Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Ынталандыру (уəж) -функциясы-



Pdf көрінісі
бет42/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   93
Ынталандыру (уəж) -функциясы- педагогикалық ұжымның, 
жекелеме қызметкерлердің, қоғамдық ұйымдардың іс əрекетін келістіру, 
жағымсыз құбылыстардың əсерін жою, жұмысты түзету, ретке келтіру жəне 
басқарылатын нысандардың ерекшелігіне сай жедел тəсілдер, құралдар, 
ықпал ету құралдарының көмегімен түзетулерді енгізу қызметі. Қазіргі 
менеджмент жүйесінде іске белсенділік танытқандарды ынталандыру, қолдау 
маңызды функция болып табылады.Егер қызметкерлер өз жұмысына 
қанағаттанатын болса: еңбегінің еленгенін байқаса, жетістіктерінің марапатқа 
ие болғанын көрсе, қаржылай немесе рухани қолдау көрсе, еңбегі арқылы 
өзінің қажеттіліктерін өтесе оның еңбек етуге деген құлшынысы, белсенділігі 
пайда болады. Сондықтан, ынталандырудың еңбек ісіндегі алатын орны 
ерекше. Исакулов Е. Б.: Мотивация мен ынталандыру екі түрлі ұғым. Мотив- 
адамның ішінде болатын, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға түрткі болады. 
Ынталандыру- сыртта болады. Ұйымның мақсатына жету үшін, қандай да бір 
мəселені шешу үшін адамды немесе адамдар тобын немесе қандай да бір іс 
əрекетті ынталандыру- басшының күнделікті атқаратын қызметі екенін 
айтады.[26,157] Уəж- мақсаттарға жету үшін қызмет етуге түрткі болу.
Ынталандыру - адамды еңбек етуге құштар ететін, еңбекке қатысты 
қызмет түрлерінің шегін белгілейтін, бағдарлап, бағыттап отыратын ішкі 
жəне сыртқы күштердің жиынтығын құрайтын уəж арқылы адамдарға тəртіп 
пен қызмет етуге ықпал ету жүйесі. Ынталандыру ұғымының 
категорияларына жататындар: қажеттілік, дəлел, құлшыныс, уəж, ықпал 
етуші күш. Ынталандыру арқылы еңбек адамында: қайсарлық, қажырлылық, 
күш-жігер механизмі, жауапкершілік, іске берілгендік, адалдық, қуаныш т.б. 
пайда болады.Қызметкерлердің қажеттіліктері қызмет түріне, жасына, 
жынысына, ұлттық ерекшелігіне, отбасы, денсаулық жағдайына, мінез 
ерекшелігіне т.б. байланысты болуы мүмкін. 
Ұйым қызметкерлерін ынталандыру көздері


50
1. Нəтижелі жұмыс, ақылды басшылық, жақсы еңбекақы, ұйымдасқан 
ұжым; 
2. Еңбек етуге ыңғайлы ортаның қалыптасуы, жұмыс орнының əдемі 
жабдықталуы т.б.; 
3. Жұмыс нəтижелері бойынша сыйақылардың болуы; 
4. Əлеуметтік жағдайдың жасалуы, тұрғын үйінің болуы, балабақша
мəдени демалыс, санаторийлер; 
5. Қауіпсіздік, əріптестер тарапынан қолодау мен құрметке ие болу, 
өзін ұжымның бір мүшесі ретінде санау, жеке шығармашылық өсуі; 
6. Ортақ жұмысқа қатыстылығын сезіну, ұйымның мақсаты, жоспары, 
болашақ бастамалары туралы ақпаратты білу, бюірігіп шешім қабылдауға 
қатысу, өз жұмысының пайдасын сезіну; 
7. Өзін əр салада жетілдіру, еңбек етуге позитивті құлшыныспен келу, 
өзінің шығармашылық шеберлігін жетілдіру, жауапкершілікті сезіну, 
бəсекелестікке дайын болу, кəсіби құзыреттілігін жетілдіру. 
Ынталандыру үрдісінің кезеңдері: қажеттіліктің пайда болуы; 
қажеттілікті жою жолдарын іздеу-əрекет; бағыттарын анықтау; іс-əрекет 
арқылы жетістігін бағалау (марапат, мадақтау т.б.); қажеттіліктің жойылуы. 
ХХ ғ. 20 жылдарында менеджемент саласында зерттеулер жүргізіліп, еңбек 
өнімділігінің артуына ақпал ететін: топтық мінез-құлық, қажеттілік, 
əлеуметтік ықпал ету т.б факторлар анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет