Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет300/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   374
Одағайлы  сөйлемдер.  Грамматикалық  құрылымы,  қызметі  тұрғы-
сынан өзгеше сөз табы болып табылатын одағайлар көп мағыналығымен, 


374
375
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
айтылу ырғақтарының құбылмалығымен басқа сөз таптарынан ерекше-
ленеді. Одағайлар тілімізде екі түрлі жағдайда кездеседі. Одағай мүше-
ленетін сөйлемнің құрамында келіп, сол сөйлемдегі іс-əрекетке əртүрлі 
эмоциялық-экспрессивтік реңк мəнін ғана үстейтін оқшау сөз қызметінде 
жұмсалады. Мұндай кезде одағайдың өзі тіркескен мүшеленетін сөйлем-
нен сəл кідіріс (пауза) негізінде үтір арқылы ажыратылғаны болмаса, бе-
ретін  мағынасы  мүшеленетін  сөйлемнің  мағынасымен  бірдейлігі  көзге 
түседі. Демек, одағай оқшау сөз бен мүшеленетін сөйлемнің эмоциялық 
реңкі бір арнада ұштаса тоғысады. Мысалы. - Жə, жетер! – деп Дəнеш 
оның сөзін бөліп кетті (Қ.Ж.).
Кейде  одағайлар  лексикаланып,  атауыштық  мағынаға  ие  болады  да, 
сөйлемнің мүшесінің қызметін атқара алады. Мысалы, -Жə-жəлеп қой-
мадың ғой өзің!
Сонымен таңдану, таңырқау, сүйсіну, кінəлау, масаттану, жоққа шыға-
ру, келіспеу, күмəндану, өкіну, менсінбеу, жақтырмау, шошыну, қарсылық 
білдіру мақсаттарында жұмсалған эмоционалды одағайлар мүшеленбей-
тін сөйлемдер құрайды. Мысалы,
1) - Бүлік салмаса, қаладан неге отряд шақыртады? Бəсе... 
Келтірілген  мысалдағы  «Бəсе»  -  бір  сөзден  ғана  тұратын  одағайлы 
мүшеленбейтін  сөйлем.  Бұл  жерде  «Бəсе»  құптау,  яғни  «Дұрыс  айта-
сың»  деген  сөйлемнің  мағынасындағы  мүшеленбейтін  сөйлем  ретінде 
қолданылған.
2)  Қасым  найзалы  жұртты  көрсетті. - Қазір  бүкіл  ауылыңның 
күл-талқанын  шығарады.  -  Əттең,  əттең! – деп  барып  Бұрындық  əлі 
жығылмаған  қараша  үйдің  есігін  ашты  (І.Е.).  осындағы  əттең  деген 
одағай сөз «қолымнан басқа ешнəрсе келмейді-ау» деген өкіну мағына-
сын білдіретін сөйлем.
Бұларды сөйлемдік дəрежеге жеткізіп тұрған белгілердің негізгілері 
төмендегідей:
Біріншіден, ой-ақпарат өзінің алдындағы не соңындағы мүшеленетін 
сөйлемнің негізінде, жағдаят-контексте айқындалады;
Екіншіден,  жеке  сөйлемдік  тиянақты  предикаттық  интонациясы 
бар;
Үшіншіден, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, 
лепті сөйлемдер көзге түседі, яғни модальділігі айқын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет