ҚР Заңы «Неке және отбасы туралы» 2006ж. 7-бөлімнен, 29-тараудан, 213 баптан тұрады. Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ, оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: 3-бөлiм. Отбасы. 9-тарау. Баланың құқықтары 52-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы
53-бап. Баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығы
54-бап. Баланың өз пiкiрiн бiлдiру құқығы
55-бап. Баланың ат алуға, әкесiнiң атын және тегiн алуға құқығы
56-бап. Баланың аты мен тегiн өзгерту
58-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
59-бап. Баланың қорғалу құқығы
10-тарау. Ата-аналардың құқықтары мен мiндеттерi 11-тарау. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу
1. Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның iшiнде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрiздi басқа да мекемелердегi кәмелетке толмаған балаларға белгiленедi.
2. Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрушi адам (патронат тәрбиешi) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негiзi болып табылады.
3. Патронат туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.