Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Білім беру ұйымы менеджерінің ұйымдастырушылық қызметінің



Pdf көрінісі
бет41/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93
Білім беру ұйымы менеджерінің ұйымдастырушылық қызметінің 
негізгі бағыттары: 
1. Оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру қызметі. Ұйым ішінде ортақ 
құндылықтық бағдарды қалыптастыру,адам ресурстарын дамытуды жүзеге 
асыру, өзін-өзі тəрбиелеу ортасын құру. Сапалы, нəтижеге бағытталған білім 
беру жүйесін құру. 
2. Қоғамдық-ұйымдастыру қызметі. Педагогикалық кеңес, əдістемелік 
кеңес, мектеп кеңесінің жұмысын үйлестіру.
3. Əдістемелік қызмет. Педагогтардың кəсіби өсулеріне жағдай 
жасайды, қажетті нормативті құжаттармен таныстырады, əдістемелік 
тұрғыдан көмек, қолдау көрсетеді. 
4. Педагогикалық қызмет. Білім алушыларды мақсатты тəрбиелеу 
ортасын құрады, оған басшылық етеді, педагогтарды сол мақсатқа қызмет 
етуге бағыттайды. 
5. Əкімшілік қызмет. Ол мектептің əкімшілік ісін жүргізуші болып 
тағайындалғандықтан билік ету құқығына ие болады жəне оқу-тəрбие 
үрдісінің сапасы мен жағдайына жауапты. Басқарушылық шешімдер 
қабылдау, кадрларды жұмысқа алу, мектептің мақсаты мен міндеттерін 


49
белгілеу, оның дамуына болжам жасап, оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру 
жолдарын жетілдіреді. 
6. Қаржы-шаруашылық қызмет. Қаржы-шаруашылық мəселелерді 
шешуде қызмет көрсету саласы қызметкерлерімен жұмысты ұйымдастыруды 
жүзеге асырады. 
7. Қызмет ету үшін оқу-əдістемелік, материалды-техникалық базаны 
қалыптастыру. Заманауи талаптарға сай мектепті жабдықтау, қажетті 
құралдармен (интербелсенді тақта, компьютер сыныптары, мультимедиялық 
орталық, Интернет желісіне қосылу, заманауи жиһаздар т.б.) қамтамасыз ету-
еңбек өнімділігінің артуына ықпал етуші фактор. 
Мектепішілік осы ұжымдарға кіретін қызметкерлердің, білім 
алушылардың еңбегін құқықтық нормаларға сай бөлу арқылы жұмыс 
ұйымдастырылып, орындалады. Жұмысты ұйымдастыру барысында 
ескерілетін жайттар: педагогтардың біліктілік деңгейлері, ресми қарым-
қатынас ортасы, формальды емес қарым-қатынастары, психологиялық ахуал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет