Шетел тілдер факультетінің 4-курс студент- практикантының зерттеу жұмыстарын әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету дәрежесі мен сапалық көрсеткіші


) Егер сен тіктөртбұрышты тандаған болсаң



Pdf көрінісі
бет22/63
Дата26.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#52876
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63
2) Егер сен тіктөртбұрышты тандаған болсаң. 
Сен өте ұшқалақ мінездісің. Сенің көңіл-күйің
және қалауың күніне бірнеше рет өзгеруі мүмкін.Сен өзіңе 
не керектігін де білмейсің. Бірақ сонымен қатар сен білімге 
құштарсың, кітап оқығанды, жаңа бір нәрсені ұғынғанды 
ұнатасың. Шешім қабылдауға батылдық жетпейді. 
Кеңес: шешім қабылдап үйренгенің жөн болар. 
3) Егер сен үшбұрышты тандаған болсаң. Мүмкін 
сен жаныңдағы адамдар арасында көшбасшы боларсың. 
Сен басшы болғанды және өзіңе назар аудартқанды 
ұнатасың.Сонымен қатар сен еңбекқор әрі өз өзіңе сенімің
мол жансың.
Кеңес: менменшіл, кекшіл болудан сақтан. Ондай 
қасиеттердің сенде тууын болдыртпа! 
4) Егер сен дөңгелекті тандаған болсаң. Сен өте 
мейірімді жансың. Сен талас-тартыс, дау-дамай бар 
жерлерден айналып өткенді жөн көресің. Сонымен қатар 
сенде дос-жарандарың көп және олармен сөйлесіп, көңіл 
бөліскеннен сенің жаның рахаттанады. Алайда саған 
шешім қабылдап үйрену керек, себебі сен әдетте 
басқалардың айтқанына келісіп, өз ойынды айтпай жүре 
бересің! Басқалардың сені басынуына жол бермеуге 
тырыс. 


34 
5) Егер сен қисық сызықты тандаған болсаң. Сен – 
шығармашыл 
адамсың. 
Саған 
не 
бір 
қызықты, 
толғандыратын оқиға ойлап тапқан, сурет салған, бір 
нәрселерден бір нәрсе құрастырған ұнайды, бір сөзбен 
айтқанда сен жаңа бір заттар ойлап тапқанды ұнатасың. 
Сенің қиялың өте жақсы дамыған. Бірақ, сен ұстамсыз, әрі 
шыдамсызсың. Жаңа бір нәрсеге қызығушылық туған 
кезде, сен ескі ісіңді соңына дейін жеткізбей тастайсың. 
Сол себептен саған шамалы ұстамдылық қажет. 
Тест 
Тақырыбы: Қиял 
Сұраққа иә немесе жоқ деп жауап беруге болады. 
1) Сен сурет салғанды ұнатасың ба?
2) Сен әдетте болған жайды қызықтырып, түрлендіріп 
айтамысың? 
3) Саған ұзақ шығарма жазған ұнай ма? 
4) Сабақта ішің пысып кетсе, қағаз бетіне түрлі фигуркалар 
салып отырасың ба? 
5) Сен фантастикалық түстер көресің бе?
6) Сенің жазуың онша әдемі емес, шашыраңқы ма? 
7) Сен көп мұңаясың ба? 
8) Әдетте сен өз ойыңды бәрінің көзінше айтасың ба? 
9) Сен кино қарап отырып, жылаған кезің болды ма? 
10) Сен бұрын сонды көрмеген жеріңді естіп отырып, 
елестете аласың ба? 
11) Сен өлең тыңдап отырғанда, көз алдында өлеңге 
байланысты образдар туындайды ма? 
12) Сен бөлмеңе қазіргі кезде атақты әртістердің 
суреттерін ілесің ба? 


35 
№ Иә 
Жоқ 



























10 


11 


12 


Егер сенің ұпай саның 14-17ге дейін болса, сенің қиялың 
жақсы дамыған. Қандай да болсын оқиға ойлап табу сен 
үшін оңайдың оңайы. Алайда, кейде сен ойлап 
тапқаныңды шындыққа шығарғың келеді. Сол себептен 
сен өзіңнің қиялыңды қолда ұстау керексің! 
Егер сенің ұпай саның 9-13ке дейін болса, сен 
армандағанды 
жақсы 
көресің. 
Сенің 
армандарың 
шындықпен көп байланысты, бұл не деген сөз? Бұл 
дегеніміз сен тек жай ғана армандап қоймай, сол 
арманыңды орындауға тырысасын. 
Егер сенің ұпай саның 5 - 8ге дейін болса. Сенің қиялың 
өте тар. Саған көп жұмыс істеу керек, сурет сал, қызықты 
кітаптар оқы, бір сөзбен айтқанда қиялыңды дамыту керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет