерін ескеріп, жұмыс барысында тиімдісін таңдау қажет. 
қызметкерлердің өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызбаса, ынталандыру 
қиын,олардың ойына жəне іс-əрекетіне қолайлы ықпал етуге жағдай жасау 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет