Ал (2.34)- теңдеуден (2.35) –теңдеуге Ақайт. -ның мәнін және
qқайт. = TΔS деп қойсақ:
ΔG = - PΔV + Аʹ(қайт.пайд..) + TΔS + PΔV - TΔS
ΔG = Аʹ(қайт.пайд.)
Тұрақты температура мен тұрақты қысымда қайтымды жүретін процесте Гиббс еркін энергиясының өзгерісі PΔV-ге тең ұлғаю жұмысын алып тастағандағы системаның пайдалы жұмысына тең.
Гельмгольц энергиясы (еркін энергия немесе изохорлық потенциал) мынадай термодинамикалық функциялар арқылы анықталады:
Гельмгольц энергиясы (еркін энергия немесе изохорлық потенциал) мынадай термодинамикалық функциялар арқылы анықталады:
F = U – TS ( 2 . 3 8 )
Изохорлық потенциалдың өзгерісі:
ΔF = ΔU - Δ(TS) (2.39)
Температура тұрақты жағдайда және термодинамиканың 1-заңына сәйкес: