Сөж тқырыбы: 6-12 ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекетер



бет2/4
Дата02.12.2023
өлшемі144,62 Kb.
#132118
1   2   3   4
1. Ежелгі Қытай мәдениеті
Қытайда өте ертеден иероглифтік жазу болғандығы туралы, жазудың бірыңғай жүйесінің құрылуы, алғашқы кітіптардың пайда болуы жөнінде баяндаймын. Б.з.б. І мыңжылдықта Қытайда жібек матаға жазу, б.з.б. ІІ ғасырда қағаз пайда болды. Әдеби шығармалар жазылып, дүниенің жаратылуы әдеби тілмен әңгімелеп айтамын.
Ежелгі Қытайда ақындар көп болды. Соның бірі-Сыма Сянжу деген ақын. Оның өмірі мен тұрмысы туралы әңгімелеп айтып, көрініс ретінде көрсету.
Сыма Сянжу өлеңдерінде өз өмірін көбірек баяндаған. Алғаш ол әрі мемлекеттік қызметкер әрі ақын болып сарайда қызмет етеді. Билеуші қытай болған соң, ол сарайдан кетіп, кедейшілік жағдайға душар болды. Бірақ оның ақындық қабілетін білетін ауданның әкімі өзіне шақырады. Қонаққа барғанда ақынды өзімен бірге ертіп жүреді. Өзі білетін байлармен, атақты адамдармен таныстырады. Бірде ақын жергілігкті бір байдың тойында оның қызын көреді. Ол қыздың сұлулығына тәнті болып, қызығып, көп ән-өлең арнайды. Ақынның сәнді киімі, сарай қызметкерлері сияқты мәдениеттілігі, өзіне арнаған өлеңдері байдың қызына ұнап қалады. Оны естіп ашуланған әкесі қызына көк тиын да бермейтінін, тіпті өлтіретінін айтады. Қыз ақынға күйеуге шығып, ақынның туыстары арасында нашар өмір сүреді. Ақыры ақылды да айлакер қыз қулыққа көшеді. Ол ақын күйеуі екеуі әкесі тұратын ауданға келіп, аттары мен арбасын сатады да , ақшасына шағын асхана ашады. Қыз ошақ басында жүрсе, ақын алдына алжапқыш байлап, құл сияқты ыдыс-аяқ жуады. Қыздың әкесі мұндай масқараға ұялып, көшеге шыға алмай қалады. Ақыры қызының жасауы ретінде жүз құл және көп ақша береді….
Конфуций өмір сүрген кез, тұрмыс-тіршілігі туралы әңгімелей келіп, оның нақыл сөздеріне тоқталамын. Ол өз халқының салт-дәстүрін, өлең-жыр, мақал-мәтелдерін жақсы білетін.
Конфуций өсиеттері бойынша «Нақылдар» деп аталған жинақтан берілген диологтік әңгімені рөлдер бойынша оқып, талдатамын.
Сыма Цянь – Қытай тарихының атасы. Ол әкесінің өсиеті бойынша Қытай елінің тарихын жазды. Ескі жазбалармен, көне кітаптармен жұмыс істеді. Ол кітабын «Тарихи жазбалар» деп атады. Негізінен кітапқа аспан мен жердің арасындағы өзгерістер, көрші елдер мен халықтардың өмірі арқау болды. Ежелгі қазақ елінің тарихын жазғанда, бұл еңбек әлі күнге пайдаланылады. Ол бұл еңбегінде аңыз әңгімелерді, жылнамаларды пайдаланды. Жылнамаларында атақты, білікті адамдардың өмірбаяны, сол кезеңдегі ақындардың, билеушілердің, оқымыстылардың шыққан тегі, басынан өткізген оқиғалары туралы жазды.
Сыма Цянь туралы айтқанда төмендегідей мәліметтерді пайдаланамын. Ол ел аралау сапарының барысында көне патшалықтардың астаналарын аралады. Императордың күзет бөлімінде қызмет ете жүріп, оңтүстік-батысқа жасаған жорықтарына қатысты.
«Тарихи жазбаларда» әр түрлі деректік мәліметтердің негізінде жекелеген адамдар өмірі, елдің шаруашылығы, билеушілердің саясаты, сондай-ақ ғылым мен мәдениет жетістіктері де баяндалады. Бірақ бұл тек адам мен жер атаулары, оқиғаның уақыты ғана көрсетілетін құрғақ жылнама емес еді. Сыма Цянь оқымыстылардың, билеушілердің, ақындардың шығу тегі, кімнен білім алғаны, бастан кешкендері туралы жазды. Кейбіреулердің хаттарынан, әдебишығармаларынан үзінділер келтіріп, өз ойын дәлелдеп, нақтылап отырды. Сыма Цянның бұл еңбегінің маңызы зор. Өйткені ол шынайы тарихты жазудың тәсілі мен жолын көрсеткен алғашқы еңбек еді. Сондықтан да ол Қытай тарихшылары үшін ғана емес, Корея, Въетнам, және Жапон тарихшылары үшін де үлгі кітап болды.Ол кітаптан Қытай т.б. елдер әдебиетшілері де өздеріне қажетті мәліметтер алып, тамаша әдеби шығармаларды дүниеге келтірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет