Бұлшықет ұлпасы (textus mus- cularis; лат. textus — ұлпа; лат. musculus — бұлшық ет) — адам мен жануарлар организмдерінде жиырылу қызметін атқарып, қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асыратын ұлпа. Омыртқалы жануарлар денесінде бұлшықетұлпасының үш түрі болады. Олар: бірыңғай салалы ет ұлпасы, көлденен жолақты бұлшықет ұлпасы және жүрек бұлшықет ұлпасы. Бірыңғай салалы ет ұлпасы — пішіні үршық сабына ұқсас, екі ұшы үшкірленген, жуандау орта түсында бір ядросы болатын жолақсыз миоциттерден (ет жасушаларынан) тұрады. Ол ішкі мүшелердің, қан және лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын түзіп, еріксіз жиырылады (оның жұмысын автономды вегетативтік жүйке жүйесі реттейді). Жолақты қаңқа бұлшықет ұлпасын бұлшықет талшықтары (миосимпласт) құрайды, ерікті жиырылады. Оның жұмысын сомалық жүйке жүйесі реттейді. Жолақты жүрек бұлшықет ұлпасы кардиомиоциттерден (жүрекет жасушаларынан) құралған, еріксіз жиырылады (жұмысын автономды вегетативтік жүйке жүйесі реттейді).[1]Бұлшықет ұлпасы миоциттері мен миосимпласттарындағы жиырылу процесін 16 асыратын протеин жіпшелері — миофибриллалар актин және миозин миофиламенттерінен құралған.
Бұлшықет ұлпасы денедегі бұлшықеттерді түзеді. Бұлшықет ұлпасына тән қасиет – жиырылғыштығы. Жиырылу арқылы ағза мен мүшелерді қозғалысқа келтіреді. Адам ағзасында бұлшықет ұлпасының 2 тобы болады: көлденең жолақты (қаңқа мен жүректің бұлшықеттері) және бірыңғай салалы бұлшықеттер (5-сурет).
5-сурет. Бұлшықет ұлпалары
а) бірыңғай салалы бұлшықет жасушалары;
ә) көлденең жолақты бұлшықет жасушалары;
б) жүректің көлденең жолақты бұлшықеті.
1 – жасуша ядросы;
2 – көлденең жолақтар
Қаңқа бұлшықеттері сүйекке бекінсе, бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы мүшелердің, мысалы, асқазанның, ішектердің, қантамырлардың, несепағардың, қуықтың, жатырдың және т. б. қабырғасында кездеседі. Қаңқа және жүрек бұлшықеттерінің әрбір жасушасы (талшықтары) көп ядролы. Талшықтары бір-бірімен кезектесіп орналасқан күңгірт және ақшыл жолақты болады. Сондықтан бұл бұлшықеттерді көлденең жолақты дейді. Күңгірттеу жолағы жіңішке, ақшыл жолақтары жалпақтау (кеңдеу).
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы адам еркіне сай жиырылады. Жүректің бұлшықеті көлденең жолақты болғанымен адам еркінен тыс жиырылады. Ондағы бұлшықет талшықтары өте жіңішке және олар өзара торланып жатады. Жүректің бұлшықет жасушасында да бір ғана ядро бар.
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы жасушалары цилиндр пішінді әрі көп ядролы. Ал бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасының жасушасы ұршық пішінді, бір ғана ядролы болады.
Бұлшықет ұлпасының құрылымдық және қызметтік бірлігі – миофибриллалардан тұрады. Грекше «myos» – бұлшықет, латынша – «fіbrіlla» – талшық, жіпше, яғни миофибрилла бұлшықет талшықтары деген ұғымды білдіреді.