Шыққан рисала



бет15/18
Дата01.05.2023
өлшемі0,78 Mb.
#88665
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Тұр қазақ (копия)

Оян, қазақ!


Көтеріп бастарыңды, оян, қазақ! Болады ұйықтасаңыз енді ғажап,


Жер кетіп, халің хараб156 болып қалды, Басыңа түсер байғұс енді азап.

Қазағым, сарайыңда жоқ қой ұрлық, Орақ сап егінің де жоқ орарлық,


Бек нашар арып біткен атың бар ғой, Көп болса үш теңгеге ол тұрарлық.

Малым жоқ деп құр босқа зарланба әлі, Жарайды жалқаулықтан деп білсең әлі, Сахараға халің келсе шаш егінді, Аларсың пайдасы мен мүкамбалды.


Қазағым, егініңді ормағансың, Үгіп алып бидайға тоймағансың,


Өзіңнің бар бір жағыңда жалқаулығың, Өзің өлмей жалқаулықты қоймағансың.

Қалып ең бір заманда бақытқа да, Бақытпен отырып ең тахтқа157 да, Мінекей, достарың дұшпан болған, Қалып тұрсың, шіркін-ай, уақытқа да.





155 киелі
156 ойран
157 таққа
Япырмай, ұймас па едің ұжмақ жерде, Ұжмақ жерде дегенім басың төрде, Оянбай бостан-босқа ұйықтап жатып, Секілді болып қалдың жатқан көрде.

Қазағым, айлаң өлді, айлаң өлді, Айлаң өлді дегенім достың білді, Ілімсіз, өнерсіз боп қалғаннан соң, Күллі жұрт келемеж қып сынап күлді.


Қалмады бір жағынан көп жалқаулық, Сен секілді басқа жұртта жоқ аңқаулық, Жейтұғын қысқа азық қайда бізге,


Аз қабын мал-жанымызды біз сақтарлық.

Соғып бидай көршілерің сабан артты, Алып барып қалаға оны сатты,


Сондай-сондай көп ақша алғаннан соң, Бұтты созып рахаттанып бір-ақ жатты.

Қарын тойып балалары жеді астан, Құрып үйді салды болат тастан, Жейсіңдер қара нанды отқа көміп, Жиһанда кім құтылар сендей настан?!


Көршілерің дүкен ұстап бай боп қалды, Жейтұғын тамам158 асы май боп қалды, Қазағым, жалқау жатып ұйықтаған соң, Ақша жоқ тақыр кедей боп қалды.


Дүниенің пейнет көрмей рахаты жоқ, Нешеулер халдеріңіз осындай бек, Расы бұл сөзімнің жоқ қатесі, Құдайым, ризық бермес жатсаңыз тек.





158 барша
Жаным ашып сіздерге сөйледім хақ, Егер де көңілің толса бұ сөзге бақ, Қазағым бұл сөзімді шашу көрсең, Тынжылап жат орныңнан қозғалмай-ақ.

Мәрхәметлі159 қазағым, түсіне көр,


Сөз жаздым мысалында айтып жұмбақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет