Сипаттамалық функциялар, термодинамикалық потенциалдар



бет3/19
Дата29.03.2022
өлшемі1,33 Mb.
#29183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Лекция 4

Термодинамикаға сипаттамалық функциялар термині 1869-жылы енгізілді. Сипаттамалық функциялар деп осы функциялардың және олардың сәйкес айнымалылары бойынша дербес туындыларының көмегімен системаны толық термодинамикалық тұрғыдан сипаттауға болатын функцияларды айтады.

Сипаттамалық функциялардың шексіз аз өзгерісі толық дифференциалдар, және оларға жататындар: U – ішкі энергия; H – энтальпия; G – Гиббс энергиясы;

F –Гельмгольц энергиясы.

Бұл функцияларды термодинамикалық потенциалдар деп те атайды.

Сипаттамалық функциялардың абсолюттік мәнін өлшеу немесе есептеу мүмкін емес, тек олардың өзгерісін анықтауға болады.

Сипаттамалық термодинамикалық функциялар өзара мынадай қатынастармен байланысқан:

H=U+PV

G= H-TS

F = U – TS,

мұндағы P – қысым, V – көлем, S – энтропия.

Гиббс энергиясы (еркін энтальпия, Гиббстің еркін энергиясы) деп атайды. Функцияны Дж.У. Гиббс 1875 ж. енгізген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет