Совет–Хан Єаббасов


Емізу ретінің қатаңдығы мен босандығы



бет124/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   294
Емізу ретінің қатаңдығы мен босандығы. Жетпіс жыл жетелеумен өмір кешкен дәуірде, тамақтану ретін сақтауды ерекше қатаң талап ететін.
Мәселен, жаңа туған баланың салмағы 3,5 кг. болса, онда е м і з у уақыттарының кестесі: - 6,00 – 10,00 – 14,00 – 18,00 – 20,00 – 2,00 – осы көрсетілген уақыттардан не ерте не кеш емізуге, еш рұқсат етілмеген. Тіпті, бала жылап жатса да уақыт сақтауды бірінші кезекке қойған. Мұндай қатаң режим, баланың да ананың да денсаулықтарына жаман әсер еткен.
Соңғы жылдарда, табиғи реттіліктерге көп мән беруді ананың еркіне қалдырды. Мұның өзі анасы мен нәрестенің тілдесуіне, психологиялық қатынастарды жиі пайдалануға мүмкіншіліктер берді. Тәрбие тәсілдері – еркелету – сөйлесу – емірену – сылап-сипау – ойнау – күлу – тәрізді аса қажетті қатынастарды молырақ жасауға мүмкіндіктер туды. Емізу мен омырау берудің ретін салыстырмалы тәжірибелер жүргізіп, режимді қатаң сақтағанда – тәулігіне 10-нан аса оянса, табиғи реттілікте – 6-7 рет қана оянып омырау алғанын, ғылыми зерттеулердің қортындысы ретінде ұсынған мәліметтер бар. Бұл – б е с і к с і з өскен балалардың әрекеті. Ендеше, табиғилықтан артық ештеме жоқ екен.
Емізу ретін тым өзінше түсіну де зиян. Кейбір жас босанған аналар, өздерінің көп біле- тіндіктеріне сеніп, нәрестелерін қалай болса солай емізуге, тым әуес келетіндері бар. Мұндай әуесқойлықтың арты жақсылыққа апармайды. Көбіне маңдайға тиер көсеудің екінші басы тәрізді, байқаусызда соғар өкініштері болады. Егер бала табиғатынан тыныш та, асқазан-ішек жолдары жақсы жұмыс істейтін болса, нәрестенің қалауынсыз түнде тұрып, анасының емізгеніне де көне береді. Ал анасы тынышсыз балалардың ырқымен кетсе, түн ұйқысы төрт бөлінген соң, біраз күннен кейін аса ауыр шалдығуға ұшырайды. Түн ұйқысы жиі бұзылған ананың омырауының сүті азайып, көңіл-күйлері де қатты өзгереді. Кейде емізудің реті мен тәртібін тым өзінше кеткендігін түсінудің орнына, олар кеңес берушілерді кінәлауға әзір тұрады.
Табиғи еркін режимнің басты мақсаты, біріншіден – нәрестеге пайдалы болуды көздесе, екіншіден – ананың жағдайын жасауды да қарастырады. Біраздан кейін, нәрестенің психологиясын еркін меңгеріп оның не тілейтінін еркін түсіне алатын ана, тіпті емізудің ретін өзінше ұйымдастыруға дейін жетіледі.
Кейбір аналар жалпы реттілік пен тәртіпті елегісі келмейтіні соншама, қалай болса солай емізуге, баласын да қадеттендіріп жібереді. Мұндай аналардың басқа шаруалары ақсап, үй-ішінде көптеген жайсыздықтар туындап жатады. Ендеше қаншама еркін табиғи болса да, емізудің тәртібі мен ретін ыңғайлы етіп сақтағанның артықшылығы мол. Баланы жайсыз әдетке үйретіп алып, қайыра режимге түсіру оңай шаруа емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет