Сөйлем мүшелері, оның ҚҰрылысы мен түрлері


-тақырып. Жай сөйлемнің құрылымдық типтері



бет16/20
Дата14.11.2022
өлшемі302,48 Kb.
#50106
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

7-тақырып. Жай сөйлемнің құрылымдық типтері

  • 7.1. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлері.
  • 7.2. Жалаң және жайылма сөйлемдер.
  • 7.3. Жақты және жақсыз сөйлемдер.
  • 7.4. Толымды, толымсыз сөйлемдердің ерекшеліктері.
  • 7.5. Атаулы сөйлем, оның негізгі белгілері.
  • 7.6. Тілдегі мүшеленбейтін сөйлемдер.

Жай сөйлемдерді топтастырғанда олардың грамматикалық формалары мен құрылысы басты назарда болып, мынадай ұстанымдарға негізделеді:

1. Сөйлемдерді логикалық-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай топтау;

2. Сөйлемдерді сөйлеу мақсатына қарай топтау;

3. Сөйлемдерді негізгі құрамының көрінісіне қарай топтау;

4. Сөйлемдерді жақтық мағыналарының болу-болмауына қарай топтау;

5. Сөйлемдерді ақпарат ауқымына, осыған сәйкес құрамдық мөлшеріне қарай топтау.

Сөйлемдер грамматикалық жағынан екі негізді (екі бас мүшелі) және бір негізді (бір бас мүшелі) болады.

Бір негізді жай сөйлемдер бір ғана бас мүше баяндауышпен құрылып, субьекті-жақтық мән басқа бір тұрлаусыз мүше арқылы көрініп, не жақтық мән байқалмайды.

Құрылымында субьекті мәнінің берілуіне сәйкес:

  • Белгілі жақты
  • Белгісіз жақты
  • Жалпылама жақты
  • Жақсыз (жанама)

Хабарлы сөйлемнің грамматикалық белгілері:

1. баяндауыштары, көбіне ашық рай формалы етістіктер (не осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдер)

2. Өзіне тән интонациясы: Бүгін сабақ кеш басталды

Ғалым С.Аманжолов хабарлы сөйлемдерді баяндауыш тұлғасына қарай сегіз түрге жіктейді (қимыл, сын, сан, мекен, мақсат, анықтама, себеп, тақырып хабарлы).

Бұйрықты сөйлем біреуге бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылады. Бұл сөйлемдердің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық рай тұлғасына –шы, -ші жұрнағының үстелуі арқылы жасалады.

Бұндай сөйлемдер сөйлеушінің түрлі көңіл-күйін білдіріп, ерекше әуенмен айтылады.

Сұрау есімдіктері, сұрау мәнді шылаулар арқылы жасалып, жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемдерді сұраулы сөйлем деп атаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет