Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» кітабы арқылы мынандай нәтижеге қол жеткізді:
Біріншіден, қоғамның әлеуметтік-мәдени түсінігін, талғамын жетілдіріп, әдеби үдеріс, рухани мұра халық парасатымен, ішкі мүмкіндігімен, сарқылмайтын қазынасымен өзектесетінін нақты мысалдармен дәлелдеді.
Екіншіден, бай дәстүрі бар, шығыс пен батыс құндылықтарын мейлінше игерген қазақ әдебиетіне ғылым нысанасымен қарады, тұңғыш рет әдіснамалық, теориялық қағидаттарды қалыптастырып, ішкі түзілісі мен мазмұндық-пішіндік ерекшелігіне баға берді.
Үшіншіден, өнертанудың, әдебиеттанудың қызметін айқындап, өнер мен әдебиеттің қоғамдағы мақсат-міндетін, орнын дәйектеді. Үшіншіден, өнертанудың, әдебиеттанудың қызметін айқындап, өнер мен әдебиеттің қоғамдағы мақсат-міндетін, орнын дәйектеді.
Төртіншіден, өнер мен әдебиетке қатысты ана тілімізде жаңа да орайлы пән сөздерін тауып, әлемдік аяда қазақ тілінің ғылым тілі ретінде мүмкіндігіне жол ашты.
Қорытындылай келе айтарым, Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі әдеби үдерісті, жеке тұлғалардың шығармашылығын, рухани мұраның әдебиет тарихындағы рөлін түрлі ғылымдар (тіл білімі, философия, психология, әдебиеттану, жаратылыстану т.б.) ықпалдастығымен зерттеуді бастап, таптаурындыққа бармауды аманаттады. Сонымен қатар, салыстырмалы талдау әдісіне иек артып, ұлт тағдырының айнасы саналатын өнері мен әдебиетінің асыл арқауын, негізгі ерекшелігі мен сипатын бағамдаған құнды шығарма саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |