Пайдадан біздің қазақ ғапіл160 қалған, Оқымай білім, өнер жаһіл161 қалған, Мұнан басқа халыққа көзің салсаң, Өнер менен ілімдікке маһір162 болған.
Сол нашар ғапіл болған қазақтарды, Мәсләкдаш163 құрбыларым оят һәман164, Күпісінің астында жатуменен,
Ұйықтай-ұйықтай олардың халі жаман.
Соларға сөзім шығын болады деп, Сіздерге жарамайды намыс еткен, Оятып өз халқыңды құрбыларым, Қызмет ет, текке жатпай, сызып қалам.
Аңлатқыл165 әрбір баптан ілімдікті, Тұрмасын өз халқымыз болып надан, Оларда жоқ осы күні алға бару, Жалғыз-ақ үміті бар бір сайлаудан.
159 құрметті
160 хабарсыз
161 надан
162 шебер
163 пікірлес
164 солай
165 түсіндір
Жаз болып, май уақытында қымыз шықса, Болады қымыз ішіп бәрі балуан,
Төбелес, ұрыс, жанжал, керіс болып, Әр елден сөз шығады алуан-алуан.
Төбелес, жанжалменен жүремін деп, Берекесін біздің қазақ сөйтіп құртқан, Күпісінің астында ұйықтап жатыр, Есінде жоқ көшкені әрбір керуен.
Сол көшкен керуендерді білдіріңіз, Артынан қазақ байғұс барсын оған, Сен оятып, өзі ерініп қала берсе, Өздері өздігінен артсын обал.
Әйтеуір сол қазақты бір жиһәтлеп166, Қандырып, сөзіңменен жақсы суғар, Үйренген хайуан дағы келеді ғой,
Не жолы қанып кетсе келмей қалар.
Қазақтың жазып көрсет нашар хәлін, Аңлатып167 бұ жаһанның мұндай тарын, Бек жақсы милләтіңе168 ыждағат ет, Сарып қыл, зая болмас әрбір малың.
Тауып бер, тура болған жолды білсін, Дүниеде қисық болған жолдан шықсын, Залымдық пен хәсәдлік169лік, фәсәдлерді170, Құтланып аяғымен шалып жықсын.
166 бағыттап
167 түсіндіріп
168 ұлтыңа
169 қызғаныш
170 жамандықтарды
Көріңіз, көзді ашып милләт171 түрін, Оларды құтландырса болар көрім, Қараңғыдан шығып көрсін қазақ байғұс, Өмірінде көрмеген күннің нұрын.
Достарыңызбен бөлісу: |