Сөж а. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегіне талдау Орындаған



бет1/2
Дата28.10.2023
өлшемі33 Kb.
#120964
  1   2
Байланысты:
ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ ЕҢБЕГІ



Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Филология институты

СӨЖ
А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегіне талдау

Орындаған: КРО 2-курс студенті
Жолдыбай Гүлназ Алмасқызы
Қабылдаған: А. Юсуп

Алматы - 2023



А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегіне талдау

«Әдебиет танытқыш» – көркем өнер­дің болмысы мен құрылымын, қазақ әде­биетінің ерекшелігі мен сипатын, әдеби үде­рістің мәнін, жанрлар қалыптасуының қоғам тағдыры мен талғамына қатысын, сөздің – өнерге, өнердің – пән ғылымына айналу жолын, сөз жүйесі мен ой жүйесінің мәйегін, өлең мен қара сөздің пішіндік, мазмұндық құрылысын, ауыз әдебиет пен жазу әдебиеттің дара соқпағын, басты жанрлар мен оның ішкі бөліністері қағидаттарын, әдебиет пен дәуір, әдебиет пен сана, әдебиет пен діл, әдебиет пен ой, әдебиет пен мүдде қарым-қатынасы жа­йын жік-жігімен түсіндіріп беретін ұлттық білім, таным, ғылым, әдістеме, әдіснама кешені.
Мұндағы әдебиеттану мен дүние­та­нымға байланысты 350-де аса термин мен атаудың бәрі де ұлт ұғы­мына суарылған, халық түсінігіне жақын­датылған. Ақаң фольклор мен авторлық әдебиетті алаш парасатының, дүниені тануының кілті ретінде қарағанын және соған сай көркем өнер мазмұнындағы рәміз, белгі, тұспал т.б. айқын көргенін аңғарамыз. Әдебиеттану көшбасшысының: «Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға
2) қиялға
3) көңілге. Ақыл ісі – аңдау яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі – меңзеу яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау», деп әдебиеттің мәні мен арқауын нақты жеткізуін де әрі шеберлік, әрі тапқырлық дер едік. Аз сөзге көп мағына сыйдыру осындай-ақ болар.
«Әдебиет танытқыш» – бүгінгі әдебиет­тануға жол ашқан жанрлық жіктеудің яки бөлудің басында тұрған еңбек. Мұнда фольклор («ауыз әдебиет») жанрлары, «діндар дәуір» әдебиеті жанрлары, «сындар дәуір» әдебиеті жанрлары айқындалып, іштей сараланған. Осы жіктеуді – ұлт ғалымына, тіпті Түркі дүниесі әдебиеттануына А.Бай­тұрсынұлы енгізген жаңалық деп ауыз толтырып айта аламыз. А.Байтұрсынұлының әдебиеттануға қа­тысты кітабында мысал алынған мұралар, авторлар (ақын-жазушылар) шығармалары өте көп. «Қобыланды батыр», «Шора батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Едіге», «Қамбар» эпостарынан, «Зарқұм», «Сал-сал», «Сейфүл-Мәлік» қиссаларынан, тарихи «Орақ-Мамай», «Абылай», «Кенесары-Наурызбай», «Ер­назар», «Бекет» жырларынан, «Кен­шімбай мен Ақсұлу», «Жанақ пен бала», «Есентай мен Балық», «Жарылқасын мен Айқын» айтыстарынан, Мөңке би, Шортанбай, Мұрат, Ақмолда, Жүсіпбек қожа, Әбубәкір, молда Мұса, Сүгір, Шернияз, Нысанбай, Мәделі, Байтоқ, Досқожа, Бұдабай, Шоқан Уәлихан, Ыбырай Алтынсары, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхамеджан Сер­әлі­ұлы, Нұржан Наушабайұлы, Сұлтан­махмұт Торайғырұлы, Міржақып Дулат­ұлы, Мағжан Жұмабай, Мұхтар Әуезов, Смағұл Садуақасұлы, Бейімбет Май­лыұлы, Сәкен Сейфуллаұлы, шет жұрттан – Эзоп, Федр, Лафонтен, Крылов, Пуш­кин, Толстой, Ядринцев, Потанин т.б. шығармасынан үзінді, есімдеріне сілтеме үзінді, дәйек беріледі. Осы тізімнен тыс біршама бүркеншік есімдер мен жинақ­тардың құпиясын ашу да – ғылым шарты. Ақаң осы еңбегінде сілтемесін көрсетіп қоятын «Нұсқалыққа» (хрестоматия) десте-десте­сімен енгенін шамалауға болады.
Махатма Гандиден қалған керемет бір сөз бар: «Егер әлемнің, айналамыздың өзгеруін қаласақ, біз сол өзгерістің өзі болуымыз керек!». Алаш тұлғаларында, соның ішінде А.Байтұрсынұлында да ұлтты серпілтуге жұмылған мұндай ой-пікірлер аз емес». Соның бір парасы «Әдебиет таныт­қышта» тұнып тұр. «Халық басына қайғылы күндер туған заманда қайрат көрсетпеген азамат – азамат емес» (1989 жылғы нұсқа, 180-бет). «Жағатын опа сияқты тек көрік үшін ға­на керек нәрсе шындықтың жүзін күнгейлейді» (210-бет), «Балалықтан шыққан адамға қайтадан балалық күйге түсуге мүмкін емес болса, анайылық күйден шыққан халықтарға анайылықтан туған нәрсеге ден қойып, иман келтіру мүмкін емес». «Молдалардан шыққан жазу әдебиет дінге қызмет қылса да, тілге қызмет қылмаған». «Күн сайын істеліп жатқан ұсақ істің ұлы іске ұласарлығы да, ұласпастығы да бар». «Бағындырған патшадан басын босатып алу – жұртқа соғыспен бірдей дәрежелі қиын іс» т.б. Үзінділер автор ой астарының кеңдігі мен тереңдігінен хабар береді. Әрбірінен біздің тарихымыз, бұралаң жолымыз көрінеді. Қазақстан ғылымы Ақаң мұрасынан мұндай мәнді сөздер мен пікірлерді мың-мыңдап тауып, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін құнттап байыптаса, тек ұтады.
Сонымен Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» – әр буын қайта оралып рухани нәр алатын, ұлт өнерін дәстүрлі таныммен, білікке суарылған пара­сатпен байытатын еңбек. Мұны тек әде­биетші ғана емес, әлеуметтік ғылым­дардың барша саласы өкілдері оқып, зерделей алады. Сонымен Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» – әр буын қайта оралып рухани нәр алатын, ұлт өнерін дәстүрлі таныммен, білікке суарылған пара­сатпен байытатын еңбек. Мұны тек әде­биетші ғана емес, әлеуметтік ғылым­дардың барша саласы өкілдері оқып, зерделей алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет