Сипаты: Арғы түркі – Түркі мәдениетінің дүниетанымдық мәні және көшпенділердің әлемді түйсінуінің ерекшеліктері Сабақтың мақсаты



бет2/3
Дата25.09.2022
өлшемі73,39 Kb.
#40117
түріСабақ
1   2   3
Тотемизм Алғашқы діндер ұзақ даму эволюциясынан өтті. Қоғаммен бірге дінде дамыды. Алғашқы діндердің бірі тотемизм немесе табыну. Тотемизм - адамдардың жануарларға, ағаштарға, құстарға, аңдарға ерекше бір қасиеттердің иесі ретінде табынуы.
Сонымен қатар түрік тектес халықтардың барлығы да ортақ табынған киелі, тотем жануарлары - әсем марал, көк бөрі, бүркіт екендігі бұрыннан белгілі. Көк түріктер мемлекетінің туында көк бөрінің, қият Шыңғысхан құрған монғол мемлекетінің байрағында сұңқардың суретінің болуы кездейсоқ емес.
Анимизм (лат. аnima - рух, жан) - заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин немесе жансыз дүниенің жаны бар деп түсіну және соған табыну. Анимизм терминін ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгізген. Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелі», «қасиетті» жер бедерлері мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мәдениет үшін қоршаған орта киелі таулардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б. тұрады. Ағаштарға киелі деп шүберектер байлап кету және сол ағаштардан қандай да бір жәрдем қорған сұрау анимизмнің белгілері. Анимистік әдет-ғұрыптар дәстүрлік сипатқа ие болған және олардың ешқандай діни сипаты жоқ.
Анимистік діни ұғымдар солтүстіктің аз халықтарында нанайларда, ненецтерде, эвенкілерде, хахастар, буряттарда, т.б. көбірек кездеседі.
Фетишизм – (французша тұмар, қасиетті күші бар зат дегенлі білдіреді) жансыз материалдық заттар тасқа, ағашқа, сүйекке, малдың бас сүйегіне, тіске, тағы басқаларға табыну, оларды қамқоршы көру. Көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, көне мәдениеттерге тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Кейінірек тас мүсінді құдай, пұттар, ескерткіштер жасап соларға табыну.
Тәңірлік діні. Тәңірлік дін туралы тікелей деректер Ғұн заманынан белгілі. Ғұндардың императорын тәңірқұты, қытайша «шанью» деп атады. Ғұн патшасы тәңірқұтыны «Аспан ұлы», «Аспан мен Жерден жаратылған, Күн мен Ай таққа әкелген, ұлы тәңірқұты» деп атайтын. Олар, сондай-ақ әскердің оң және сол қанаттарын басқарды. Олардан төменірек Тәңірқұтының туыстары болып келетін белгілі бір аумақтардың басшылары отырды.
Тәңірқұты таңертең Күнге табынса, кешке Айға бас иетін. Тәңірқұтының мықты орталықтанған мемлекеттік аппараты, то-лып жатқан көмекшілері мен уәзірлері, әскербасылары болды. Тәңірқұтының билігі шексіз болған. Ол әрбір қоғам мүшесін өлім жазасына кесіп жібере алатын. Ғұн патшасын Тәңірдің адамдарға сыйы, құты деп атап, сондықтан оларға Тәңірқұты деген ат берілді. Ғұн мемлкетінде бір Құдайға табынуға негізделген тәңірлік діні пайда болды және қызмет етті.
Көне түріктер «Бір Тәңірі» деп көк аспанға табынған. Тәңір көне түріктердің түсінігі бойынша, жер бетіндегі жанды, жансыз табиғаттың бәрінің үстінен қарайтын, соларды таратушы, соларды жарылқаушы, жазалаушы бір ғарыштық (аспандық) күш. Бұл жағынан алғанда, Тәңір кейінгі мұсылмандық «Алла», «Құдай» ұғымдарына жақын келеді. Ислам діні таралғаннан кейін де түркілердің, оның ішінде қазақтардың Алла ұғымындағы Тәңір сөзін жиі қолдануы олар туралы түсініктердің ұқсастығынан деп түсіну керек. Жалпы, Тәңір діні де Азиядағы ең көне бірқұдайлық дін.
Көне түріктер Тәңірмен қатар Жер, Суға да мінәжат еткен. Бұл олардың тіршілік көзі болуымен байланысты болса керек. Адамның да, малдың да, өсімдіктің де өнуі, өмір сүруі жерге, суға тікелей байланысты. Қазақтың арғы бабалары Күнге, Айғада табынған. Оның сілемдерін қазақтың салт-дәстүр ғұрыптарынан, дүниетанымынан көптеп кездестіруге болады.
Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің негізгі қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды, жансыз дүниенің де рухтары бар. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің тотемизм, фетишизм, анимизм, магия түрлері бар. Адамдардың өздерін белгілі бір хайуанаттан таралдық деп түсініп, соларға мінәжат етуі тотемдіктің көрінісі. Қырғыздардың бір бөлігі өздерін бұғыдан жаралдық деп есептейді. Фетишизм - белгілі бір заттың адам өміріне оң ықпалына сену. Қазақ балаға, оның бесігіне, жүйрік атқа, жасботаға үкі немесе тұмар тағып қояды. Бұлардың бәрі фетишизм сенімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет