анықтауыш өзі анықтайтын сөздерімен ұласпалы интонацияда айтылатын болса, айқындауыш мүшелердің өзіне тән екпіні, соған орай жазуда арнайы тыныс белгілері қойылады
4. анықтауыш өзі анықтайтын сөздерімен ұласпалы интонацияда айтылатын болса, айқындауыш мүшелердің өзіне тән екпіні, соған орай жазуда арнайы тыныс белгілері қойылады.
Айқындауыштар құрылысына қарай үшке бөлінеді: қосалқы айқындауыш – зат есімдердің қосымша сипаты, анықтамасы ретінде жұмсалатын сөздер: Жамбыл ақын, Алпамыс батыр.
Қосарлы айқындауыш – айқындайтын сөзіне қосақталып келіп, оның мағынасын нақтылап тұратын сөздер: ақын-жазушы, батыр-ұшқыш. Бұларды жазуда арасына дефис белгісі қойылады.
Оңашаланңан айқындауыш - өзі қатысты сөзінен кейін тұрып, көтеріңкі әуенмен айтылып, айқындайтын сөзінің заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағыналарын саралап, нақтылап тұратын сөздер.
Мысалы: Бір үйден, бір кісінің қасынан, мұншалық көп кітап көргені осы (А.Ә.). Артынан, Абай ұғындырған соң, олар үндемей қалысты (М.Ә).
Оқшау сөздер – сөйлем құрамында орналасқанымен, басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін сөздер мен сөз тіркестері. Сөйлемде басқа сөздерден оқшауланып, өз алдына дербес сөйлем мүшесі қызметін атқармайды.