Ұшындагы бозғыл ойпаңда адам тұрағы барын аңдады. Иен емес, елді мекен



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата19.02.2017
өлшемі0,9 Mb.
#4511
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ӛзі қызғылықты ертегі айтты. Иенге қоныстанған жалгыз үйлі аңшы мерген 
туралы. Әйелі бар. Жалғыз баласы бар. Ауда жүрген кезінде үйіне, саусағын 
жең  ішіне  жасырған  жезтырнақ  келеді.  Бұрын  да  естігем.  Бұл  жолы  әкей 
ӛзгертіп  айтты.  Жансалқам  қорқады  деген  болар.  Жезтырнақ  емес,  Кәдімгі 
адам. Жау. Ӛзі күшті. Ӛзі мейірімсіз. Белінде балтасы бар. Қойнында пышағы 
бар.  Бірақ  әйел  мен  балаға  әлі  келмейді.  Ӛйткені,  бұлардың  иті  бар  екен. 
Бӛрібасар деген. Иә, мына біздің Бӛрібасар сияқты. Осы Бӛрібасардың арғы 
атасы.  Қарақшы:  "Қажып,  шаршап  келе  жатқан  жолаушы  едім"  деп  сусын 
ішіп, күш жиған соң, енді ӛздерін жемек болып, әйел мен балаға ұмтылады 
ғой. Сол кезде Бӛрібасар қарақшыны тура желкеден алып жығады. Апасы бас 
салып  кеудесіне  мінеді.  Баласы  жүгіріп  барып  шылбыр  әкеледі.  Үшеулеп 
байлайды  да  алады  қарақшыны.  Міне,  қандай  қайратты  әйел  болған.  Міне, 
қандай батыр бала болған. Міне, қандай ақылды, адал тӛбет! "Қарақшы неге 
жалғыз  жүреді?  –  деп  сұрады  Жансалқам.  –  Мылтығы  кайда?"  "Мылтығын 
далада  кездескен  аңшы  мерген  тартып  алып  ты",–  дедім  мен.  "Ә-ә...  – 
Жансалқам  ойланып  қалды.  –  Мылтығын  алған  соң  неге  қоя  берген?"  "Қоя 
берген... Жалынған ғой. Алдаған. Содан соң жаны ашып қоя берген". "Ә-ә... – 
дейді  Жансалқам.  –  Жаны  ашымау  керек.  Ӛлтіру  керек!  Бауыздап,  терісін 
сыпырып..." Міне, кешегі ӛз қолынан сояр малынан: "Сенде жазық жоқ, бізде 
азық  жоқ"–  деп  кешірім  сұрайтын  момын  қазақтың  бүгінгі  баласы!  "Ӛлтіру 

Sauap.org
 
 
70 
 
керек!"  Бізді  қудалаған,  барымызды  түгел  тартып  алып,  қоныстан  аударған, 
қолдарына  түссек  ойланбай  ататын  карақшылармен  сӛз  қысқа.  "Ата, 
жезтырнақты ӛлтіретін ертегі айт!" дейді Жансалқам. Қазіргі бала ертегіден 
қорықпайды.  Несіне  қорықсын.  Ӛзінің  кӛрген  сұмдығы  ертегіден  он  есе. 
Беліне  балта  байлаған  қарақшы,  саусағын  жең  ішіне  тыққан  жезтырнақ 
дегендер не, ауыл үстіне ат ойнатқан, үй арасында адам атқан қаһарлы қызыл 
перілермен  салыстырғанда.  Дәрменсіз  де  аңғал,  күндік  тамағынан  басқа 
ештеңеде ісі жоқ ақымақ, бозӛкпе сорлылар. Қой күзететін тӛбет алып ұрады, 
арқар аулаған аңшы атып жығады. Табан астынан кӛтерілген, жарты дүниені 
баурына басқан батыр балшабектерді айт!.. 
Таң алдында ат шашасынан қар түсті. Құрғақ құмдай сусыған майда қар. 
Күн  оқыс  жылып  кеткендей.  Үп  еткен  жел  жоқ.  Ертемен  тұрғанда  тӛңірек 
тегіс  тіршілік  ордасына  айналғандай  сезіндік.  Әудем  жерде  айғыр  үйір 
жылқымыз  тұр.  Таяу  тӛңіректі  түгел  жапқан,  теп-тегіс,  аппақ  қар  үстінде 
сирақтары  ұзарып,  денелері  іріленіп  кеткендей,  аса  зор  кӛрінеді.  Құнан, 
байталдар құйрығын тіге ойнақ қағып, мама биелер қар теуіп жүр. Кӛк айғыр 
қармен,  қылаумен  бозғыл  тартқан,  құйрық-жалы  шұбатылып,  аяғын  кере 
тастап,  кӛлденеңдей  ойқастайды.  Тентектерді  шашау  шығармайтын  бас 
бақташымыз осы жануар. Арыда, ӛркештері баладай, үсті-басы ақшулан тӛрт 
түйе  жүр.  Қолда  ӛскен  мал  емес,  әлдебір  ертегіден  шыққан  ӛзгеше 
мақұлықтар  сияқты.  Ашық  аспан,  тұнық  ауада  аяқ  басқан  дыбысыңа  дейін 
анық  естіледі.  Мен  жартылай  ғана  қар  жамылған  жағал  бұталар 
тӛмпешіктене  шұбартқан  ақтеңбіл  далаға  –  жалпақ  даланың  сүр  күмбезбен 
қиылысқан кӛкжолақ кемеріне мейірлене қарадым. Дүние қандай кең. Қандай 
таза.  Кенет  үй  іргесінен,  дәл  аяқ  астынан  жүгіріп  ӛткен  тышқан  ізіне  кӛзім 
түскен.  Міне,  тіршілік!  Ен  далада  үя  басқан,  табиғат  заңымен  ғана  ғұмыр 
кешкен,  ӛкіметі  жоқ,  полициясы,  саясаты  жоқ  жәндіктердің  талайы  ӛзгеше 
екен ғой!.. 
Бізде  де  ӛкімет  жоқ  еді.  Дәл  казіргі  кезде  табиғи  ортаға  орай,  ӛз 
заңымызбен  ғана  күн  кешіп  жаттық.  Бұл  да  болса  құдайдың  жеңілдігі,  қыс 
біршама  жылы,  жайлы  болды.  Мал  қамынан  бӛтен  шаруа  жоқ.  Түйелер  кӛз 
кӛрімде  жүреді.  Итсигектен  басқа  сербиген  бұта,  қылтиған  сояудың  бәрі 
пішен. Жылқының жайы сәл қиынырақ. Әуелде іргеде тебіндеді. От азайған 
сайын  ұзай  берген.  Күндіз  қарауылдап  қоямыз.  Ұзаңқырап  кеткенде 
кезектесіп  барып  тұрдық.  Бұл  қиянда  ит-құс  білінбейді,  тобымен 
жортатындай  іргелес,  селбес  малды  мекеннен  ада,  қаптаған  қоңыр  аң  тағы 
жоқ, ал адасып жүрген жалғыз-жарым бӛріге кӛк айғырдың ӛзі алдырмас еді. 
Әйткенмен, сақтық керек, кӛз жазбадық. Ең үлкен қатер – қаһарлы қаңтарда 
оқыстан  боран  тұрып,  түн ішінде  ығып  кеткен  жылқыны екі  күн  іздеп  әрең 
тапқан соң, белді атандардың бірін кешке қарай үй іргесінде тіздеп ұстайтын 
болдық. Қалған малды ауыл бетке бейімдеп қоямыз. Ақсақал күннің батуына, 
айдың  шығуына,  аспандағы  бұлт  пен  жердегі  қардың  сыңайына  қарап,  ауа 
райын болжалдап отырады, кӛбіне дұрысқа саяды. Ӛспеген, үйренбеген жер, 
әйтпесе кӛп жаңылмас едім дейді. 

Sauap.org
 
 
71 
 
Наурыз  тумай-ақ  қар  ыдырап,  жер  ойдымдана  ашылды.  Ақсақалдың 
іңкәрі ел жақка ауып еді. Ат ізін салып хабарлассақ деген. Мен хабарласпай -
ақ  біліп  отырмын.  Бұл  – бірер  жылда тынатын  нәубет  емес.  Ақ  генералдар, 
Ерікті  қозғалыс,  Сібір  ӛкіметі  –  жарым  Россия  ауыздықтай  алмаған 
болъшевиктер  ӛкіметіне  таяу  арада  тоқтам  жоқ.  Жарты  әлемді  жалмамай 
тынбайды.  Наразылықтар,  кӛтерілістер  болуы  мүмкін,  бірақ  жиырмасыншы 
жылдан  соң  күш  кызылдарға  біржола  ауған.  Осыдан  азғана  бұрын  ӛз 
іштерінде  жік  туған  сияқты  еді,  мен  одан  да  үміт  күтпеймін.  Бір  тобы 
жеңілсе, екінші тобы келеді. Түгі-түсі бірдей. Егер ғайыптан басқадай жағдай 
туып  жатса,  ештеңеден  құр  қалмаймыз,  үлгереміз.  Күн  жылып,  жер  аяғы 
кеңігені – жаудың қарымының ұзарғаны. Кез келген сағатта тӛбемізден түсуі 
мүмкін. Әкей мақұл кӛрді. Асығыс атқа қонып, екі-үш күн аралатып кӛнілді 
кайтты. Ӛткен күзде Бетпақтың тереңінен межелеген жер қардан таза-рыпты, 
шебі бірыңғай сораң мен жусан емес, астында нәрі молы анық деген. 
Қар  суымен  кӛштік.  Аруақтарға  құран  оқып,  арттағы  елге  тыныштық, 
береке  тілеп,  үдере  жылжығамыз.  Біржола  кетіп  барамыз,  сүйегіміз  сонда 
қалады деп ешкім ойлаған жоқ. Екі жаз, асса үш-тӛрт жылға деп шамаладық. 
Әкей  иеленген  жер  шынында  да  тӛңірегінен  мүлде  ӛзгеше,  кӛгере 
бусанып тұр екен, "Бүл жердің аты Кӛкжайлау болады!" –дедім мен. Аллаға 
тәуба  айтып,  үй  тіктік.  Үй  тігіліп  болар-болмастан-ақ  құдық  қазатын  жер 
қарадық.  Қар  суы  құйылып,  жусан  мен  изен  биіктей  ӛскен  ойпаңға  емес, 
белестің  етегінен  алысырак,  бұйырғын  ӛскен  тепсеңнен  тандадық.  Яғни, 
таңдаған  әкей.  "Құрық  бойынан  су  шығып  қалар!"  –  деген.  Сол  сәтінде-ақ 
құдайға сыйынып, жұмысқа кірісіп кеттім. 
Тобыққа  дейін  тез  алынды.  Ылғал  сіңген,  жаншылмаған  үстіңгі  кабат. 
Содан  соң  нағыз  азап  басталды.  Тығыз,  майда  сары  топырақ  тастай 
сығымдалған,  күрек  батпайды.  Қайламен,  шотпен  ғана  кетіп,  шӛкіп  алуға 
мүмкін.  Қарыстап,  тұтамдап  қазуға  емес,  сантиметр,  миллиметрлеп 
тырналауға  тура  келген.  Әзірше  уақытымыз  кең.  Қар  түгел  кетпеген. 
"Ұрынып  қалма,  шырағым..."  –  деген  әкей  де.  Бірақ  мен  тезірек  суға 
жетпекпін. 
Зағира  үйдегі  қуыс  ыдыс  атаулыны  босатып,  су  жинауга  кірісті.  Қар 
тасуға  кішкентай  Жансалқамның  ӛзі  қатысқан.  Әкем  колдағы  бармен 
қанағаттанбай,  жаңа  конысқа  келісімсн  аруақ,  құдай  атына  күрбанға 
сойылған  дӛненнің  терісін  кептіріп,  тобылғы  жоқ,  теріскен  түтініне  ыстай 
бастады.  Су  құятын  тайжүзген  саба  жасамақ.  Үйдегі  кӛнек,  торсық,  тегене, 
қазан  –  үлкенді-кішілі  ыдыс  түгелімен  суга  толтырылды,  үш-тӛрт  күнде 
ысталып, сәнін, түрін сақтамай, табиғи қалпымен бітеу тігілген мес саба да ӛз 
орнын  тапты,  ал  құдық  кісі  бойы  қол  ұсынымға  әрең  жетті.  Ешқандай 
тіршілік белгісі жоқ. Тас қашап жатқан сияқтымын. Ойылган алақан қатпар-
қатпар  кӛңге  айналды.  Бел  сыркырап,  шеке  шыңылдап,  қайланы  ұрам  да 
отырам. Бес... он... жүз... екі жүз бір... Мың! Қайтадан – бір... екі... терт жүз 
он тоғыз... Екінші, жетінші, жетпісінші мың!.. Әрине, жалғыз жұмыскер ӛзім 
ғана емес. Әкей бар. Ара-тұра менімен алмасады. Зағира бар. Су жинаудан, 

Sauap.org
 
 
72 
 
ас дайындаудан қолы босағанда кӛн шелекпен топырақ тартады. Жансалқам 
да  қасымызда  жүреді.  Уыстап,  іргеге  тӛгілген  топырақты  тасиды.  Қүдық 
ішіне  түскісі  келсді.  Түсе  сала  қайта  шығады.  Ойнайтын,  еркелейтін  заман 
емес. Құлап кетесің, бірдеңе тиіп кетеді деп ұрсуға, жасқауға тура келеді. 
Арада  апта  ӛткенде  кұрық  бойы  тӛменге  түстік.  Бұл  кезде  менің  сілем 
қатқан,  шаршағаным,  қажығаным  ӛз  алдына,  әкем  мен  әйелімнің  бетіне 
қарауға  именетін  халге  жеттім.  Тумысымда  қайратсыз  емес  едім.  Тас 
топырақты  шекіп  алған  тозақы  жұмыс  жігерімді  құм  қылды.  Ең  бастысы  – 
осы  жасап  жаткан  істен  нәтиже  шығарына  күмән  молайған.  Тереңдеген 
сайын үміт азая берген.  
Құрық  бойынан  оздық.  Топырақ  жұмсарды.  Қабат-қабат  қыртыстар 
таныла бастады. Аз-маз дымқыл. Бірақ су жоқ. Екі құрыққа жеттік. Кӛк аспан 
от  орнындай  ғана  болып,  дӛңгеленіп  кӛрінеді.  Мен  қос  қазыққа  бекітілген 
қыл тепкішекпен ӛрмелей, тӛбеге әрең шығам. Әкейді түсірмеймін. Топырақ 
тарту  да  оңай  жұмыс  емес.  Шынымды  айтсам,  кӛкем  менен  әлдеқайда 
кажырлы болып шыкты. Енді азғана дейді. Сол азғанамен он бес метр түстік. 
Мүмкін  жиырма.  Ӛлшеудің  ӛзінен  қорқасың.  Енді  ақсақал  да  мазасыздана 
бастаған. "Апыр-ай, шӛлдегі құдықтар қырық-елу құлашқа жетеді деуші еді. 
Сондай  болмағай... Жок,  – дейді  содан  соң.  –  Шӛп реңіне  қарағанда  мұнша 
тереңге  кетпеуге  тиіс.  Әлде  жүлгесін  таппадық  па..."  Дағдарғанмен  амал 
қанша. Қаза бердік. Әлбетте, бізде асығыс жоқ, жаз бойы, күз бойы қазсақ та 
шаруадан  қалмаймыз.  Қиыны  –  бұл  кезде  қар  түгел  кетіп,  су  сарқыла 
бастаған.  Арада  тағы  оншақты  күн  ӛткенде  қозыкӛш  жердегі  ойпаң  қақ 
құрғады.  Тӛңіректе  тамшы  нәр  қалмады.  Бізде  толық  екі  аптаға,  үнемдеп 
ұстасақ, одан да ұзақка жетер ауыз су бар. Бірақ мал қаталай бастаған. Мал 
болганда, түйе емес, жылқы. Алғашқы күні оттауын азайтып, кӛп-кӛрім суат 
болып  тұрған,  таусылмаса  ӛзіміз  де  пайдалануға  жарайтын,  енді,  әкейдің 
айтуынша, қолма-қол тобарсып, шытынай жарылған шұбар тақырға айналған 
қақ  орнына  барғыштап  жүрді  де,  ертеңіне,  әбден  аңқасы  кепкен  соң  үй 
іргесіне, құрқұдык басына ұйлығып тұрып алды. Ӛте ауыр кӛрініс еді. Шелек 
түбіне құйып, бір-бір аяқтан су бердік. Арғы күні тағы солай болды. 
Ӛнімсіз  жер  шұқыған  қарекетті  баяғыда-ақ  тоқтату  керек  еді.  Бастап 
қойған  соң  амал  жоқ.  Тағы  екі  күнге  шыдамақ  болдық.  Содан  соң... 
"Кӛшпейміз!"  – дедім.  Бар  су,  жалғыз түйс, үй-жаймен  осында  қалам.  Әкей 
аякты  малды  айдап  Сорбұлакка  кетеді.  Сулатып,  жайлап,  алыстан 
қарауылдап,  сол  тӛңіректе  жүреді.  Межелі  күні  сабаға  су  артып,  түйені 
ауыстыруға  келіп  түрады.  Тәңірі  тыныштығын  берсе,  қырық  емес,  сексен, 
жүз  құлашқа  дейін  қазуға  бекінгем.  Тұмаға  жетпесем,  осы  терең  кӛрдің 
түбінде ӛліп-ақ кетейін. 
Менің  иман  айтуымды  күтіп  тұрган  рақымы  мол  қүдай  сол  сәтінде-ақ 
жарылқай салды. 
Бүгінгі  –  ең  соңғы  тыпыр  еді.Қайланы  салып  қалғанда  жұмсақ  кірген 
сияқты  кӛрінді.  Қатқыл  топырақ  опырыла  ұшпады.  Үгітіліп,  жанышталып 
түскендей.  Мен  жӛппелдеме  тағы  ұрдым  да,  қайла  солқ  етіп  суырылғанда, 

Sauap.org
 
 
73 
 
ӛзіме ӛзім сенбей, еңкейген қалпымда тұрып қалдым. Содан соң тізе бүккем. 
Саздауыт,  дымқыл  топырақ.  Кәдімгі,  жаңа  ғана  шыланған  сулы  топырақ. 
Отыра  калып  қолмен  тырналадым.  Ең  түбінен  сығымдап  алған  бір  түйір 
топырақты  –  топырақ  емес,  балшықты  аузыма  салдым.  "Кӛке!  Кӛке!!..  – 
дедім қарлыға дауыстап. – Су! Су!!" Әкей үнсіз қалды. "Суға жеттік! Кәдімгі 
су!.."  –  дедім  мен  үздігіп,  құдықты  күңіренте,  құлагым  жарыла  айқайлап. 
"Бәрекелді!"  –  деген  тұншығыңқы  үн  естілді  тӛбеден.–  Бәрекелді,  балам... 
Шелекке бір уыс балшық салып жібер..." Бұл кезде сыздықтай шыпшыған су 
шұканақ  түбіне  жинала  бастаган.  Мен  қос  уыс  балшықты,  суын  сорғалата 
кӛсіп алып, шелекке салдым. 
Менің  ұзақ  ӛмірімдегі  ең  бақытты  шақ,  бәлкім,  сол  күнгі,  су  кӛзіне 
жеткен сәт шығар. "Жарайсың, ұлым! – деді шелекті тартып алған соң әкей, 
сабырмен. – Құдай бар.  Дәм-тұзын  түгеспепті...  Болды!—  деді содан  соң.— 
Қалғаны оңай. Ертемен жалғастырамыз". 
Бұл  кезде  мен  су  шыққан  жерді  кеңейтіп,  жан  таласа  түйгіштеуге 
кіріскем. Бойыма күш құйылғандай. Жаңа ғана қолыма қайла, шот алғандай. 
Тоқтайын  десем  де,  тоқтай  алмадым.  Аздан  соң  сатылы  арқанмен  соңғы 
күндерде  тек  сыртта  гана  болған  әкемнің  ӛзі  теменге  түскен.  Ендігі  қазуым 
қате екен. Бір жерді үңги берсе, кӛп ұзамай су басып кетеді. Кӛзін түгел ашу 
үшін  құдық  түбін  бір  денгейде  жұқарту  қажет,  Несін  айтайын,  сыртта  сам 
жамырап, іште жасусыз қараңгы орнағанша, мен қазып, әкем тартып, құдық 
түбін межесіне жеткіздік. Мен каза беретін едім. Құмдауыт тасқа енген соң 
жан-жақтан  шып-шып  тӛгілген,  кернеуі  мол  салқын  су  тобықтан  асып, 
жұмыс жасатпады. Басқыш  арқанмен ӛрмелеп  сыртқа әрең  шықтым.  Бір-екі 
рет  кӛзім  қарауытып,  шыңырау  түбіне  құлай  жаздап,  толқып  барып  әрең 
оңалғам. Сілем катқанын, ӛнімсіз іс енді бірер күнге созылса, зорығып ӛліп 
кетуім  де  мүмкін  екенін  сонда  ғана  білдім.  Соңгы  күндері  түтіге  тозған, 
әбден  жүдеген  Зағира,  мен  қара  үңгірден  шыға  бере  жығылғанда,  басымды 
құшақтап,  баурына  тартып  отырып  қалды.  Әдеп  сақтап,  үнемі  қымсынатын 
атасына назар аудармастан, жас жуған бетін желкеме басып, үнсіз ӛкси берді. 
Құдық  аузын  коршалағаннан  соңғы  бірінші  әрекетіміз  —  қазан,  тегеш 
түбінде,  торсық,  сабада  қалған  барлык  суды  малға  құйдық.  Ең  соңында, 
қырық  күн  шӛлге  шыдайды  дейтін  түйелерге  де  ширек  шелектсн  су  тиген. 
"Несібесі  бар,  жылқылардың  ішкенін  кӛріп  тұр,  алалағандай,  кӛңіліне 
келер",—  дегсм  мен.  Сӛйтсем,  ӛзімізге  тамшы  қалмапты.  "Әкел  тағы!"— 
дегснде,  Зағира:  "Тамшы  су  жоқ!"—  деді.  Шошып  кеттім.  Содан  соң  мәз 
болып  күлдім.  Менің  қандай  күй  кешкенімді  аңдаган  Зағира  да,  одан  соң 
әкем  мен  балам  да  күлді.  Суды  түгел  малға  бергеніміз  —  шыңырау 
құдығымыз бар екен ғой.  Қалай мәз болмассың! Мол сулы құдыгымыз бар! 
Қолма-қол қауға салдым. Тұтас бір арқан байлап. Кетіп барады, кетіп барады, 
ақыры  жаңғырығып  шалп  етті.  Сәл  тұрып,  су  толган  молшерде  қайта 
тарттым.  Жаңағыдан  да  ауыр.  Тартқан  сайын  ауырлай  түскендей.  ұзак 
суырдым. Ақыры, шелегім де кӛрінген. Ортасынан аса су! Кәдімгі, тап-таза, 
сары лайлы салқын су. Отыра қап іштім. Бәріміз іштік. "Сырдың суындай!"—

Sauap.org
 
 
74 
 
деді  кӛкем.  Сырдың  суындай!  Сырға  жетпей  тоқтадық.  Суын  ешқайсымыз 
кӛргеміз  жоқ.  Бірақ  арқа  қазақтарының  арасында  осындай  сӛз  бар.  Бұдан 
үлкен  мақтау  болмаса  керек.  "Сырдың  суындай!"  —  дейді,  абыр-дабырда 
бұрын ӛзі аулақ жүретін қүдық басына келіп қалған Жансалқам да. Сырдың 
суындай зәмзәм! Кенелдік те калдық. 
Әнеукүннен  бері  қорқақтап  жүргем.  Есіме  жаңа  түсіп,  қауғаны  қайта 
салдым.  Суға  жеткенде  колымда  қалған  жерін  түйіп  байлап,  дәлдеп  түрып 
ӛлшедім.  Тура  он  жеті  құлаш  шықты.  Он  үш-он  тӛрт  сажын,  яғни,  отыз 
метрге жуық. "Кӛке,— деймін кӛңілім кетеріліп.— Анау қырдан қазса, қырық 
құлаштан су шыгар ма еді?" "Ықтммал",— дейді кекем. "Ойдан қазса ше?"— 
деймін  балаша  еркелеп.  "Шықпауы  да  мүмкін,—  дейді  кӛкем.—  Бұл 
шіркіннің  ӛз  жүлгесі  болады.  Жүлгенің  белгісі  —  әудем  жердегі  екі 
құдықтың  бірінің  суы  ащы,  бірінің  суы  тұщы  бола  беретіні  бар.  Ал  сол 
екеуінің  қақ  ортасынан  қазсаң,  түк  шыкпауы  ғажап  емес".  "Онда  біз  дәл 
үстінен түскен болдық қой!"— деймін. "Сәл қиыс түскен сияктымыз. Бес-он 
қадам  ары,  не  бері  казсақ  кім  білсді..."  "Ертерек  жететін  бе  едік?"  "Мүлде 
жетпсуіміз  де  мүмкін  еді..."  Міне,  ӛнер-білім  дегеніңіз.  Европаның  ең  озат 
ғылымы  жер  бетіндегі  шӛпке,  әлде  толыракқа,  адам  ұқпас  басқа  бір 
белгілеріне  қарап,  ешкашан  да  шӛлден  су  таппас  еді.  "Бұл  тараптагы  менің 
білігім  шамалы,—  дейді  кӛкем.—  Есілде,  сулы,  нулы  ӛлкеде  ӛстік.  Үлкен 
әкеміз айтып отырушы еді. Ӛз атамнан естідім деп. Ол заманда біздің ел қыс 
қатты болатын жылдары Сырға түсіп кетеді екен. Екі ортада, ӛзің де кӛрдің, 
Сарысудан  басқа  ӛзен  жок.  Ал  дала  кең.  Су  табудың  амалын  игермегенде 
қайтпек.  Менікі  сол  бүрынғылардан  қалған  жора.  Ұзынқұлақтан  естігенім. 
Кӛргеннің жӛні бӛлек қой. Әйтпесе, басқа бір қисынын табар едік. Кім білсін, 
тұщы  су  найза  бойында  ғана  жатқан  жерлер  бар  шығар.  Сені  соншама 
бейнетке  салдым.  Әйтеуір  арты  қайыр  болды.  Ең  бастысы  —  жау  қарымы 
жетпейтін жырақта. Балам, бағың бар екен, мынау — жүз жылқы суарсаң да 
сарқылмас қайнар құдық. 
Зағира от жағып, қазан кӛтеріп, шала-шарпы тұнған лай суға былқытып 
ет асты. Біз ай жарығында қауға, шелектерімізді арқалап, құдык басына қайта 
келдік. Таяу маңда жүргек жылқылар мен түйелер сол сәтінде-ақ қасымызға 
жетті. Қауға тартып, шетінен суғара бастадық. Әуелі бір-бір шелектен беріп, 
содан соң қайта айналдырдық. Ең соңында тӛрт түйе қалған. Сары інген сегіз 
шелек  ішті.  Қос  сары  атан  тоғыз  шелектен  тоқтады.  Қара  бура  тура  он  екі 
шелегін  сарықты.  "Қырық  күн  шӛлге  шыдайтыны  осыдан",—  дейді  әкей 
күліп. "Шынымен қырық күн бе?" "Қырық — мысал үшін айтылған сӛз болса 
керек. Жиырма күнге анық шыдайды". "Бұл да аз емес, — деймін.— Қалай?" 
"Мына он екі шелек — он екі-он бес күн деп біл. Қарнының бір бұрышында 
жатады. Одан соң неше күн бойы ӛркеші сақтайды. Кӛрдің бе, тӛртеуінің де 
ӛркеші  жығылды.  Оттан  емес.  Судан.  Кім  білсін,  қарнының  бір 
қалтарысында мысқалдап су сақтайтын қасиеті бар шығар. Басқа түскен соң 
шыдайды  да.  Жан  иесінің  кӛрмес  азабы  бар  ма.  Тек  адам  ғана...  Адам  ғана 
әлсіз",  Иә.  Адам  ғана  әлсіз.  Осымен  екінші  рет...  Үзілуге  шақ  қалдым  ғой. 

Sauap.org
 
 
75 
 
Шаршағаннан,  қажығаннан.  Жоқ,  торыққаннан.  Қандай  әлжуаз,  жұмбақ 
махлұқат бұл адам деген. Опырылып құлауы да оңай, серпіліп бой жазуы да 
қиын  емес.  Әлгінде,  күндіз  ғана  жаннан  безгендей  едік,  енді  міне,  кең 
сарайдай кӛрінген жұлыны, үш қанат күрке ішінде, ашық түндік астындагы 
от  жарығында  барлық  уайым-қайғыдан  арылғандай,  рақаттанып  отырып 
қазы, қарта жедік, нарлы сорпа іштік. 
Тұяқ  серіппей  алаңсыз  ұйықтаппын.  Бес-он  минут  қана  қалғып 
кеткендеймін.  Күн  кӛтеріле  ояндым.  Ӛне  бойым  дел-сал,  орнымнан  әрең 
тұрғам.  Тұрмас  та  едім,  Жансалқам  тұрмасыма  қоймады.  Қуанып  жүр.  Мен 
де  қуандым.  Бәріміз  мәре-сәре  болдық.  Бізбен  бірге  жер  түбіне  келген  бес 
мама  биенің  екеуі  қатарынан  құлындапты.  Бас,  сирағы  бүтін,  аяқтанып 
кеткен.  Әжептәуір  жерде,  кӛк  жусан  ішінде,  сонырқай  жайылып  жүрген 
жылқы  арасында  бӛлектеніп  кӛрінеді.  Кӛкем,  Жансалқам  екеуі  барып 
қайтыпты. Әдемі дейді. Қалған үш бие де құлындауға тақау тұрса керек. 
Менің  үлкен  қуанышым  құдық.  Басына  келіп,  қайтадан  қауға  салдым. 
Мӛп-мӛлдір күміс су. Мұздай. Тәтті. Тек осы суды ішіп кана жүз жыл ӛмір 
сүруге  болатын  сияқты.  Кӛтеріп  үйге  әкелдім.  Су  құятын  ыдыс  жоқ.  Бәрі 
толып түр. Үй сыртына шығып, беті-қолымды жуындым. Әбден кірлегенім, 
жақсылап шомылу керегі сонда ғана еске түсті. Соңыра. Бірақ мұндай мӛлдір 
суды  қалай  гана  қиярсың.  Міне,  қазір  де  кауға  бел  ортасынан  жоғары  түр. 
Құдық  басына  қайта  апардым.  Кері  құймайсың  ғой.  Тӛгіп  тағы  тастай 
алмадым. Алжасқан адамдай, үңірейген терең күдыққа бір қарап, кауғадагы 
мелдірей  күлімдеген  суға  бір  қарап,  әжептәуір  тұрдым.  Ақыры  амалын 
таптым.  Қүдық  басында  жатқан  қайла,  шот,  күректі,  ешқандай  қажеті 
болмаса  да,  басынан  сабына  дейін  жақсылап  түрып  жуып,  топырақтан 
тазарттым.  Шынында  да,  мына  шӛлде,  соншама  еңбекпен  келген  мӛлдір  су 
ысырап  кетпеу  керек  қой.  Қайтадан  қауға  салдым.  Саумалап  босатып 
тұрмын,  кетіп  барады,  кетіп  барады,  ақыры  шылп  еткен  дыбыс  шықты,  қоя 
бердім  —  шым  батты.  Су  бетінен  бір  құлаштай  асқанда  ғана  түбіне  жетті. 
Судың  тереңдігінің  ӛзі  кісі  бойы!  Құдық  емес,  дария  ғой  мынау!  Кернеуі 
күшті, су кӛзі екі метрге кӛтерілген. Қанша алсаң да ортаймайды. Бірақ мсн 
қауғамен тартылған суды тӛкпедім. Сол қалпында үйге әкеп қойдым. 
Әрине,  біздің  ең  үлкен  байлығымыз  —  құдықты  қалыпқа  келтіру  үшін 
тағы  бірнеше  күн  уақыт  кетті.  Топырағы  тығыз,  қабырғасын  асықпай 
шегендерміз.  Бірақ  тезінен  аузын  әйкелдеу  керек  еді.  Беріктік,  тазалық  ӛз 
алдына,  қауіпсіздік  үшін  керек.  Осы  кезде  кӛшпеңді  тұрмыс,  табиғат 
аясындағы  тіршілікке  қатысты  білмейтін  пәлесі  жоқ  әкейге  күлгем.  Мал 
құлай ма, малдан бұрын, ойнап жүріп Жансалқам түсіп кете ме, таяу маңда 
тал жоқ, құмға барып, сексеуіл жаба тұрамыз деп отыр. Күлмегенде кайтесің. 
Мен  бұрын  қазық  қағылып,  арқан  керілген  құдык  аузына  үш-тӛрт  уық 
шанышып, оның үстіне киіз жауып күркеледім де, іргеде үйіліп жатқан май 
топырақтың бір шетіне су құйып, лай айдадым. Анада су қорына әзірленген, 
енді  әбден  қақсып,  қаудырлап  қалған  шикі  сабаны  қабаттай  тіліп,  таспамен 
тігіп,  қалып  жасадым.  Содан  соң  екі-үш  күнде  бес-алты  жүз  кірпіш  құйып 

Sauap.org
 
 
76 
 
шыққам. Сорғып кепкен соң жымдастыра бастырып, дӛңгелете қалап, құдық 
аузына  кәдімгідей  әйкел  тұргыздым.  Оп-оңай,  жабайы  шешім.  Кӛкем  менің 
қиыннан  қиыстырган  ақыл-парасатыма  қайран  қалған.  Ал  ӛзінің  тұлдырсыз 
шӛлден  су  шығаратын,  бұдырсыз  иеннен  жол  табатын,  бар  қажетін  малдан 
айыратын  ӛміршең  білгірлігін  сүйекпен  бітер  салт,  тіршіліктің  әдепкі 
машығы  санайды  —  аяғы  бардың  жүргеніндей,  аузы  бардың  сӛйлегеніндей 
табиғи  құбылыс  кӛреді  және  әдетте  бұрынғының  адамдарын  үлгі  етіп,  олар 
сондай  еді  ғой,  олар  мұндай  еді  ғой,  біз  сол  мінез,  қасиеттің  тым  құрса 
жартысын игерсек, мұншама қиындық кӛрмес едік деп отырады. 
Барымыз  түгел.  Аман-есен  жата  берсек  керек  еді.  Бірақ  мен  шайтан 
түртіп, отыра алмадым. Елде не болып жатыр. Былтыргы ӛкімет орнында ма. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет