Сөйлемнің функциялық топтастырылуы. Жоспар



бет3/4
Дата15.12.2022
өлшемі20,03 Kb.
#57527
1   2   3   4
Сұраулы сөйлем
Басқа біреуден, негізінде, жауап күту мақсатымен ( кейде сөйлеушінің, жазушының өзі жауап беру үшін де) айтылған сөйлемдер сұраулық интонациямен айтылады да, дауыс сөйлемнің соңына қарай күшейе түсіп тынады:

  • Қайдағы жау?

  • Бар жылқыны әкетті ме? – деп жан – жактан жапырлай сұрасты. (М.Әуезов.)

  • Әй, тілің бар ма өзіңнің? Неге бұғасың? .. Неге жөніңді айтпайсың? – деді Қадірбек. ( С.Сейфуллин.)

Сұраулы сөйлемдер интонация арқылы және сұрау есімдіктері, сұраулық шылаулар, кейбір көмекші етістіктер мен қосымшалардың қатысуы арқылы жасалады. Олардың бастылары мыналар:
1. Сұраулы сөйлемдер –ма/-ме, -па/-пе, -ба/- бе сұраулық шылаулар арқылы жасалады:
Жиналыс басталды ма? Баяндамашыға сұрақ бар ма? Анау келе жатқан Жақып па, Әсет пе? - Өзі атпен баратын жер ме, машинамен баратын жер ме? (Ғ.Мүсірепов.)
Сұраулық шылау қысқарып жіктік жалғаулардан бұрын келу арқылы да сұраулы сөйлем жасайды:

  • Сен, немене, тоңып қалғанбысың? – деді офицер.

  • Ой, сенбісің? Сені де сақал басып кетіпті ғой. (Ғ.Мүсірепов.)

Сұраулы сөйлемді бұлай құру сөйлеу тіліне тән. Сондықтан олар диалогтарда жиі ұшырайды.
3. Шығар, болар, қайтеді деген көмекші етістіктер күрделі баяндауыштың құрамына еніп, сұраулы интонациямен айтылғанда, сөйлем сұраулы болады:
Сен осы ауылдың баласы шығарсың? Борашты көріп жүретін шығарсың? Оның өзін тыңдап көрсек қайтеді? (Ғ.Мүсірепов.)
4. Баяндауыштың құрамында - ау, ғой шылаулары мен ә одағайы айтылып та сұраулы сөйлем жасалады:
Сен кіп- кішкене қуыршақтай едің- ау, ә?
5. Ше демеулігі баяндауыштардың құрамына ену арқылы да сұраулы сөйлем жасалады:
- Ал, Жамал ше? Өзің ше?
- Атым Қайырғали, өзіңнің атың ше? (Ғ.Мүсірепов.)
6. Кейде ( көбінесе диалогтарда ) хабарлы сөйлемдерді сұраулық интонация арқылы сұраулы етіп айтуға болады:
Богданов: Сіздер ертеңнен бастап теңізге шығу жұмысына кірісіңіздер.
Мәжен: Ертеңнен бастап?
Богданов: Иә! (Ә.Әішев.)

  • Мүмкін, маған Бәтес қосылар? – деді Нұрбек. (С.Мұқанов.)

  • Ал сосын? (Б.Майлин.)

Ашық мәнді сұраулы сөйлемдердің баяндауыштарына ой екпінін түсіре, сұраққа жауап алу үшін бір сөйлемде сұрақ кейде екі рет айтылады. Ондай екі рет айтылатын сұрақтар көбінесе біріне- бірі қарсы мәнді сөздер болады. Сұраулы сөйлемнің сондай экспрессивті мәнін күшейту үшін бір сұрақ қазбаланып кейде бірнеше рет қойылады:
Ол бүгін келе ме, келмей ме? Әне бір өрге шыққан немене? Тау ешкісі ме, сенің ешкің бе? (Ғ.Сыланов.) Бұған кім кінәлі? Қайыр ма? Дәмеш пе? Ораздың өзі ме? (З.Шашкин.) Не іздейсің, көңілім, не іздейсің? (Абай).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет