Сөйлемнің функциялық топтастырылуы. Жоспар



бет4/4
Дата15.12.2022
өлшемі20,03 Kb.
#57527
1   2   3   4
Бұйрықты сөйлем.
Бұйрықты сөйлем біреуді бір іс етуге қосу мақсатымен айтылады. Ондай мақсатпен айтылатын сөйлемдер жалаң бұйрық ретінде ғана айтылмайды, сонымен қатар кісінің еркін, талабын, кеңесін, тілегін, жалынышын т.б. білдіреді.
Бұйрықты сөйлем, негізінде, ауызекі тілге тән. Көркем әдебиетте ондай сөйлем диалогта жиі ұшырайды.
Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық және қалау райы арқылы жасалады. Олар сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады да, сөйлем түгелімен асқақ әуенмен айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің айтылу әуені олардың қандай мазмұнда жұмсалуына қарай түрліше болады. Егер бұйрықты сөйлем бұйыру, қатал талап мағынасында жұмсалса, ол көтеріңкі екпінмен айтылады; егер кеңес, жалынып, тілек мағыналарында жұмсалса, олар бәсең дауыспен айтылады. Алдыңғы жағдайда баяндауыштар көбінесе сөйлемнің басына қойылады, мысалы:

  • Шеген! Тоқта! Қайрыла кет!(Ғ.Мүсірепов.) Еріңдер соңыма! (Ғ.Мүсірепов.) Тарт қолыңды! (М.Әуезов.) – Тоқташы, балам!- деді Шығанақ өтіп бара жатып. – Тарыңнан титтей берші. (Ғ.Мүсірепов.)

Бұйрықты сөйлем көбінесе толымсыз (бастауышсыз) болады да, оның орнына қаратпа сөз қолданылады. Қаратпа сөздер істі істеуге тиісті кісіні, бұйрықтың кімге, неге арналғанын білдіреді.
Бұйрықты сөйлемдердің тағы бір ерекшелігі мынау: олар көбінесе аз сөзден құралған ықшамды болады да, екпінді әуенмен тақ-тұқ айтылады.
- Қорқытпа! Тоқта, бала, тоқта! (Ғ.Мұстафин.) Тыңда, дала, Жамбылды! (Жамбыл.)
Мақтан қума, керек қу!
Ойсыздарға қосылма! (Абай.)

  • Қане, жігіттер, аттарыңды қамдаңдар!- Әй, бері кел, амантай! Бері келіп кет деймін! (С.Мұқанов.)

Мұндай сөйлемдерде қаратпа сөздің болуы, сөйлемдердің ықшамдалып айтылуы – олардың бұйрықты мәнінің өткір, әсерлі болуымен байланысты. Сондықтан бұйрық, талап, үндеу мәнді сөйлемдерді салмақты етіп айту үшін ол белгілі біреуге арналады да, сол «біреу» қаратпа сөз қызметінде жұмсалады. Қаратпа сөз болмаса, сөйлемнің бұйрықтылық күші солғын болады да, бұйрық, талап, тілек көпке арналады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет