Шокпарова дана канатхановна



Pdf көрінісі
бет15/27
Дата13.09.2022
өлшемі6,4 Mb.
#38965
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27

БЕЙІМДЕЛМЕЛІ 
ЕГІНШІЛІК 
ЖҮЙЕСІН 
ЖОБАЛАУДАҒЫ 
ЛАНДШАФТТАРДЫ ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯЛАУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
 
ХХ ғасырдың басында «Табиғаттың рақымын күтпей-ақ, біз оны өз 
еркімізге көндіріп, керегімізді алуымыз керек» деген И.В. Мичуриннің [90] 
жаңылыс қағида дамуының нәтижесінде жерді дұрыс пайдаланбау, жаппай 
игерудің нәтижесінде топырақ құнарсызданып, деградациялық үрдістердің 
өршуіне алып келді. Экологиялық мәселелердің ұшығуына байланысты ХХ 
ғасырдың 60 жылдарынан бастап табиғатты адамға емес, адамды табиғат 
жағдайларына байланысты бейімдеу қолға алынды. «Жер» деген сөздің түбінде, 
ауыл шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын және пайдаланылмайтын 
үлескілердің табиғи жағдайларын ескере отырып пайдалануды түсіну керек. 
Сондықтан да бұларды жіктеу ландшафттық тәсілге сүйену керек.
Ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесін жобалау жерді ұтымды 
пайдалану үшін олардың ландшафттық картасын құра отырып, территориялық 
талдаудың нәтижесі ретінде ландшафттарға экологиялық бағалау болып саналады. 
Карта нақты бір территорияның табиғи ландшафттарын зерттеу үрдісін 
сипатайтын ең маңызды құжат болып табылады.
Әдістемелік тұрғыдан алатын болсақ қолданбалы ландшафттықжерді игеру 
аймақтарын картографиялау екі кезеңнен тұрады: нысанды анықтау және нақты 
бір таксономиялық рангтегі ландшафттық кешендердің белгілі бір масштабта 
түсірілуі; бағалау мен белгілі бір ауыл шаруашылық мақсаттары үшін физикалық-
географиялық мәліметтерді талдау мен есептелген бір кезең үшін оның өзгеруін 
болжау.
Ландшафттық типологиялық карталарды құрастыру мен ауыл шаруашылық 
жерлердің территориясын ұйымдастыру ландшафттардың морфологиялық 
бірліктерінің 
жіктелуін 
нақтылап, 
әртүрлі 
таксономиялық 
рангтердегі 
типологиялық бірліктерге, яғни фацияларға, қоныстарға және қонысшаларға дейін 
жіктелуінде.
Алматы облысы Жамбыл ауданының ландшафттарының геоэкологиялық 
жағдайы туралы толық мәлімет алу тек қана морфологиялық мәіметтерден бөлек, 
техногендік кешендер мен олардың әсері, техногендік әсерлердік нәтижесінде 
геокешендердің өзгеруі және оларды оңтайландыру жолдарын ұсынатын карталар 
да пайдаланылады.
Басты факторларды есепке алу әдістемесі бойынша фациялар мен қоныстар 
топтары бір-бірімен жер бедерінің, топырақ түзуші жыныстар мен өсімдік 
жамылғысының кейбір белгілері арқылы ажыратылатын ландшафттардың сәйкес 
түрлеріне бірігеді. Орта масштабтағы ландшафттық карталарды құрастыру кезінде 
нақты алынған үлескілердің басқа территориямен салыстырғанда ландшафт 
түрлері экстраполяцияланады. Түрлер белдеулік сипаты бойынша ландшафт 


24 
типшелері мен типтеріне бірігеді. Соңғылары класс пен классшалармен қосылып, 
ұсақ масштабты жалпылама ландшафттық карталардың мазмұнын, негізін 
құрайды. 
ЛБЕЖ-ді іске асыру кезінде 2-суретте көрсетілген кезеңдерді орындау 
барысында ландшафттық карталар құрастырылып, олардың әрі қарай 
дифференциациялануы көрсетілген.
2 - сурет - Ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесін жобалауды іске асыру 
жолдары 
Алматы Облысы Жамбыл ауданының 1:100 000 масштабтағы ландшафттық 
картасын құрастыруда кешендік Arc GIS 10.1 бағдарламасы пайдаланылды. 
3.1 Алматы облысындағы Жамбыл ауданының физикалық-географиялық 
жағдайларының ерекшеліктері 


25 
 
Морфометриялық көрсеткіштердің карталарды құрастыру мен бедерді 
сипаттаудағы маңызын В. Пенк [91] өз жұмыстарында атап өткен болатын. 
Жиналған 
материалдардың 
негізінде 
ГАЖ 
технологияларының 
карта 
құрастырушы ArcGIS 10 бағдарламасының көмегімен және жер бедерінің сандық 
үлгісін пайдалана отырып, тек қана ландшафттық карталарды құрастырып, 
иерархиялық деңгейлеріне дейін жіктеп қана қоймай келешекте оларға толықтай 
экологиялық бағасын беруге, зерттелетін нысанның деградацияға ұшырау қауіпін 
анықтай отырып, қажетті іс-шараларды да анықтауға көп септігін тигізеді.
Алғашқы кезеңде морфометриялық карталар 1:100 000 масштабтағы 
топографиялық карталардың негізінде құрастырылды. Бедерлердің типтері нақты 
көрсеткіштер картографиялық және жеке нысандарды топастыру мен 
генерализациялау жіктемелері территориялық немесе кеңістіктік аудандастыру 
қағидалары мен морфометриялық көрсеткіштердің кеңістік бойынша біркелкі 
таралу сипаттарына сәйкес ерекшеленіп, белгіленді.
Ландшафттарға 
бейімделген 
егіншілік 
жүйесін 
жобалауда 
ГАЖ 
технологияларын пайдалану ең алдымен зерттелетін аймақтың топографиялық 
карталарын сандаудан өткізілуден басталады. Яғни, сандау топографиялық 
карталарды сканерден өткізіп, сақталған растрлік бейнелерге географиялық 
координаттарын тіркеу болып саналады. Жамбыл ауданының аумағы 1:100 000 
масштабтағы 20 растрлық суреттерден тұрады. Әрқайсысын жеке-жеке сканерлеп, 
координаттарын анықтадық. Координаттар жүйесі топографиялық негізгі 
байланысты беріледі. Менің жұмысым Pulkovo_1942_GK_Zone_12N проекциясы 
бойынша жүргізілді. Суреттер тізбегін тіркеп, координаттар жүйесі бойынша 
орнын анықтап алғаннан кейін ЛБЕЖ-ді жобалаудың орындалу барысына сәйкес 
карталардың құрастырылу кезектері анықталды. Бірінші кезекте әрбір топырақ 
типтері, геоморфологиялық қима құрылымы туралы мәліметтер базасын құру 
керекпіз. Аталған мәліметтер қосымша қолданбалы карталарды құруда қажет 
болады.
а) Жер бедері элементтері мен пішіндерінің карта-қабаттарын құрастыру 
Бұл жұмысты іске асырудың бірнеше жолдары бар: топографиялық 
картадағы элементтерді сандау арқылы бедердің өлшемдік үлгісін алу немесе 
топографиялық картаның қағаз нұсқасына бедер элементтері мен пішіндерін 
алдын-ала белгілеп алғаннан кейін сандау. Бірінші нұсқамен жұмысты атқару дәл 
әрі нақты мәліметтерді алуға қол жеткізеді және автоматтық жобалауды бастауға 
көп мүмкіндік береді. Дегенменде, бұл жұмыс біліктілік пен дәлділікті, көп 
уақытты қажет етеді. Екінші нұсқа өте нақты дәлділікті қажет етпейді және 
орындалу уақыты бойынша да тиімді. Диссертациялық жұмысты орындау 
барысында әрбір растрдағы морфометриялық пішіндердің элементтері, яғни 
қабатальдар, биіктік нүктелері, сызықтық белгілер (өзедер, жолдар, құбырлыр 


26 
және т.б.), сапалық фон мәліметтері, ареалдар (көлдер, елді мекендер) сандаудан 
өттті.
Бедер элементтері арқылы Жамбыл ауданының гипсометриялық картасын 
құрастырудың бірнеше жолы бар. ArcGIS online базасының қорынан Asia Dem-ді 
алып, алынған бедер көрінісін растрлық бейнеге ауыстырып, ArcToolbox 
қосымшасының коммандалары арқылы абсолюттік мәліметтер мен қабатальдар 
туралы мәліметтерді алып, бедердің өлшемдк үлгісі мен гипсометриялық 
картасын құрастыруға болады.
Екіншісі, растрлық мәліметтерді тіркеп, сақтағаннан кейін қабатальдар мен 
биіктік нүктелерінің кеңістіктік нысандар классын құрып, сандаудан кейін
ArcGIS 10 бағдарламасынының көмегімен ArcToolbox қосымшасындағы 3D 
Analyst құралындағы мәліметтерді басқару, одан TIN-ді құрастыру қызметтерін 
таңдай отырып, біз бедердің гипсометриялық сұлбасын аламыз. Қажетті жағдайда 
TIN үлгісінің қасиеттеріне кіріп, түс, оның жіктемесін таңдап, мәліметтерді 
реттеп, бедердік растрлық бейнесін аламыз. 
Үшінші жолы, бағдарламаны пайдаланушылардың көбісі қолданыатын әдіс. 
Жамбыл 
ауданының 
шекарасын 
белгілеп 
алғаннан 
кейін, 
бедердің 
қабатальдарының мәліметтері бойынша полигондальді белгілеу арқылы оларды 
жіктейміз. Әр деңгейге сәйкес өзінің түстік, сандық мәліметтерін беріп отырдық. 
Базаға енгізгеннен кейін, физикалық-географиялық карталардың толық кескінін 
құрастыру үшін бедердің ең биік нүктелері, жол тораптары, елді мекендері, өзен-
көл және олардың атауларын енгіздік. Нәтижесінде Алматы облысы Жамбыл 
ауданының 
1:100 
000 
масштабтағы 
физикалық-географиялық 
картасы 
құрастырылды (3-сурет).
Жамбыл ауданы солтүстіктен оңтүстікке қарай
Құрастырылған картаның көмегімен ауданның жер бедерін, пішінін және 
элементтерін сипаттауда көп көмегі тиеді.
Сонымен қатар, жер бедері элементтері мен пішіндерінен бөлек ЛБЕЖ 
жобасын қалыптастыруда гидрографиялық торлар мен суқоймалар, зерттелетін 
нысанның бедер еңістігі картасы, беткей экспозиция картасы құрастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет