Сөйлем мүшелері, оның ҚҰрылысы мен түрлері



бет18/20
Дата14.11.2022
өлшемі302,48 Kb.
#50106
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі синтаксисі-2022-3

Мысалы: Дүрілдеген жастық базары біздер үшін енді ашыла бергенде, «соғыс» деген бір сұмдық хабар дүңк ете қалды. Сөйлемнің бірінші компоненті екіншідегі әрекеттің болған мезгілін білдіріп, компоненттер арасында мағыналық жақындық сақталады.

Қанша компоненттен құралғанына қарамастан мағыналық, интонациялық жағынан бір бүтін болып тұру құрмалас сөйлемнің негізгі белгілерінің бірі.

Құрмалас сөйлемдердің негізгі белгілері:

3. Құрмалас құрамына енетін әр компонент тиянақты не тиянақсыз бола отырып, жалпы сөйлемге тән қасиеттерге ие болуы қажет.

4. Құрмалас сөйлем компоненттерінің әрқайсысының өзіндік интонациялық кідірісі болуы керек.

  • Құрмалас сөйлем - екі не одан да көп предикативтік компоненттердің өзара лексика-семантикалық, грамматикалық тәсілдердің көмегімен мағыналық, құрылымдық, интонациялық біртұтастық жасап бірігуі арқылы күрделі ойды білдіруге қызмет ететін коммуникативтік бірлік.

Тілде құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасуының өзіндік жүйесі қалыптасқан.

Тілде құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасуының өзіндік жүйесі қалыптасқан.

Препозиция. Тиянақсыз компонент бұрын, тиянақты компоненттері кейін айтылып, ойды тиянақтап, аяқтап тұрады. Ту сыртымнан үп еткенде самал жел, Елеңдеймін, сен шығар деп күрсінген.

Постпозиция. Поэзиялық шығармаларда, жеке қолданыстарда тиянақты, тиянақсыз компоненеттердің орын тәртібі өзгеріп, алмасып келуі де тіліміздегі қалыптасқан заңдылық болады. «Иә, Құдайлап» отыратын әжеміз, Жалғыз ұлы жел өтінде жүргенде.

Интерпозиция. Сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз компоненттері кейде тиянақты компоненттердің ішінде келуі, бірақ бұл жағдай тілде сирек кездеседі.

Предикативтік сыңарларының қарым-қатынасына қарай құрмалас сөйлемдер салалас және сабақтас болып екіге бөлінеді.

Предикативтік сыңарларының қарым-қатынасына қарай құрмалас сөйлемдер салалас және сабақтас болып екіге бөлінеді.

Салаластық байланыс (паратаксис) – грамматикалық тұрғыдан өзара тең дәрежедегі тілдік тұлғалардың арасындағы байланыс. Құрмалас сөйлемдегі салаластық байланыс предикатив сыңарларының баяндауыш тұлғаларының тиянақтылығымен сипатталады. Мысалы: Жүріп келе жатқан жолдарында шаң жоқ, тұтас, тығыз аласа көк бетеге, жасыл шалғын бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет