8.1. Құрмалас сөйлемнің қалыптасу тарихы мен даму жолдары.
8.2. Құрмалас сөйлемнің түрлері.
Семантика-грамматикалық тәсіл. Оған мағыналық тұтастық, есімдік, үстеулер, қайтамалар, ықшамдау, ассоциативті синонимдік байланыстар, ассоциативті антонимдік байланыстар, сөйлем мүшелерінің алмасуы жатады.
Аналитикалық-синтетикалық тәсіл. Оған құрмалас сөйлем компоненттерінің шылаулар, орын тәртібі мен интонация арқылы байланысы жатады.
Грамматикалық (синтетикалық) тәсіл. Бұған құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыш формасы арқылы құрмаласуы жатады.
Құрмалас сөйлемдердің басты ерекшелігі, бір жағынан, әр бөлігі жай сөйлемдік қасиеті бар бірлік бола отырып, екінші жағынан, сол бірліктердің тұтасқан семантикалық-құрылымдық предикативтік бірлігі болып саналады.
Құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ұғымдарды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, құрмалас сөйлем болуын, оның түрлері мен жасалу жолдарын тексереді.
Құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу тәсілі: баяндауыш формасы, шылаулар, интонация мен орын тәртібі.
Құрмалас сөйлемдердің негізгі белгілері:
1. Құрмалас сөйлемнің әрбір компоненті мейлі ол тиянақты, мейлі тиянақсыз болсын, бәрі бір сөйлемдік мағынаға ие болуы, бір ойды қамтуы қажет.
Бұл - өзендер тасып, көлдер арнасынан асып, ағаштар гүл атып, табиғаттың жадыраған да, жайнаған бір шағы еді. Сөйлем төрт компоненттен тұрады, төрт түрлі ой бар. Біріншісінде өзендердің, екіншіде көлдердің, үшіншіде ағаштардың әрекеттері, ал төртінші компонент табиғат көрінісін сөз етеді. Алғашқы үш компонент тиянақсыз, бірақ әрқайсысы бір мезгіл ішіндегі әр түрлі әрекетті, үш түрлі ойды баяндайды.
Құрмалас сөйлемдердің негізгі белгілері:
Құрмалас сөйлемдердің негізгі белгілері:
2. Құрмалас сөйлем компоненттерінің білдіретін мағыналары бір-біріне жақын, белгілі бір дәнекерлер арқылы ұштасып жататын желілес, күрделі ой болады.