Синтаксистік парадигмалар


Сөйлем түріндегі үстеме құрылым



Pdf көрінісі
бет311/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   374
Сөйлем түріндегі үстеме құрылым. Үстеме құрылымды құрайтын 
сөйлем ерекше синтаксистік түр болып табылмайды. Ол кəдімгі қалып-
ты  сөйлемге  тəн  құрылыста  болады.  Яғни,  оларға  жалпы  сөйлемге  тəн 
құрылыс, интонация, предикативтілік жəне белгілі бір форма тəн. Мыса-
лы: Оның қытай тілінде оқыған сөздерін тілмашы Дабынтай қолма-қол 
қазақшаға аударып тұр. Сан рет қайталанған ежелгі жарапазан, ой-
дан шығарылған қылмыстардың тізбегі еді (Қ.Жұмаділов). 
Мысалдағы  үстеме  құрылымға  құрылымдық  синтаксис  тұрғысынан 
келсек, бірінші сыңары толымсыз, себебі оның грамматикалық субъек-
тісі негізгі сөйлемде (сөздері), ал екінші сыңары предикаттық қатынас-
тың талаптарына жауап бере алмайды. Себебі онда жақтық, сандық қиы-
су жоқ. Бұл сыңар сөз тіркесі (анықтауыштық қатынас) құрылымының 
негізінде  жасақталған.  Жоғарыдағы  мысалда  үстеме  құрылым  негіз-
гі  сөйлем  құрамындағы  «сөздерін»  деген  толықтауыштың  мағынасын 
кеңейтіп, түсіндіріп тұр. 
Ескі  Ресейдің  барлық  тоң-торыс,  топас  мінездерін  түгел  бойына 
жинап алғандай, содыры көп, соқтыға жүретін Иван Зубов ордаң ба-
сып келіп, ұйлығып тұрған жұртты түгел бір шолып өтті. Ашы мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет